ОЖСӨЖ № 5-тақырып: Мәтіннің тақырыбы. Мәтіндегі тірек сөздер .
Тапсырма: Мәтіндегі тірек сөздерді, абзацта берілген мәлімет мәліметтерді анықта.
Тірек сөздер: Шоқан, Потанин, кітап, корпус, білімді .
Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады.
Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық.
Ол қаладағы өнерлі, білімді адамдармен көп араласып тұрды.
Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын.
Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда жоғары еді.
№ 6-тақырып:Мәтіннің негізгі ойы туралы жалпы сипат. Негізгі ойды түсіндіру тәсілдері. Тапсырма: Мәтіндегі басты тірек сөздерді тауып,мәтінге сәйкес ақпаратты жазыңыз
Банк , операциялар, делдалдық қызмет, ақша айналысы, банктік жүйе.
Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.
Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады.