Екінші кезең – 2021 - 2025 жж. Кезеңнің мақсаты - негізгі жобаларды іске асыруды аяқтау мен орта мерзімді мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ бірінші кезеңде қалыптастырылған критерийлер бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасын бағалау.
Үшінші кезең – 2026 - 2030 жж. Кезеңнің мақсаты - ұзақ мерзімді мақсатты индикаторларға қол жеткізу және «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау болып табылады.
Басқару үдерістерін оңтайландыру үшін «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 3 негізгі бағытқа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсатқа ие:
1. «Отаным – тағдырым».Жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты, рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру.
2. «Өлкетану». Оқушыларға өздерінің туған жерін зерттеуге, жергілікті тарих жобаларын іске асыруда білім мен дағдыға ие болуына және кішігірім Отанын дамытуға белсенді қатынас жасауына қызығушылық тудыру.
3. «Саналы азамат».Даму перспективалары мен еңбек нарығы мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, оқушыларды бағдарлы қолдау, қызмет аясын таңдау еркіндігі, өзін-өзі кәсіби анықтауға бағытталған.
Базалық бағыттар 19 жобадан тұрады: «Отаным – тағдырым» базалық бағытының жобалары:
1.«Ұстаз-өзгірістер елшісі»- мұғалімдердің санасын модернизациялау оларды қолдау және кәсіптік дамыту бойынша шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
2. «Оқушылардың азаматтық сана-сезімі деңгейін зерттеу» - оқушылардың азаматшылықты, патриотизмді және ұлттық бірегейлікті түсінуін әдіснамалық және социологиялық зерттеу (тек ҚР деңгейінде).
3. Жасөспірімдер қозғалысы мен қоғамдық бірлестіктердің дамуы - «Рухани жаңғыру» құндылықтарына негізделген балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамытудың ұзақ мерзімді (кемінде 6 жастан, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қатысуы) бағдарламасы болып табылады.
4.