Тапсырма 5 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиялары



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата10.11.2022
өлшемі112,29 Kb.
#49226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ағымдық бақылау 5

Еңбекпен айналысуға және жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ 
барлық мүгедектерге бюджеттен қаржыландырылатын 
жалпылама базалық қолдау жүйесіне этаппен көшу арқылы 
жәрдемақы, әлеуметтік қызмет және медициналық қызмет 
көрсету түріндегі лайықты әлеуметтік қамсыздандырылу 
құқығы беріледі. 


Мүгедектерді әлеуметтік қолдау үш құрылымнан тұратын 
болады: мүгедектікке төленетін мемлекеттік жәрдемақы, 
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік 
төлемдері және ерікті сақтандыру жүйесінің сақтандыру 
төлемдері. 
Заң жобасы мүгедектердің тек қана денсаулығының бұзылуынан 
емес, сонымен бірге қоғамдық және саяси өмірге, білім беру 
қызметіне, әлеуметтік-мәдени, спорттық және басқа 
мекемелерге қол жеткізуінің шектеулілігінен тұйықталған өмір 
тіршілігінің мейлінше жеңілдетілуіне бағытталған.Тек ауылдық 
жерлерде ғана емес, тіпті елдің ірі қалаларында да 
мүгедектердің тұрғын үйге, қоғамдық және өндірістік 
ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 
қалыпты түрде қол жеткізуінің іс жүзінде мүлдем мүмкін 
еместігінен шектеулілік одан әрі тереңдей түседі. Сондықтан 
барлық жерде кіре беріс жолдары, пандустар, жаяу жүргіншілер 
жолдары жасалып, арнаулы бағдаршамдар, мүмкіндігі шектеулі 
адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған түрлі құрылғылар 
орнатылады. 


Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заңда мүгедектіктің 
үш түрлі санаты қарастырылады: тәни, кәсіби және жалпы 
мүгедектік, сосын мүгедектік топтары жойылады. 
Тәни мүгедектік ретінде дене мүшелері мен ағза жүйесінің 
қызметінің жоғалуы немесе бұзылуы салдарынан адамның тәни 
немесе психикалық қабілеттерінің кемуі түсінілетін болады. 
Ағза қызметінің бұзылуы мен адамның өмір тіршілігінің 
шектелуінің дәрежесі зақым алған адамның еңбекке 
жарамдылығының сау адамның еңбекке жарамдылығымен 
салыстырылуы негізінде бағаланады. 
Орны толмас анатомиялық зақым алу жағдайларында 
жарақаттың адамды кәсіби еңбекке жарамдылығынан 
айырғанын немесе оның өмір тіршілігін шектегенін бөле-жара 
қарамай, бірден мүгедектік бекітіледі. Яғни, бұл кезде күнкөріс 
үшін қажетті қабілеттің жойылғаны ескеріледі. 


Кәсіби мүгедектік ретінде адамның бұрынғы өз жұмысы арқылы 
немесе тура сол біліктілік пен тура сол білім деңгейіндегі 
адамдар атқаратын, еңбекақы көлемі жөнінен бұрынғы 
жұмысымен шендес, соған ұқсас жұмыс арқылы күн көру 
қабілетінен айрылғаны түсініледі. 
Жалпы мүгедектік ретінде жалпы еңбекке жарамдылық дәрежесі 
түсініледі. Ол еңбекке жарамдылықтың сақталып қалған 
дәрежесі мен мүгедектің өз денсаулығы жағдайына сәйкес 
дәрежеде орындаған жұмысынан ала алатын кіріс деңгейімен, 
түрлі еңбек түрлерімен салыстыру негізінде бағаланады. Жалпы 
мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындауға жалпы еңбекке 
жарамдылықтан айырылу критериі мен кәсіби еңбекке 
жарамдылық критериі негіз болады және екі критерий бір 
мезгілде қолданылуы да мүмкін. 
Мүгедектіктің әр санаты үшін мүгедектікті бағалау 
критерилері белгіленеді. 
Еңбекке жарамсыздықты бағалау кезінде кәсіби факторлар – жас 
мөлшері, білім және кәсіби тәжірибе ескеріледі. Айтылмыш 
факторлар бойынша шектеулер қаншалық көп болса, жұмыс 
істеуге бөгет жасайтын себептер де соншалық көп болады. 
Денсаулықтың әлсіреуі мен бұзылуының салдары неғұрлым егде 
адамдар үшін жастарға қарағанда ауырлау болатындықтан, 
жас мөлшері факторының әжептәуір маңызы болады. Жас 
мөлшері факторы кәсіби сауықтырудың әлеуетті мүмкіндіктерін 
бағалау кезінде ескеріледі 
Еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау критерилері 
қатарында медициналық, кәсіби және басқа да факторлар 
болғандықтан, азаматтардың еңбекке жарамсыздығының 
дәрежесін анықтау комиссиясына тек қана дәрігерлер емес, 
сонымен қатар, заңгерлер, сарапшылар қатысады. 
Егер сырқаттың емі жоқ, сауықтыру мүмкін емес боп шыққан 
жағдайда қайта куәландыру жасалмайды. 
Дене, ақыл-ой зақымы, психикалық және сенсорлық (сезіммен 
байланысты) ақаулардың (бірінші деңгейдегі профилактика) 
немесе ақаудың тұрақты функциональдық кемістікке әлде 
мүгедектікке айналуының алдын алуға (екінші деңгейдегі 


профилактика) бағытталған шаралар заңмен қарастырылады. 
Мүгедектіктің алдын алу түрлі шаралардың, көбінесе алғашқы 
медиктік-санитарлық көмек, босанар алдындағы және 
босанғаннан кейінгі күтім, диотерапияны түсіндіріп тарату, 
жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық вакцина егу, 
эндемикалық аурулармен күресу шараларын, еңбекті қорғау мен 
түрлі жағдайлардағы қайғылы оқиғалардың алдын алу 
бағдарламаларын, кәсіби аурулардың және жұмыс істеу қабілетін 
жоғалтудың алдын алу мақсатында жұмыс орындарын 
бейімдеумен қоса, қоршаған айналаның ластануының немесе 
қарулы қақтығыстардың салдары боп табылатын 
мүгедектіктің алдын алу шараларының жүзеге асуын 
қарастырады. 
Сауықтыру тәни функцияларды, зардаптың немесе функцияның 
жойылуының әлде функциональдық кемістіктің өтемақысын 
қамтамасыз ету немесе оны қалпына келтіру шараларын 
қамтиды.
Сауықтыру үдерісі тек медициналық жәрдем жасау ғана емес, 
сонымен қатар, бастапқы және жалпы сауықтырудан бастап, 
мақсатты әрекетке, мәселен, кәсіби еңбекке қабілеттілікті 
қалпына келтіруге дейінгі ауқымды шараларды қамтиды. 
Медициналық сауықтыру дерттің мүгедектікке әкеп 
соқтыратын асқынуы немесе күшеюі мен бұзылуы басталуының 
алдын алу мақсатымен түрлі ауруларды, зақымдарды, дене және 
ақыл-ой, т.б. кемістіктерді емдеуге бағытталған шаралар 
жүйесін қамтиды.
Медициналық сауықтыру азаматтардың жұмыс орны мен 
тұратын жеріндегі денсаулық сақтау орындары 
ұйымдастыратын медиктік-санитарлық көмек арқылы жүзеге 
асырылады. 
Медиктік-кәсіби сауықтыру кәсіби маңызы бар функциялардың 
құлдырауын немесе жойылуын қалпына келтіруге, кәсіп таңдау 
мен оған бейімдеуге және мүгедектердің бұрынғы немесе жаңа 
кәсібі бойынша еңбек әрекетіне оралу мүмкіндігін тудыру 
мақсатына бағытталады. 
Медиктік-кәсіби сауықтыру сауықтырудың жеке 


бағдарламасында қарастырылған болса, ол мүгедек адам үшін 
міндетті түрде қолданылады. 
Мүгедектерді медициналық, кәсіби және әлеуметтік сауықтыру 
олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен 
мемлекеттік ұйымдардың медиктік-әлеуметтік сараптамасы 
шешімінің негізінде анықталатын сауықтырудың жеке 
бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы сауықтыру 
шараларының нақты ауқымын, түрлері мен өткізілу мерзімін, 
сондай-ақ, әлеуметтік көмек түрлерін анықтайды. 
Сауықтырудың жеке бағдарламасы тиісті мемлекеттік 
ұйымдар, сонымен қатар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар 
меншік және шаруашылық жүргізу түріне қарамастан, міндетті 
түрде орындауы тиіс құжатқа айналады. 
Медиктік-кәсіби сауықтыру органдары республикалық 
денсаулықсақтау органдарының жетекшілігінде болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет