қосымша талаптарын ескере отырып жасайтын болады. Бағдарламаларда мыналар қарастырылады: - мүгедектер еркін қол жеткізе алуы тиіс негізгі теміржол, автобус стансаларының, өзен порттарының, аэропорттардың қайта жабдықталу мерзімі; - мүгедектерді, соның ішінде мүгедектер арбасымен жүретіндерді тасымалдайтын көліктерге арналған асай- мүсейлер; - берілген бағыт графигімен қозғалатын арнаулы маршруттар; - мүгедектердің талабы бойынша тоқтайтын көлік аялдамалары; - мүгедектерге арналған өткелдер; - мүгедектердің автомобильдерін қоюға арналған орындар; - жаяулар өткелдеріндегі.арнаулы бағдаршамдар. Мүгедектерге әлеуметтік көмек Мүгедектер мен мүгедек балалары бар отбасылар халықтың ең кедей тобына айналды. Мүгедектікке төленетін жәрдемақылар көлемі мүгедектердің жай ғана қалыпты өмір сүруіне жетпейтіні өз алдына, оларды күнкөріс үшін жанкешті күреске мәжбүрлейді. Бұндай жағдай әсіресе халықтың балалары бар азаматтық топтары мен мүгедектер отбасыларына тән. Жәрдемақы тек коммуналдық қызмет төлемдері мен тым жұпыны азық-түлікке ғана әрең жетеді. Сондықтан мемлекет мүгедектердің ақшалай әлеуметтік жәрдем (зейнетақылар, жәрдемақылар, бір жолғы төлемақылар) мен автомобильдер, орынтақ-арбалар, протездік- ортопедтік бұйымдар, арнаулы қаріптері, дыбысұлғайтқыш аппаратурасы мен сигнализаторы бар баспа өнімдері қатарлы техникалық құралдармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілуіне, сонымен қатар, мүгедектерді сауықтыру және оларға тұрмыстық қызмет саласында көмек беру арқылы кепілдік береді. Мүгедектікке төленетін жәрдемақы мөлшері сол өңірдегі күнкөріс минимумынан төмен емес деңгейде бекітіледі. Мүгедектік алған кезде асырауында еңбекке жарамсыз
азаматтар мен балалары болған жандарға асыраушылық жүктемесі үшін үстеме ақы белгіленеді. Соғыс мүгедектері және Чернобыль АЭС-сы апаты салдарынан мүгедектікке ұшыраған адамдар заңнамалық тұрғыда бекітілген қосымша өтемақылар мен жеңілдіктерді пайдаланатын болады. Мүгедектерге әлеуметтік көмек республикалық және жергілікті бюджеттің, ұйымдардың қаржысы, қайыр-садақалар, қайырымдылық көмектері, сонымен қатар, халықаралық қорлардың қаржысы және заңнама тыйым салмайтын басқа да қаражаттар есебінен жасалады.Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетумен байланысты шараларды қаржыландыратын жұмыс берушілерге салық салуда Қазақстан Республикасы заңнамасы анықтайтын тәртіп пен шарттар бойынша жеңілдіктер жасалады. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң мына тәрізді басты міндеттерді орындайды: 1) жұмыс істегісі келетін және істей алатын мүгедектердің жұмысының болуы; 2) білім алуы; 3) жұмыс істей алмайтын және істеуге жағдайы жоқтардың лайықты атаулы әлеуметтік көмек алуы; Бұл кезде еңбек нарығы жұмысқа тұруға деген ынтаны арттыру тәрізді мақсаттарға қол жеткізуге лайықты жағдай тудыратын болады; әділеттілік, яғни, жұмыс орындарына қол жеткізу және дайындықта мүгедектерді қоса барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер беру, бірдей жұмыс үшін бірдей еңбекақы төлеу; барлық азаматтардың, соның ішінде мүгедектердің толық, өнімді және ерікті таңдалған жұмыс алуы; мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөле отырып, негізгі еңбек құқықтары мен қорғауларының қамтамасыз етілуі.