Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Нанотехнологиялардың қолданыс аясын сипаттап жазыңыз.
a) нанотехнология техникада:__________________________________________________
[1]
b) нанотехнология медицинада: ________________________________________________
[1]
2. а) физикалық шамаларды сипатталарымен сәйкестендіріңіз.
[2]
1
|
Жұлдыздың жарқырауы
|
A
|
жерден 10 пк қашықтықтағы жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы
|
2
|
Абсолют жұлдыздық шама
|
B
|
аспан шырақтарының жасайтын жарықтарының өлшемі
|
3
|
Жұлдыздық шама
|
C
|
бірлік уақыт ішінде жұлдыз бетінен шығарылатын энергия
|
4
|
Көрінерлік жұлдыздық шама
|
D
|
ұғымын алғаш рет б.з.б. II ғасырда Гиппарх енгізген
|
b) абсолют жұлдыздық шама мен көрінетін жұлдыздық шаманың айырмашылығын жазыңыз; . [2]
3. Көрінерлік жұлдыздық шамасы m=2 болатын жұлдыз 250 пк қашықтықта орналасқан. Осы жұлдыздың абсолютті жұлдызды шамасын анықтаңыз.
[2]
4.Күннің абсолют шамасы M=+4,8m . Оның көрінерлік жұлдыздық шамасын
табыңдар. Күнге дейінгі қашықтықты 150 млн км деп есептеңдер.
[2]
5. Күн сәулесінің спектрін анықтау барысында оның энергетикалық жарқырауының спектрлік максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы 500 нм. (=5.67*10-8 Вт/м2K 4 , b=2.9*103 м*К) Күнді абсолют қара дене деп есептеп, Абсолют температурасын анықтаңыз.
[2]
6. Жоғарыда берілген (4) тапсырманың мәліметтерін қолдана отырып, абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауын анықтаңыз.
[2]
7. Суретте Герцшпрунг-Рассел диаграммасы бейнеленген.
а) төменде көрсетілген бес тұжырымнан дұрысын(тарын) анықтап дөңгелектеп белгілеңіз:
[1]
1) Ақ ергежейлердің массасы Күннің массасынан едәуір асып түседі;
2) Алыптардың жарықтығы Күннің жарықтығынан он мың есе көп;
3) Антарес жұлдызы негізгі тізбектегі Жұлдыздарға жатады, өйткені оның радиусы күн радиусынан 900 есе көп;
4) Күн O спектрлік класына жатады;
5) негізгі тізбекте жұлдыздардың шамамен 90% -ы орналасқан;
b) (а) тапсырмасында берілген бес тұжырымның қателерін анықтап, неліктен қате екендігін түсіндіріп жазыңыз.
[3]
8. Бақылаушыдан алыстап бара жатқан галактиканың сәулелену спектріндегі қызыл
ығысу 0,003.
a) галактиканың біздің Галактикамыздан алыстау жылдамдығын анықтаңыз;
[2]
b) оған дейінгі қашықтықты анықтаңыз;
[2]
9. a) Үлкен жарылыстың жалпылама теориясы бойынша Әлемнің эволюциясын
төрт негізгі кезеңдерін жазыңыз:
[1]
1)___________________________
2)___________________________
3)___________________________
4)___________________________
b) Әлемнің заманауи модельдерінің авторларын атаңыз;
[1]
с) бұл модельдердің мәні неде?
[1]
10. Оқушы мыстың тығыздығын анықтау барысында төмендегідей мәліметтерді алған:
масса m=500±0.1 g
ұзындығы l=100.0±0.1 cm
ені w=20.0±0.1 cm
қалыңдығы t=0.30±0.01 mm
Төмендегі формуланы қолдана отырып
ρ= 𝑚/𝑤𝑙𝑡
а) алюминий тығыздығын анықтаңыз;
[1]
b) өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз;
[2]
c) өлшеудің абсолют қателігін анықтаңыз;
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |