Танымдық үрдістердің зерттеу әдістері


- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады



бет5/5
Дата15.03.2022
өлшемі114,75 Kb.
#28051
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
ааааааааааааааааааааааааааа

  - дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;


Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.

1. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.

Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.

Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.

2. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:

Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.

Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.

Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.

Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.

Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.

Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.

Көмей дауыссызы: һ.


Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре.

Буын

Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым)

Тұйық буын дегеніміз дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. Көбінесе бірінші буында кездеседі ат, ет, от, ант, өрт, арт,

 Бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз)


Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. 

Үндестік заңы

  • Буын үндестігі — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесуін айтамыз
  • Дыбыс үндестігі — сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесуін айтамыз. Дыбыс үндестігінің 3 түрі бар:
  • Ілгерінді ықпал - қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Кездесетін орындары . Тілеуқабыл - Тілеуғабыл, Сарықұм - сарығұм, Көкбай - көкпай

    Кейінді ықпал - қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі. басшы башшы, Есенгелді (Есеңгелді) ақ лақ (ағ лақ), ақ лақ (ағ лақ).

    Тоғыспалы ықпал - қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.1 Досжан (Дошшан), тасжол (ташшол), Есен келді (Есең гелді), Жанқожа (Жаңғожа).


Үндестік заңы - буынның немесе дыбыстың ішіндегі дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың бір ретпен айтылуын

айтамыз
  • Қолданылған әдебиеттер
  • Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9, ЫХ том
  • ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ЫСБН 9965-409-88-9
  • Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ЫСБН 9965-808-78-3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет