Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет55/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

Қамажай. Иә.
Қабен. Қамажай. Не дейсің, тағы айтшы. Шынымен шығасың ба? 
Қайта айтшы деймін.
Қамажай. Иә, иә. Шығамын.
Қабен. Қашан?
Қамажай. Ертең.
Қабен. Сағат қаншада?
Қамажай. Кешкі сағат жеті мен таңғы сағат төрттің арасында.
Қабен. Сонда... тоғыз сағат бойы бір орында күтіп тұрайын ба?
Қамажай. Егер күткің келсе.
Қабен. Жарайды. Келістім. Таңға шейін күтем. Тек келсең болғаны...
* * *
(Үйде Омар, Нәзила, Гауһар. Қамажай кіріп келгенде, Нәзила орны-
нан ұшып тұрады.)
Нәзила. Жолдастар (Қамажай аңырып тұрып қалады). Біздің әпкейдің 
жеке мәселесін қарауға арналған үй жиналысын ашық деп жариялай
мын. Түрлі себептермен жиналысқа екі адамымыз қатыса алмай отыр. 
Тимур қызбен кездесуге кетті. Ермек, түнгі сағат он бір болғандықтан, 
жиналысқа қатыса алмайтынын мәлімдеп, ұйықтауға кетті. Жиналыс 
ашық дегендеріңіз қол көтеріңіздер (өзі бастап бәрі қол көтереді).
Қамажай. Ойбайау, сендерді... бұларың не? Мен ... сәл... кешігіп 
қалғаным...
Нәзила. Жолдас Оспанова, отырыңыз.
Қамажай. Мыналардың дені сау маей. «Оспановасы» несі? Әпке, не
месе әлгі мамуля демеуші ме едіңдер?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


141
Нәзила. Сіз бұл жайында өзіңізге сөз берілгенде айтасыз. Сонымен, 
іске кіріселік. Осы шаңырақтың белді мүшесі, әрі басшысы Оспанова 
Қамажайдың өзге отбасы мүшелерімен ақылдаспай, өз бетінше жұмысқа 
орналасқаны бәріміздің ашуымызды қоздырғаны белгілі. Бұл мәселе 
жөнінде кімнің қандай ойы бар?
Гауһар. Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнімен құттықтаймын. 
Бірақ бізге айтпағанына өкпелімін.
Омар. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай 
жағынан болса да, пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының 
жемісі. Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойы
лып, еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа пси
хологияның тұсында...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет