Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет67/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

ТАХАУИ АХТАНОВ 
(1923–1994)
Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе 
облысының Шалқар ауданы Шетырғыз ауы
лында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ 
мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға 
түскен. 1941 жылы екінші курста оқып жүргенде 
өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби 
көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан 
газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы 
әскер қатарынан боса ғаннан кейін, әдеби еңбекпен 
айналысады. Ал ғашқы өлеңдері «Жастар дауы
сы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық 
көрді. Осы кезде оның әдеби сын мақалалары 
молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерт
теу еңбегі жарияланды. Алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 
1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Боран» ро
маны үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық 
берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», 
«Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туын
дыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, 
«Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және 
туысқан халықтар сахнасында қойылды.
1-тапсырма. Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығына байланыс
ты шағын зерттеу жүргіз. 
Аңыз – қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар сала
сы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді ме
кен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді.
М.О. Әуезов: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол – 
барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шы-
ғар ған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, 
халық творчествосының ерекше бір саласын құрайды», – деп бірден 
екі жанрдың жігін ашып алады. Қазақ аңыздарын тарихи адамдар ту
ралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет