Сұрақтар I.1.1.
1. Компьютерлік өңдеу процесінде деректер қандай түрлендірулерден өтеді?
Компьютерлік өңдеу процесінде деректер негізгі үш кезеңнен өтеді:
деректердің бастапқы формасы яғни адамзатты қоршаған барлық ақпараттарды, құбылыстарды, процесстерді бақылау, зерделеу, өлшеу, оқу, баяндау, өңдеу нәтижесінде пайда болатын деректер - мәтін, кесте, сызба, диаграмма, график, математикалық формула, нұсқаулар мен анықтамалар, ережелер түрінде болуы;
ЭЕМ-де бастапқы деректерді енгізуге, өңдеуге және шығаруға арналған деректерді сипаттаудың арнайы тілдерінде ұсыну (бағдарламалау тілдерінде, математикалық сызбалар, модельдеу, семантикалық бейнелеу);
өңделген деректердің ақпарат тасымалдаушы (магнитті таспа, магнитті диск, қатқыл диск, флеш карта, оптикалық диск және т.б.) құралдарда екілік немесе басқа кодтар түрінде болуы болатын деректер базасы.
2. Құрылымдық деректер дегеніміз не?
Деректердің жай ғана фактілерді, құбылыстарды сипаттап ғана қоймай олардың арасындағы әрекетті, тәуелділік пен қатынастарды көрсетуі құрылымдық деректер болады.
3. Программалық жүйелер туралы білім берудің негізгі тәсілдері қандай?
Программалық жүйелерді біліммен қамтудың екі негізгі тәсілі бар.
I. Білімді компьютерлік тілдің көмегімен программалық код жазу арқылы беру. Бұл тәсілдің кемшілігі белгілі бір мәселені ғана шешу арқылы нақты жауап алу, толық білімді өңдеудің мүмкін болмауы, компьютер көмегімен өңделген білімді толықтыру мен өңдеудің қиын болуы;
II. Екінші әдіс білімді деректер базасының тұжырымдамасына негіздей отырып және білімді жеке санатқа енгізу. Бұл әдіс білімдер базасын (ББ) құруға мүмкіндік береді. ББ жеңіл түрде толықтыруға, өзгертуге өңдеуге болады. Интеллектуалды ақпараттық жүйелері ББ жұмыс жасайды.
4. Білімнің деректерден айырмашылығы? Білімнің анықтамасын беріңіз.
Білім - деректердің күрделі категориясы, деректердің құрылымдалған түрі.
Білім – құбылыстардың, іс-әрекеттердің, ақпараттардың эмпирикалық сараптан өткен құрылымдалған деректер тобы. Білім әртүрлі мәселелерді шешуге болатын тәжірибеден өткен деректердің жиыны.
5. Білім жіктелетін негізгі белгілерді сипаттаңыз (білімнің табиғаты, білім алу тәсілі, білімді ұсыну түрі).
Білімнің сан алуан түрлері бар. Білімнің философиялық жағын ескермегенде оның табиғаты бойынша үлкен екі топқа жіктеуге болады. Олар декларативті және процедуралық білімдер.
Декларативті білім фактілер мен құбылыстарды сипаттайды, олардың бар жоғын, тәуелділігі мен заңдылығын айқындайды.
Білім алу әдісіне қарай фактілер және эвристика болып жіктеледі. Фактілер нақты, дәлелденген, белгілі сала бойынша ақпарат болса, эвристикалық білім зерттеушінің ұзақ уақытта жинақталған тәжірибе негізінде тұжырымдаған жеке білімі.
Білімді ұсыну моделін дұрыс таңдау аса маңызды. Білімді ұсыну моделін түсіну қиын болса сәйкесінше білімді өңдеу және оны алу да қиындықтар туындауды. Жинақталған білімнің кез-келген түрін модель түрінде ЭЕМ-ге ұсыну мүмкін емес. Білімді ұсынудың тиімді моделі білім базалары (ББ). Интеллектуалды ақпараттық жүйелерге білімді ББ арқылы ұсыну моделі казірге кезде кеңінен таралған. Бұл форматты қолдану ИАЖ мен сарапшылар ББ базасымен жылдам әрекет етуге, өзгерістер мен өңдеулер жасауына мүмкіндік береді.
6. процедуралық білім дегеніміз не?
Білімнің екінші түрі процедуралық білім. Процедуралық білім декларативті білімнің мақсатқа жетуге бағытталған фактілер мен құбылыстарды басқару үшін қолданылатын әрекеттерді білдіреді.
7. Білімді ұсынудың классикалық модельдеріне не жатады?
Білімді ұсынудың классикалық модельдеріне формалды логикалық, продукциондық, фреймдік, семантикалық желілер жатады.
Формалды логикалық модель - математикалық логика арқылы, продукционды білімдер - негізінде, фреймдік - бір құбылыстың, объектіні, іс-әрекетті, жағдайды қысқаша түрде бейнелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |