Сұрақтар мен тапсырмалар: Сұрақтар.
1. Қай жылы Қазақстанның Гимні қабылданды?(2006жылы)
2. 5000 жылдай бұрын не пайда болды?(Алғашқы жазу)
3. Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсіндің?
Тапсырма.
1. Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?
А) 1992
Ә) 2006
Б) 2007
2. «Әнұран» терминінің өзі нені білдіреді?
А) Салтанатты өлең
Ә) Әскери өлең
Б) Бірінші өлең
3. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.
А) Дұрыс емес
Ә) Дұрыс
4. Елтаңбаның негізі...
А) Бес бұрышты жұлдыз
Ә) Тұлпар
Б) Шаңырақ
5. Елтаңбаның авторлары?
А) Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков
Ә) Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов
Б) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
Талқыла Алтын адам туралы не білесіңдер? Алтын адамның киімі мен қаруын неліктен аң мен құстың бейнелерімен безендірді деп ойлайсың?
Есіңе сақта! 1. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек.
2. Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.
3. Мемлекеттік Тудың айналасында 32 күн сәулесі бар.
Бұл қызық! 1. Қазақстанның териториясына бес Франция, үш Түркия, немесе жеті Жапония сиып кетер еді.
2. Жылқылар ең алғаш қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.
3. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.
Біліп ал! 1. «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» – мұра деген мағынаны білдіреді. Бұл біздің «таңба» сөзімен мәндес.
2. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.
3. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін белгілері.
Өздік жұмыс Есік обасынан табылған Алтын адамның киімі қандай әшекейлерден тұрады?
Жұптық жұмыс “Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбында бір шумақ өлең құрастыр.
Топтық жұмыс “Алтын адам”туралы әңгімелесу.(Қайдан табылды,кім тапты,қай жылы,қай тайпаға жатады, т.б)