Тапсырма: «Ұжым» сөзіне суреттер, тірек-сызбаларды қолдана отырып постер құру. Тапсырма



бет6/8
Дата31.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#21302
1   2   3   4   5   6   7   8
«Танысу» ойыны

Мақсаты: топта жүмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді стилін және кері байланыс алу тәсілдерін меңгеру;

- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты хоббиін, сүйікті ісін (неге қызығатынын, қабілеті неге икемді екендігін және т.б. айтуға болады) айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді. Талқылау:

Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталды?

Несімен жақсы сақталды деп ойлайсың?

Қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты?

Не үшін қиын болды деп ойлайсың?

Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет