Тапсырма 7 Ұш, Бүркіт,Ұш Әдеби мәтін


Неліктен досы алғаш рет келгенде фермер күліп жіберді



бет3/8
Дата21.10.2023
өлшемі60,57 Kb.
#120288
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
PIRLS

8.Неліктен досы алғаш рет келгенде фермер күліп жіберді?
А) бүркіт ұшатындай тым ауыр болды
В) бүркітті ұстау қиынға түсті
С) бүркіт басқа балапандардан өзгеше болды
Д) бүркіт оның сөзінің дұрыстығын дәлелдеді

9. Неліктен фермердің досы бүркітті ұшыру үшін биік тауларға апарды? 2 себебін көрсетіңіз.
1._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10. Таң сәріде аспанның сұлулығы қандай болғанын сипаттайтын сөздерді табыңыз және көшіріп жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________

11.Неліктен әңгімедегі атып келе жатқан күн соншалықты маңызды?
А) ол бүркіттің ұшу түйсігін оятты
В) ол аспанда патшалық ететін еді
С) ол бүркіттің қанаттарын жылытты
Д) ол сәулесімен таудағы жолдарға жарық түсірді


12.Фермердің досының іс-әрекетінен қандай адам екенін байқадыңыз.
Досына сипаттама беріп, қандай іс-қимылдарынан сондай болып көрінгеніне мысал келтіріңіз
____________________________________________________________________________________________________________________________________
8 Тапсырма
Дұшпанға арналған бәліш
Әдеби мәтін


Менің ең жақсы досым Арман тұратын оң жақтағы көршілес бөлмеге Бекзат келмей тұрғанда, жаз мезгілі тамаша болып көрінетін.
Маған Бекзат ұнамайтын. Ол сауық кешін өткізген кезде, мені шақырған да жоқ. Бірақ Арманды шақырыпты.
Бекзатты кездестіргенше, менің ешқашан дұшпаным болған емес. Әкем
маған дәл менің жасымда оның да дұшпаны болғандығын айтты. Бірақ әкем олардан құтылу амалын білетін.
Әкем аспаздыққа үйрететін кітапшадан тозығы жеткен бір жапырақ қағаз алып шықты.
«Дұшпанға арналған бәліш», - деп, ризалықпен айтты ол.
Мүмкін сіз, бәліш құрамына не кіретінін білген соң таң қаларсыз.
Рецепттің құпиялығы соншалықты, әкем маған ештеңе де айтпады. Мен одан ең болмағанда бір нәрсе айтуын өтіндім.
«Менің саған айтарым, Асқар, Дұшпанға арналған бұл бәліш дұшпаннан құтылудың ең оңай тәсілі», - деді әкем.
Мен бұған ойланып қалдым. Мен бұл Бәлішке қандай жағымсыз
нәрселер салмақпын? Мен әкеме құрттар мен жұмыр тастар әкеліп бердім, бірақ ол барлығын қайтарып берді.
Мен далаға шығып кеттім. Далада ойнап жүргенде, әкемнің ас үйде бірдеңе істеп жүргенін естідім. Енді бұл мен үшін ең тамаша жаз мезгілі болатындай көрінді.
Мен Дұшпанға арналған бәліштен қаншалықты жаман иістің мүңкіп тұратынын елестетіп көрдім. Бірақ дәл осы кезде, шынымен тамаша иісті сездім. Меніңше, бұл иіс ас үйден мүңкіп тұрған сияқты. Мен қатты таңданып қалдым.
Мен әкемнен не болғанын сұрайын деп үйге кірдім. Дұшпанға арналған бәліштен мұндай тамаша иіс шығуы мүмкін емес. Бірақ әкем тапқыр екен: «Егер одан жаман иіс мүңкіп тұрса, сенің дұшпаның оны ешқашан жемейді»,- деді. Ол дәл осындай бәлішті бұрын да жасаған еді.
Пісетін уақыт келгендіктен, нан пісіретін пеш белгі берді. Әкем бәлішті алу үшін қолғапты киді.
Бәліш дәмді болып кӛрінді. Мен түсіне бастадым.
Алайда, айламыздың іске жарайтынына сенімді болмадым. Оны жеген дұшпаныма не болады?
Бәлкім, одан дұшпанның шаштары түсіп қалар немесе демі жағымсыз болар. Мен әкемнен сұрап едім, ештеңе айтпады.
Бәліш суығанша, әкем не істеу керектігін айтты.
Ол: «Бұл айламыз іске асу үшін, бір күніңді дұшпаныңмен өткізуің
керек. Ең жаманы, сен онымен сыпайы болуың керек. Бұл оңай емес. Бірақ бұл, дұшпанға арналған бәлішті қолданатын жалғыз тәсіл. Мұны істегің келетініне сенімдісің бе?», - деп сыбырлады.
Әрине, мен сенімді болған едім.
Бар істейтінім, бір күнімді Бекзатпен өткізуім керек, содан соң ол менің өмірімнен ғайып болады. Мен велосипедпен оның үйіне келіп, есікті қақтым.
Бекзат есікті ашқан кезде, таңданғандай болды.
«Далаға шығып ойнайсың ба?», - деп сұрадым мен.
Ол сасқалақтап қалған сияқты болды. «Мен барып анамнан сұранып келейін», - деді Бекзат. Қолына бәтеңкесін ұстап қайтып келді.
Біз біраз велосипед теуіп, тамақтандық. Түскі астан кейін менің үйіме бардық.
Мүмкін ақылға қонбайтын шығар, бірақ маған дұшпаныммен бірге көңілді болды. Мен мұны әкеме айта алмадым, себебі ол бәлішті пісіру үшін соншалықты тырысқан еді. Әкем бізді түскі асқа шақырғанға дейін ойнадық.
Әкем менің сүйікті тағамымды дайындапты. Бекзатта оны жақсы көреді екен. Бәлкім, Бекзат соншалықты жаман емес те шығар. Мүмкін дұшпанға арналған бәліш туралы ұмытқан дұрыс шығар, деп ойлай бастадым.
«Әке, жаңа досқа ие болған сондай жақсы», - дедім мен. Мен Бекзатпен дос болып кеткенімді айтқым келді. Бірақ әкем тек жымиып, басын изеді. Меніңше, ол мені өтірік айтып тұр деп ойлап қалған сияқты.
Бірақ түскі астан кейін әкем бәлішті алып шықты. Ол 3 тәрелке қойып, біреуін маған, біреуін Бекзатқа берді.
Бекзат бәлішті көргенде: «Алақай!», - деп айқайлап жіберді.
Мен толқып кеттім. Бекзаттың дұшпанға арналған бәлішті жегенін қалаған жоқ едім.
Ол менің досым! «Жеме! Бәліш дәмді емес», - деп айқайлап жібердім.
Бекзат шанышқысын аузына апара жатып тоқтап қалды. Ол жымиды. Менің бойым жеңілдегендей болды. Мен оның өмірін сақтап қалдым.
«Егер ол сондай нашар болса, онда неліктен сенің әкең оның жартысын жеп қойды?», - деп сұрады Бекзат. Әкем дұшпанға арналған бәлішті ештеңе болмағандай сенімді жеп отырды.
«Жақсы нәрсе екен», - деп әкем күбірледі. Мен олардың бәліш жегенін бақылап отырдым. Ешқайсысының шашының бір талшығы да түскен жоқ. Бәліш мені бұрынғыдай қорқытпаған еді, сондықтан кішкентай үзігін алдым. Ол өте дәмді болып көрінді.
Тәтті тағамнан кейін Бекзат мені келесі күні үйіне шақырды. Дұшпанға арналған бәліш жайлы айтатын болсақ, мен оны қалай дайындау керектігін әлі де білмеймін. Шынымен, дұшпандар осы бәлішті жек көре ме, олардың шаштары түсіп, демі жағымсыз бола ма, ол жағы маған жұмбақ болып қалды. Мен, бұл сұраққа әйтеуір бір күні жауап бере аламын ба, жауап бере алмаймын ба, білмеймін, себебі мен жаңа ғана ең жақсы дұшпанымды жоғалтып алдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет