Мәтінді 2 рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Көгөніс
Көгөніс жылдың қай мезгілінде болса да, дүкендерде тұрады. Себебі олар денсаулыққа өте пайдалы. Біз күн сайын таңертең, түскі, кешкі аста көгөніс жейміз. Әсіресе менің інім қиярды өте жақсы көреді. Көгөніс түрлері: сәбіз, орамжапырақ, бұрыш, саңырауқұлақ, қызанақ, қияр және т.б. Көгөніс адам ағзасына өте пайдалы. Көгөністі көп пайдаланатын адамның денсаулығы жақсы болады, ұзақ өмір сүреді. Көгөністің калориясы аз. Олар дәруменге бай. Жеңіл қорытылады. Көгөніс – дастарқанның сәні. Көгөністі жуып, тазалап жеу керек. Тазаланбаған көгөніс денсаулыққа зиян.
№
Сұрақ
Жауап
1
Көгөністің адам денсаулығына пайдасы бар ма?
2
Көгөніс неге бай?
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Бүгін мектепте «Фасфудтар» деген тақырыпта сынып сағаты өтті. Сынып сағатына оқушылар, гастроэнтеролог-дәрігерлер қатысты. Дәрігерлер мектеп оқушыларына тез дайындалатын тағам туралы айтты. Гамбургер, хот-дог, майға қуырылған картоп, газдалған сусындардың зиян екенін ескертті. Олар: «Дайындаушылар фастфуд тағамдарының сапасына қарамайды. Сондықтан фастфуд тағамдары тез бұзылып, көп ауруға себеп болады. Балалар фастфуд тағамдарын жақсы көреді. Ол денсаулыққа зиян. Сендер дұрыс тамақтана біліңдер»,- деді. Қазір 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда қаназдық ауруы көп кездеседі. Ал асқазан ауруы бірінші орында тұр. Фастфуд тағамдары артық салмақ косады