Тақырыбы: Географиялық номенклатураның маңыздылығын талдау.
Карталар номенклатурасы көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік- сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.
Топографиялы қ карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталарды ң әрбір беті трапеция болып табылады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналас қан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ipi болып саналатын елдi мекендердің аты жазылады. Картаның номенклатурасы негізінен 1: 1 000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.
Топографиялық карталардың шартты белгiлерi шартты белгiлерден, оларды түрлi-түстi безендiруден, түсiндiрме жазулармен цифрлы белгiлерден туратын бiртутас жүйе болып табылады. Шартты белгiлер және олардың түр-түстерi жердiң әр түрлi объектiлерiн және тектік түрлерiн көрнекті көрсетедi. Түсiндiрме жазбалар және цифрлық белгiлеулер шартты белгiлердi кескiнделетiн объектiлердiң жеке ерекшелiктерi туралы мәлiметтермен толықтырады. Шартты белгiлер өзiнiң атқаратын мiндетi және қасиеттерi жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсiндiрме шартты белгiлер болып бөлiнедi. Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгiлеpiн Геодезия және картография басқармасы белгiлейдi және оларды түcipy жұмыстарын жүргiзетiн барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиic. Ic жүзiнде қолдануға қолайлы болу үшiн кестелер түрiнде шығарылады.
Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.
N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады.
1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады.
Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады.
1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады.
1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.