Дауыстылардың ерін үндестігіорыс.гармония губных гласных — сөздің бастапкы буынындағы о, ө, у, уерін дауыстыларының әсерімен соңғы буындарындағы езулікы, і, е дауыстыларының еріндікке айналуы. Мысалы: путүн — тутін, өнөр — өнер. Қазақ тілінде бірінші буындағы ерін дауыстының әсері екінші буыннан аспайды, ал үшінші буында тіпті әлсіз, жоқтын касы: бурулыс — бурылыс, көлөңке — көленке. Ерін үндестігі жазуда еленбейді. Орыс тіліндегі әдебиеттерде лабиальный сингармонизм деп аталады.
Дауыссыз дыбыстар
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады