Тапсырма: Университеттің бес оқытушысының тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы олар оқытатын ғылыми пәннің рөлі туралы пікірін көрсететін баяндама дайындаңыз
Сайлаубай Алихан
ГДМ-22-1
Тапсырма: Университеттің бес оқытушысының тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы олар оқытатын ғылыми пәннің рөлі туралы пікірін көрсететін баяндама дайындаңыз.
1. Философия басты мақсаттарының бірі өмір мәселесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда философия адам үшін, бүкіл қоғам үшін өте маңызды болып табылады деп ойлаймын. Меніңше, қоғам әлі күнге дейін оның адам өміріндегі маңызын жете түсінбеген. Күнделікті өмірде адамға философиялық ой, философиялық сөзді тұжырамдап айтатын болсақ ештеңке естімегендей кейіп танытады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Қазіргі заманда адамдар күнделікті өмірдің қарбалас ісіне басымен кіргендігі соншалық, тіпті көшедегі кез-келген адамнан не үшін өмір сүріп жүрсің, өмірлік мақсатын не деген сұрақ қойсан, жауап таба алмай қалады. Ал философия болса адам жанының айнасы, оның сөздігі емес пе?! Тура жолға тұру үшін, өмірдің мәнін білу үшін ең алдымен өзіндік менді түсіну керек деп ойлаймын. Ал оны тікелей философия қарастырады.
2. Педагогика ұғымдары арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
3. Психология әрбір адамның өмірінде алатын орны зор. Шыны керек, қазіргі таңда тікелей адам психологиясына байланысты проблемалар қоғамда көп. Адамдардың бір-бірімен арақатынасы, қандай да бір жағдайлардың орын алуы мен шешілуі, адамзаттың дамуы, және ең бастысы- адамның ішкі тартыстары, сезімдері, ойлары. Біз өзіміз байқамайыз, бірақ біздің әр ойымыз, шешіміміз, күнделікті әдеттеріміздің бәрі-психология. Мысалы, әлемде қанша түрлі адам болса, сонша мінез, сонша көзұарас бар. Сырттай бірдей адам болғанымен,бір нәрсені біреу былай көрсе, екіншісі басқаша көреді. Дәл солай адамдар өмірді де әрқалай қабылдайды. Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршаған нәрселердің бәрі менің санама әсер ететіні сөзсіз. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, адамдармен қалай қарым-қатынас құруға және жақындарыммен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді , ең бастысы өзімді- өзім түсінуге көмектеседі. Адам тек өзін-өзі жақсы түсінгенде ғана, өмірді және басқа адамдарды түсіне алады.
Ең алдымен мамандық таңдау барысында адам көптеген факторларды қарастыру керек. Біздің кәсіпте, яғни, қызмет көрсету және қонақжайлылық саласында, психологиялық білім өте керек. Себебі, адамдармен тікелей жұмыс жасағаннан кейін, тығыз байланыста болғаннан кейін, сапалы қызмет көрсету үшін басқа жандарды түсіне білуіміз керек.