Тапсырмалар: 1 Тапсырма Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері



бет12/12
Дата07.01.2022
өлшемі35,9 Kb.
#18445
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тапсырмалар 1 Тапсырма Педагогикалы жымда ы бас арушылы ары

Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды. Либеральдық стиль — мұндай жұмыс стилінде басшы ерек¬ше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездей соқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселен көпшілік ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілік ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмip мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.).


Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді.

 Тапсырма8.Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторларды анықтау/тірек сызба жасаңыз/



Шартты түрдегі  шектеулер - адамдар расында "конвенция"  болған жағдайда  пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып  өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып,  тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала  қалыңдығын қамқорына алу керек,  қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай,  алдамау керек. т.б.

Жағдайлық шектеулермен - біз  толыққанды қарым-қатынас  қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз.  Қарым-қатынасқа тұлғалардың  серіктес ретінде қатысуы  жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда  жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда  осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.

Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас  атмосферасының құрылуында анықталады.  Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе,  онда олар қарым-қатынастағы  бақытты минуттарды бұзбау үшін  олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады.  Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен  жауласқан болса,  онда олар конфликтіні  шектеуге тырысып,  қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда  әркім өзінің серіктесіне  қуаныш сыйлауы өте сирек болады.

Н.И. Шевандрин  біздің эмоциямызға негізделген  келесі кедергілерді  көрсетіп берді:

 Жек көру және жиренгіштік кедергісі  - күнделікті өмірде  жиі кездеседі.  Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы  серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады.  Ал мұның алдын алу үшін  гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.

       Уайым мен қайғырудан  пайда болатын  қарым-қатынастағы кедергімен  кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық  оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан,  артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.



Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы  қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын  кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда  өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі  болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.

Ұят пен кінә кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген  қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады.  Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты  үзетін кездері аз емес.  Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын  адамдар да бар.  Соңғылары өзінде  психологиялық қорған құрып алған.  Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы  мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары  кінәні сезіну  адамдар арасындағы  психологиялық қарым-қатынасты бұзады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет