2. Ерте темір дәуірінің хронологиясы мен археологиялық ескерткіштері Тапсырма: презентация әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен. Ал, ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ. Осы кезеңге енетін Орталық Қазақстанның ескерткіштері Тасмола археологиялық мәдениетіне жататын мұртты қорғандар болып табылады. Ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің зерттелу мәселелері, қорымдардан, қорғандардан алынған антропологиялық мәліметтерді жүйелеп, зерттеушілер тарапынан жасалынған пайымдаулар мен қорытындыларды саралау. Есік, Берел, Шілікті обаларынан табылған археологиялық жәдігерлер, «Есік», «Шілікті» обаларынан табылған «Алтын адам» презентацияда көрініс табуы керек және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
Әдебиеттер: 1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с.
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3.Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.А.,1995.
4.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.
5.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
6.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Казак университет,2022. – 570 б.
7.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
8.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017–508 с.
9.Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
3.Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттары Тапсырма: жоба әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Ежелгі заманнан бастау алып, жаңа заманға дейін өмір сүрген Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолы адамзат тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Бұл жол ондаған ғасырлар бойы өзі қамтыған елдер мен халықтардың экономикасының, мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарды. Қос құрылықты жалғастырған бұл жол біздің заманымыздан бұрынғы II-Iғасырлардан бастап Азия мен Еуропаның арасын жалғастырушы көпір, яғни Шығыс пен Батысты байланыстырушы желі болды. «Ұлы» сөзінің халықаралық сауда жолына телінуі Еуразия өлкелерін байланыстыруынан келіп шыққан. «Жібек жолы» (Ұлы «Жібек жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шынжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттарын анықтаңыз және оның маңызын айқындаңыз. Жоба мынадай элементтерді қамтуы тиіс: титул парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, қосымшадан тұрады.