Тапсырмалар: Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін негіздеңіз



бет5/5
Дата25.03.2023
өлшемі29,5 Kb.
#76064
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
«Сөз – тілдің қөркі» - оқушыларды классиктер мен қазіргі заманғы ақындар мен ойшылдардың (республикалық Абай және аймақтық Абай, Мұқағали, Ильясов, Махамбет, Иассауи оқулары, тіл фестивалі, конкурстар, пікірталастар, айтыстар, пікірсайыстар және т.б.) өнер туындыларымен таныстыру арқылы ұлттық бірегейлікті дамыту.
5. «Өрле, Қазақстан!» - балалар мен жастардың мәдениет деңгейін көтеру, ұлттық рухты көтеру және республиканың білім беру ұйымдарының беделін арттыру (балалар мен жасөспірімдер музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің парадына қатысу).
6. «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» - «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде!» атты фестивальге қатысу және балалардың бастамаларын қолдау арқылы оқушылардың шығармашылық танылуы мен көшбасшылығын, бәсекеге қабілеттілігін, ұлттық бірегейлігін дамыту.

5. Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс — әрекеті саналы, бағытталған іс — әрекетке айналады.


Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.
Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым.
Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерін кең көлемде баяндалған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет