Жоламан Олжас ГИ-33
Тапсырмалар: Белгілі бір оқиғаға немесе кезеңге байланысты
тарихи деректерді пайдалана отырып, тарих пен идеологияның
ара қатынастары және өзара ықпалын анықтау
Тарих өткенді тану үдерісі ретінде өзінің құрамына өткен өмір туралы ақпаратты іріктеу мен оны сақтауды біріктіретін әлеуметтік еске сақтаудың бір түрі болып табылады. Тарихи жады және ұмыту. Жады, еске сақтау адамзат қауымдастығын жануарлар әлемінен ерекшелендіретін қасиет болып табылады: осы қасиеті арқылы адамдар өз өткеніне салиқалы қатынас жасайды, өзін-өзі таниды, өз бағытын айқындайды. Еске сақтау қабілетінен айрылған адам өзін-өзі түсінуден қалады, басқа адамдар арасынан өз орнын табу мүмкіншілігінен айрылады. Еске сақтау абстарктілеуден өзгеше: бұл адамзаттың өз басынан өткен өмір, оның өмірлік тәжірибесі. Тұтас адамзаттың өмірлік тәжірибесі – яғни, тұтас қоғамның тарихи тәжірибесі. Тарихи жадының қалыптасуы үшін үш фактордың болуы шарт: өткенді ұмыту; белгілі бір фактілер мен оқиғаларды түсіндірудің әртүрлі әдістерінің болуы; бүгінгі заманда өзекті болып отырған мәселелердің үдерісін өткен заманнан іздеп тауып, ашу.
Тарихи жады және ұмыту. Өткеннің белгілі-бір аспектілерін ұмытудың 3 түрлі себептері. Тарихи ұмыту тарихи жадының қажетті құрамдас бөлігі ретінде.
Тарихи жады және өткенді түсіндіру. Тарихи фактінің өзі және оның мағынасын түсіндіру. Тарихи құбылыс түсінігінің мағынасы. Түсіндірудің көпмодальдылығы: тарихи құбылыстың өзінің мағынасы; тарихи құбылысқа өткен уақыт факторын ескере отырып, болашақ ұрпақтардың беретін мағынасы; тарихи құбылысқа дербес идеологиялық және саяси мақсаттарын көздей отырып, өткен өмірдің беделін пайдалана отырып жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың беретін мағынасы. Тарихи мағынаға баға беру қажеттілігі мен оны жүзеге асыру. Тарихи оқиғаға баға берудің көпмодальдылығы.
Тарих ғылымының саяси функциялары және әлеуметтік статусы. Тарих ғылымының әлеуметтану ғылымымен ұқсастығы мен ерекшеліктері. Тарихи тәжірибе және бүгінгі заман. Тарих ғылымындағы өзектілік және көкейтестілік. Тарих және қоғамдық сана. Тарих ғылымы және тарихи сана. Тарихи сананың құрылымы. Гуманизмді тарихи құбылыс ретінде түсіну жаңа тарихи ой-пікірдің пайда болуы кейінгі ортағасыр дәуіріне сәйкес келеді. Бұл кезеңде Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде феодалдық қарым-қатынастың шапшаң ыдырауы үдерісі жүріп жатқан болатын. Осының негізінде капиталистік өндіріс тәсілі пайда бола бастады. Бұл абсолюттік монархия түрінде тұтас елдің көлемінде орталықтандырылған мемлкеттің қалыптасуы, яғни, өтпелі кезең болатын. Буржуазиялық ұлттардың қалыптасуының алғышарттары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың өте күрделі шиеленісуі болып өтті. Қала халқының жоғарғы тобының негізінде пайда болған буржуазия ол кезде жаңа тап болатын. Олар ескі тап – феодалдармен ой-пікірлік күреске түсіп, бірқатар жаңа көзқарастарды қалыптастырды. Яғни, жаңа тап буржуазияның идеологиясы әлемді теологиялық тұрғыдан түсіндіру бағытына қарсы шыққан зайырлы жаңа дүниетаным болып табылды. Буржуазия табы қоғам мен табиғатта болып жатқан құбылыстарды жалаң діни сенім емес, ақыл-ой тұрғысыснан түсіндіруге ұмтылды, бұл бағыт рационализм деп аталды. Гуманизм адам тұлғасына бас иді, оны табиғаттың ең жоғарғы туындысы деп есептеді, шығармашыл адамды гуманистер құдайға қарсы қойды. Гуманистік дүниетанымға дербесшіл бағыт тән болды. Сондай-ақ, гуманистік танымның сипатты белгісі антикалық мәдениетке үлкен қызығушылық таныту болды. Гуманистер антикалық жазушылардың, ғалымдардың, философтардың, суретшілердің, орта ғасырда ұмыт болған классикалық латын тілінің барлығына қызығушылық таныту нәтижесінде оларды қайта жаңғыртуға, қайта жасауға ұмтылды.
Гуманистердің рационализмі негізінде олардың дүние туралы түсінігін қалыптастырған иделизм бағыты болды. Гуманизм негізінде Батыс Европада ғылыми білімдердің еркін түрде дамуы жүзеге асты.
ХІХ ғ. басынан бастап, гуманизм бағытының кең тарауы нәтижесінде тарихи ой-пікір дамуына, тарихты оқып-зерттеу әдістеріне, тарихи еңбектердің әдеби стиліне өте көп жаңалықтар енгізген гуманистік тарихнама қалыптаса бастайды. Батыс Европаның әртүрлі елдерінде ұлттық даму ерекшелігіне байланысты сипаты әртүрлі болып келген гуманистік тарихнама кең тарады. Алайда, олардың ортақ белгілері де өте көп болды.
Тарихқа діни емес, зайырлы сипат беру.
Тарихты адам қызметінің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, оқиғалардың ұтымды себебін іздеді. Көптеген жағдайларда олар оқиғалардың қарапайым себеп-салдарлық байланысынан асып шыға алған жоқ. Бұл бағыттағы бірқатар тарихшылар ХҮІ ғ. өзінде тарихи үдерістің жалпы заңдылықтарын іздестіре бастады. Көптеген жағдайларда олар оқиғалардың қарапайым себеп-салдарлық байланысынан асып шыға алған жоқ. Бұл бағыттағы бірқатар тарихшылар ХҮІ ғ.өзінде тарихи үдерістің жалпы заңдылықтарын іздестіре бастады. Тарихнамадағы провиденциализмді ығыстырып шығарған гуманистер ортағасырлық ғажайыптарды толық жоққа шығарды. ХҮғ. тарихшылардың жұмыстарының ортағасырлық жылнамалардан өзгешелігі. Тарихи критиканың туылуы. Жаңа тарихи кезеңнің құрылуы. Антикалық тарихшы еңбектерінің жариалануы, латын тіліне аударылуы. ХҮғ. Тарихшы-гуманистердің тарихи ғылымды кеңейту мен классикалық археологияны құрудағы ролі. Гуманистер деректерді тарихи сынаудың негізін жасаушылар болып табылады. Олардың арасынан алғашқы археологтар пайда болды, өйткені гуманистер материалдық мәдениет пен жазудың жаңа деректері мен ескерткіштерін іздестіріп, жарыққа шығару жұмысымен айналысатын. Риторикалық саяси және эрудиттік мектептер. Биографиялық жанрлар. Гуманизм элементтері. Материалды зайырлы түрде мазмұндау. Құжаттардың датасын қою. Петрарка, Боккаччо, Лорецио Валла, Макиавелли және Гвиччардинидің еңбектері. Гуманистер тарихнамада тарихты жаңа дәуірге бөлу ілімін жасады. Яғни, тарихты Ассиро-Вавилон, Мид-Парсы, Грек-Македон, Рим монархиясы бойынша кезеңдерге бөлуді тоқтатып, жаңа үш кезең – «көне дәуір», «орта ғасыр», «жаңа тарих» кезеңдерін жасады. Қайта өрлеу тарих философиясындағы «өркениеттілік» түсінігі. Триада негізіндегі әлемдік тарихты кезеңге бөлу тұжырымының даярлануы: «антикалық-орта ғасыр-Қайта өрлеу». Тарихи процесстердің теологиялық тұжырымдарына сын. Гуманизм дәуірінде тарихи шығармалардың тілі де бірқатар өзгерістерге ұшырады. ХҮІ ғ. ұлттық сананың өсуіне байланысты Батыс Европада латын тілімен қоа оқушылардың үлкен бөлігіне түсінікті ұлттық тілдер – яғни, итальян, француз, ағылшын, неміс тілдері пайдалына бастады. Гуманистік тарихнама тарихи білімдердің ең алғашқы формасы болып табылады. Сондықтан ол ортағасырлық әлсіздікті толық жоя алған жоқ. Гуманистік тарихнаманың Отаны – Италия. Ол ХҮ ғ. бастап дами бастады, өйткені бұл елде капитализмнің элементтері мен ертебуржуазиялық дүниетанымның алғашқы формалары қалыптаса бастаған болатын. Кейінірек, ХҮІ ғ. бұл жаңалықтар Батыс Европаның басқа елдерінде де пайда бола бастады. Қайта өрлеу тарих философиясындағы «өркениеттілік» түсінігі. Италиандық гуманистік тарихнаманың ірі мектептері Ф.Биондоның «эрудиттік сыни мектебі», Н.Макиавеллидің және Ф.Гвиччаридинидің «жаңа саяси мектебі»). Италиядағы гуманистік тарихнаманың өкілдері тек тарихшы ғана болып қойған жоқ, олар әдетте филологиямен және философиямен қосақабат айналысты. Флоренцияда жаңа гуманистік тарихнаманың пайда болуы. Флоренцияда осы бағыттың алғашқысы болып ХҮ ғ. «Саяси-риторикалық мектеп» пайда болды. Оның пайда болуына республикалық Флоренция мен герцогтық Миланның арасындағы өткір жанжал және патриоттық доғарғы көңіл-күй себеп болды. «Саяси-риторикалық мектеп» әрбір адам өз мүддесімен ұштастыратын, және оған қызмет ететін, оны сәтсіздіктер кезінде, табысты кезінде де көтермелейтін азамат болуы тиіс дейтін азаматтық гуманизм идеяларымен тығыз байланысты болды.
Бұл мектептің негізін қалаушы флоренция гуманисі Леонардо Бруни. Оның негізгі тарихи шығармасы 12 томдық «Флоренция тарихы». Өз еңбегінде Бруни көнеримдік республиканың азат мұрагері деп есептеді. Тарихшы ретінде Бруни лортағасырлық дәстүрлерден біржола бастартты. Ол жаңа тарихи кезеңнің басы етіп Батыс Рим империясының күйреу кезін алды, ал ортағасырды ерекше дәуір ретінде қарастырды. Ол өзінің құдайға қатынасы туралы ешқандай пікір білдірген жоқ.
ХҮ-ХҮІІғғ. тарих ғылымы.реформация мен контрреформация кезеңіндегі тарихнама. Ағылшын буржуазиялық ревалюция кезеңіндегі оқытулар. Эрудит мектебінің дамуы. Томас Гоббс, Гуго Гроций, Джон Мильтон, Генри Болингброк, Вико.
Техникалық тарихи зерттеулердегі табыстар. Юридикалық деректерді жариялау. Ежелгі дүниедегі заттай деректерге көңіл аудару. Ежелгі жазба жинақтарды шығару. Қосымша тарихи пәндерді – нумизматика, дипломатика, тарихи география, хронологияны қалыптастыру және дамыту. Қоғам мен табиғат өзара қатынас идеясын әрі қарай дамыту. (Жан Боден, Хуан Уарте). Аудармалы тарихи шығармаларды тарату.
ХҮІІ ғасыр адамзат тарихын философиялық тұрғыда қарастыру табиғи құқық және қоғамдық шарт туралы іліммен байланысты болды. Оның ең көрнекті өкілі голланд юристі Г. Гроцкий (1583-1645) және ағылшын философы Т. Гоббс болды.
Гоббс Фукидидтің «Тарихын» ағылшын тіліне аударды. Г. Гроций Тацит еңбектерін аударып басты. Өзі де бірнеше еңбектің авторы болды. Гроцийдің маңызды еңбегі 1625 жылы басылып шыққан «Соғыс және бейбітшілік құқығы». Ал, Гоббстың маңызды еңбегі 1651 жылы жарық көрген «Левиафан» еңбегі.
Макиавелли және басқа да гуманистердің ізінше Гоббс пен Гроцкий мемлекетке адам көзімен қарап, оның шынайы заңдылығын ашты.
Гроцкий адамды қоғамдық жан иесі деп есептеді. Өзі тәріздес жан иелерімен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы оның маңызды қасиеті.Алғашқы адамдарда жеке меншік болған жоқ. Мемлекет Гроций бойынша «Ақиқат пен жалпыға бірдей пайданы сақтау үшін біріккен еркін адамдардың одағы»
Гоббс адамды эгоист, бір адам барлық адамға бірдей соғыс жағдайында болады деп есептеді. Сондықтан оларды бірқалыпты бейбітшілік жағдайында ұстап тұру үшін мемлекет керек.
Гроцийдің көзқарастарында Нидерландыда жеңіске жеткен буржуазиялық революцияны жақтау орын алды. Гроций, егер жоғарғы билік басындағылар дұрыс басқармаса, оларға қарсы шығу дұрыс деп есептеді.
Гоббс болса, табиғи жағдайдағы адамдардың құқығы шексіз,ал құқығын адамдар мемлекетке берген жағдайда мемлекеттің де құқығы шексіз болмақ. Гоббстың «Левиафан» еңбегінде мемлекеттік заң жер бетіндегі жалғыз құқық деп жарияланған.Ал мемлекет болса адамның бақытты өмір сүруін қамтамасыз етуі керек.Оның төрт шарты бар:
Сыртқы жаудан қорғау;
Мемлекет ішінде бейбітшілік сақтау;
Халықтың әл-ауқаты мен байлығын көтеру;
Әр азаматқа басқа азаматтың бостандығына нұқсан келмейтін дәрежеде бостандықты иемдену құқығын беру;
Табиғи құқық пен мемлекеттің шексіз құқығы ғана емес, сондай-ақ оның ақыл-ойға сүйеніп, қоластындағы халықтың игілігі үшін қам жеу мемлекеттің бұлжымас міндеті болып табылады.
Гоббстың әлеуметтік – саяси көзқарасы ағылшын буржуазиясы мен жаңа дворяндардың мүддесіне сәйкес келді.
Гроций соғыс жіне халықаралық қатынас туралы да алдыңғы қатарлы пікір айтты.
Гроций халықарлық құқықтың негізінде жалпыадамзаттық қасиетті алып, халықаралық құқықты толық және рет-ретімен айтып берді.Жекелеген адамдар тәрізді тұтас қалықтар да өз мүддесі мен пайдасы үшін әрекет етеді.Алайда бұл әрекет басқа халыққа зиян тигізбеуі керек.Басқа халықтың құқығына қол сұққан халықтың болашақтағы өзінің тыныштығын мәңгі бұзады, себебі оған үнемі жауап ретінде қарсы шабуыл қаупі төніп тұрады.
Гроций соғыстың қажеттілігін жоққа шығарған жоқ.Бірақ ол біріншіден, соғысты гуманды түрде жүргізу керек, ал екіншіден, соғысты әділетті және әділетсіз деп бөлу керек деп есептеді. Әділетті соғысқа ол қорғану, өз мүлкін қайтарып алу, құқығына қол сұғуды жазалауды жатқызды.
Сондай-ақ, Гроцкийдің ықпалымен халықаралық қатынас мәселесі,халықаралық құқық және дипломатиялық шарттар тарихнамада құрметті орынға ие болды.
Гроцкий мен Гоббс құдайды жоққа шығармайды. Алайда адамды оның қоршаған ортасын жасап берген құдай, онан әрі өз тарихын жасауды адамның өзіне тапсырған.
Франция католик священнигі Ж.Босное (1627-1704) «Әлем тарихы туралы ой», Протестант шіркеуінің адасу тарихы», «Қасиетті жазудың шынайы сөзінен алынған саясат» деген еңбектер жазды. Бұл еңбектердің тілі мен жазу стилі тамаша болғандықтан, ол өз заманында танымал болған.
Гроцкий және Гоббс тәріздес Босное мемлекеттік ерікті шартжасасудың нәтижесінде пайда болды деп есептейді. Алайда, адамның қоғамдық табиғатын мойындай отырып,Босное көп құбылысты құдайдың жасағаны дептүсіндіреді.Өзінің осы қарама-қарсылығын шешпек болған Босное тарихи оқиғалардың себебін алғашқы және екінші деп бөлді........
Неміс ғалымдары C.Пуфендорф (1632-1694) және Хр.Вольф (1679-1754) Боснео тәріздес Гоббс пен Гроцийдің ойының ерекшелігі мен жаңашылдығы жағынан кем түсіп жатты. Олар эклек тизмге бой ұрып жаңа ғылыми идеяларды ескі теологиялық теориямен ымыраластырмақ болды. С.Пуфендорф құлдықтың өзін құдайдың жазғаны деп түсіндірмекші болды.
Тарихи ой тарихында ХҮІІІ ғ. І ширегінде ерекше орын алған итальян оқымыстысы Джамбаттисто Вико (1688-1744) болды. Оның 1725 жылы шыққан «Ұлттық бірыңғай табиғаты туралы жаңа ғылымның негізін салу» еңбегінде шындығында да жаңа әрі дарынды пікір көп болды.
Ерте модернизация кезеңіндегі еуропалық қоғамның рухани дамуы: Қайта өрлеуден Реформацияға. Қайта өрлеу мәдениеті натурфилософия дәстүрлеріне қайта оралу. Антропоорталық әлем келбеті. Италиан гуманистерінің тарихи деректер тұрғысындағы тұжырымдары. Франциядағы Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси тарихнаманың ерекшеліктері. Франциядағы (Ж.Боден), Англиядағы (Ф.Бекон), Германиядағы (С.Франк) Қайта өрлеу. ХҮІІ ғасырдағы ғылыми ревалюцияның тарихи танымға әсері. Университеттік жүйенің дамуы. ХҮІІ ғасырдағы эрудиттік дәстүр. Ерте буржуазиялық ревалюциялар кезеңіндегі мемлекеттің қалыптасуы мәселесінің даярлығы голландтық және ағылшындық қоғамдық пікірде. (Г.Гроций, Б.Спиноза, Д.Мильтон, Т.Гоббс, Д.Гаррингтон): тарихи процесстердің талдауындағы теологиялық тәсілдің қайта жандануы.