Қолданылған
көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі
| | |
Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі
| | |
ҚОШҚАРБАЙ. Бұл кісіні жалғыз сіз емес, бүкіл Қазақстан таниды!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, таниды... сонымен менің айтайын дегенім - өмір дегеніңіз, шынымен пойыз сияқты...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Пойыз сияқты болса жетіседі екенбіз... ешқандай билет сатпайды...
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Әсіресе, осы «Қазақстан» пойызы... сондай кісәпір пойыз...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ойбай, ана «Өзбекстан», «Қырғызстан» пойыздары да жетісіп тұрған жоқ! Билет сатпақ түгілі, есігін тарс жауып алып, өмірі ашпайды.
ҚОШҚАРБАЙ. Түһ, шу-шу етпей қоя тұрыңдаршы!.. Адамға сөз айтқызбадыңдар ғой...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Не айтатыны белгілі емес пе...Ішіп қояйық деп тұрған шығар...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, солай, ішіп қояйық... Сол үшін... пойыз үшін! /ішіп қояды/.
ҚОШҚАРБАЙ. Мәке!.. Мәке, өте жақсы!.. Керемет айттыңыз! /әндетіп/.
Жасасын біздің қазақтар!
Асыл ағайлар жасасын!
/рюмкаға тағы да арақ құйып, Билетсіз жолаушыға ұсынады/. Қане-қане, ақсақал тартып жіберіңіз!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым, мен намаз оқитын адаммын. Жалпы, біздің қазақтың түбіне осы арақ жететін болды!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ақсақал, өйтіп пессимизмге салынуға болмайды!.. Мұны бірден емес, бірте-бірте, жайлап қоямыз ғой...
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, солай! /рюмканы Саудагер әйелге ұсынып/. Апай, онда сіз... сіз кішкене!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Жо-жоқ, қарағым!.. Маған болмайды! Ауырам мен!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Дүниежүзінің есі дұрыс ешқандай елінде әйелді арақ іш деп зорламаса керек!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Түһ, өзің бір қақсап қалған қақсауық шал екенсің! Көп емес, бір-ақ рет ішсін деп тұрмыз ғой!
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |