Танова, А. К. Жундибаева


Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби



Pdf көрінісі
бет12/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби – Әбу Насыр әлФарабидің заман
дасы. Қазақ даласындағы ежелгі ғұламалардың бірі, әдебиетші, тіл 
маманы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының жеріндегі көне Фа
раби (Отырар) қаласында туған. Араб елдерінде білімін толықтырған. 
Қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Фес, Каир т.б. ірі қалалардағы 
кітапханаларда сақтаулы. Танымал еңбегі – «Диуан әладаб» («Әдеби 
жинақ»).
Ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде нақыл сөзді 
«ділмар сөз» деп берген. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы «мәнді сөздер» деп 
атады. Мұхтар Әуезов «афоризмдер» деп атап, түйіндеп айтқан нақыл, 
ақыл, терең ойлар деп баға берген. 
Қорқыт атаның нақыл сөздерін бірге оқиық!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


23
* * *
Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас.
* * *
Ат қиналмай, жау шалмас.
* * *
Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. 
* * *
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
* * *
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. 
* * *
Ананың көңілі балада.
* * *
Жақсы ана үшін бала – екі көздің сыңары.
* * *
Ұлың өсіп жетілсе, ол – отбасының мерейі, баскөзі.
* * *
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
* * *
Уа, хан ием, сізді Тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын.
* * *
Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе, 
Ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе.
* * *
Адам өмірі – қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ 
тәрбиелеген ұтады екен. 
* * *
Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


24
* * *
Өлгендер қайтып келмейді, 
Шыққан жан қайтып енбейді. 
* * *
Құстың қонар жерін су білер, 
Малдың барар жерін ну білер. 
* * *
Топырақ тау болмайды. 
* * *
Көк шүйгінін киік білер. 
* * *
Бас аман болса, бөрік табылады. 
* * *
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
* * *
Өтірік сөз өрге баспайды.
* * *
Дәулетті ұл – ошақтың қоры, 
Дәулетсіз ұл – атаның соры. 
* * *
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, 
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. 
* * *
Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың. 
* * *
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда, 
Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер. 
* * *
Көп қорқытады, терең батырады. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


25
* * *
Тәкаппарлықты Тәңірі де сүймес. 
* * *
Қара есектің басына жүген таққанмен – тұлпар болмас. 
Күңге сары пәй шапан жапқанмен – бәйбіше болмас. 
* * *
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. 
Атадан өнеге алмаған ұл жаман. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет