Адамзат жер бетінде пайда болғаннан бері деректермен жұмыс жасайды. Саналы адам Homo sapiens терімшіліктен бастап аңшылық, егін-егу, отырықшы өмірге бейімделуі және ру тайпаларға бірігіп азық жинап аңға шығуы олардың деректерді жүйелеп, білімге айналдыруының нәтижесі.
Білімді жинау, қабылдау, өңдеу, тарату арқылы адамзат дами түседі. Аңдарда бұл көрініс инстинктивті түрде болса, адамдар саналы түрде біліммен жұмыс жасайды. Казіргі таңда оразан зор жинақталған деректер мен білімдерді цифрландырып, ЭЕМ-нің көмегімен өңдеуі тарихта төңкеріс жасады. 100 жыл бұрын жазушы фантасттардың кітаптарында кездесетін қиял-ғажайып құбылыстар, құралдар казір күнделікті өмірімізден орын алды. Адамдардың жер бетін ғана игеріп қоймай ғарышқа сапар шегіп, өзге ғаламшарларды зерттеуі білімнің арқасында. Бүгінгі таңда жер шарының экологиялық балансын бұзбай, нақты дәлелденген деректермен жұмыс істей отырып, пайдалы білімді өңдеп, келер ұрпаққа қалдыру адамзаттың ең басты миссиясы десек артық болмайды.
Тапсырмалар I.1.1.
Ұсынылған тізімнен декларативті және процедуралық білімді таңдаңыз: