Ғылыми жетекші: Найманова Динара Мухамедияновна – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының магистрі.
Жинақ- «6В013- Бастауыш білім беру» мамандығының білім алушыларына және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Әдістемелік құралға Дүниетану 3-сынып оқушыларына арналған тапсырма жинағы берілген.
Тапсырма №1 Тақырып: Жер бетінде климат неге тәуелді?
Мақсаты: Оқушылардың бейнелі есте сақтау қабілетін дамыта отырып, метапәндік негіздерін дамыту
Мазмұны: суретке назар аудара отырып, жер бетінің климаттық белдеулерінің атауларын жазыңыз. Және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Тапсырма №2 Тақырып: Жер бетіндегі климат неге тәуелді?
Мақсаты: оқушылардың өз бетімен ізденіс дағдыларын дамыту
Мазмұны: суреттегі жануарларға мұқият назар аударып, олардың қандай климаттық белдеуде мекендейтін кестеде толтырыңыз
Тапсырма №3 Т ақырып: Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық және жазу дағдыларын дамыту
Мазмұны: Қазақстандағы немесе кез келген мемлекеттегі табиғи апаттар туралы мәліметтер негізінде жаңалық дайында
Тапсырма №4. Тақырып: Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту
Мазмұны: Тақырып бойынша Жадынама құрастырыңыз. Төмендегі сұрақтарды негізге алуға болады:
Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай ережелерді сақтау керек?
Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай Заңнамалар қабылданған?
Басқаларға қоршаған ортаның және өзіңнің қауіпсіздігіңді сақтау мақсатында қандай кеңестер бересің?