3 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Сабақтың мазмұнды кезеңдеріне сиптамма беріңіздер:
Қазіргі кезде белсенді сабақ ұйымдастыруда Дэвид А. Колб (David Kolb) ұсынған келесі схема
кеңінен қолданыс табуда:
1. Уәж туындату, оқушыларды сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау –
сабақ уақытының 10 % үлесі
2. Өткен тақырыпты бекіту (қайталау) – сабақ уақытының 20 % үлесі
3. Жаңа материалды игеру - сабақ уақытының 50 % үлесі
4. Бағалау – сабақтың 10 % үлесі
5. Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) - сабақтың 10 % үлесі.
Сабақтың ерекшелігіне байланысты кезеңдерге бөлінген уақытты мұғалім өз шеберлігіне
байланысты өзгертуі мүмкін.
Уәж туындату – ...................
Өткен тақырыпты бекіту –..................................
Жаңа материалды игеру –....................
Бағалау – ...........................................
Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия)– ......................................
Тапсырма 2. Өз мамандығыңыз бойынша бір сабақтың жоспарын
құрастырып көріңіз.
Сабақ жоспарын құрастыруға қойылатын ТАЛАПТАР:
Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі.
Сабақ жоспарын дайындау – табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең.
Алдымен дайындық жұмыстары жасалады:
-
оқу бағдарламасындағы, тізбектелген сабақтар топтамасындағы осы сабақтың орнын
белгілеу;
-
оқу мақсаттарына байланыста сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтау;
-
тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделеу;
-
өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы
бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтау.
Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, әдістемелік жобасын құру. Сабақты
жоспарлау үрдісі келесі қадамдардан тұрады:
-
Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу
мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау);
-
Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға
қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);
-
Оқу материалының мазмұнын саралау;
-
Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау;
-
Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау;
-
Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау;
-
Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау;
-
Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу;
Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т.б.
Аталмыш тапсырманы орындауда қойылған талаптарды қатаң
ескеру талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |