Тапсырма № Тақырыбы



бет9/10
Дата24.03.2023
өлшемі431,17 Kb.
#75912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
семинар Жертану

Субтропиктік белдеуде тропикалық жас және қоңыржайлық қыс байқалады. Ауа температурасы мен жауын-шашын арасында айтарлықтай маусымдық айырмашылық байқалады.
Қоңыржай белдеу екі жарты шарда да таралған. Бірақ Солтүстік жарты шарда кең аумақты алса, Оңтүстік жарты шарда аз аумақты қамтиды. Қоңыржай белдеуде жылдың 4 маусымы анық байқалады, сонымен қатар табиғат жағдайлары да маусым бойынша өзгереді.
Субарктикалық белдеу тундра және орманды тундра белдемдерін (Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігі) қамтиды.
Субантарктикалық белдеуге мұхит айдыны мен Антарктиданың солтүстігіндегі бірнеше арал енеді. Климаты ылғалды, теңіздік.
Полярлық белдеу солтүстік (арктикалық) және оңтүстік полюс (антарктикалық) белдеуден тұрады. Полярлық белдеуде күн сәулесінің түсу бұрышы аз, ал шағылуы жоғары болғандықтан, мұз құрсап жатады.
Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді. Жер бетінде Күн жылуының әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу үдерістері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.
Ендік бағытта температурасы, ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей болатын ірі табиғат кешені табиғат зоналары деп аталады.
Табиғаттағы зоналылық құрлықтағы климат жағдайға, яғни, жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, ылғал мол болатын жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сай келеді. Мысалы, жалпақжапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен, зонаның өсімдік жамылғысын өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет