Тапсырма №2. Топтық тапсырма. С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. Тж 1-топтың тапсырмасы
Тапсырма №2. Топтық тапсырма. С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. Тж 1-топтың тапсырмасы
Тапсырма №2.Топтық тапсырма.
С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. ТЖ
1-топтың тапсырмасы
Мәтіннен үзінді
Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Не болды? Біреу бауыздайын деп жатқандай, не болды сонша ойбайлап?!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым, қарындасым! Сұлутөбеге дейін ала кетші!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қайдан көрсең осы – ылғи сандалбай қазақ! Сыған сияқты қаңғырады да жүреді. Үйлеріңде отырмайсыңдар ма? Билет қайда?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Билет жоқ!.. Билетті енді алайын деп тұр едім, депутатпын деп біреу тап алдымнан қақты да кетті.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Обалың депутатқа болсын! Билет жоқ болса орын да жоқ, бар айда!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым! Жүзің жылы жақсы бала екенсің!.. Мен түрегеп-ақ барам!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Жарайды, қанша бересің!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Бергенде – берем ғой... Өзінің бағасын берем!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Тапқан екенсің ақымақты!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым-ау, оқудағы балама барып... қазіргі кезде бала оқыту деген... Бұрын тек оқуға түсерде ғана беретін едік... Енді ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сұрайды... Біресе соғым сұрайды... Тіпті күріш, консерві сұрайтындары да бар... Бұл институт дегеннің мұғалімдері әбден құтырды.