Тапсырмалар: Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін негіздеңіз



бет3/5
Дата25.03.2023
өлшемі29,5 Kb.
#76064
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Тәрбие үрдісі - өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі.  
«Тәрбие жұмысы» ұғымы, көптүрлілігі және жүйелілігі. Қазіргі мектептегі тәрбие жұымысының жүйесі.Тәрбие жұымысының мақсаты, міндеттері және заңдылықтары. Тәрбие жұымысының бағыттары: рухани – адамгершілік, еңбек, құқықтық, дене, денсаулық сақтау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, азаматтық және толеранттылық. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады. Ондай көзқарастың дәстурлі түрлерінің бipінe эволюциялық-биологиялық теорияны (Ш.Летурно, Дж.Симпсон, А.Эспинас) және психологиялық теорияны (П.Монро) жатқызуға болады.Эволюциялық-биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың тәрбиелік ic-әрекетін жоғары сатыдағы жануарлардың тұқым қалдыру туралы инстинктивті қамқорлығымен байланыстырады. 

4. «Тәрбие және білім»кіші бағдарламасынжүзеге асыру үш кезеңде өтеді деп жоспарлануда.


Бірінші кезең– 2017 - 2020 жж.
Кезеңнің міндететрі:
- орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаттары мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу мен бекітуді қоса алғанда, мақсатты белгілеу үдерістері, мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу үшін критериалдық аппараттар мен құралдарды құру (индикаторлар, зерттеу және өлшеу әдістері және т.б.);
- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық, оқушылар, ата-ана қоғамдастығын, халықты, бизнес өкілдерін және мемлекеттік мекемелерді, соның ішінде ҮЕҰ мен жастар ұйымдарын тарту
- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын тиімді басқару үшін ақпараттық технологиялар IT-платформасын енгізу және әлеуметтік жобалар мен іс-шараларды іске асыруға азаматтық қоғамның белсенді қатысуы үшін жағдай жасау;
- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын ақпараттық қолдау үшін ішкі және сыртқы коммуникацияларды дамыту және бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен бірге әлеуметтік желілер арқылы тиімді «кері байланыс» қамтамасыз ету;
- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының басым міндеттерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру, жоспарлау, іске асыру, мониторингтеу және түзету;
- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының іс-шаралары мен жобаларын қызметі нәтижелерін бақылау және мониторингтеу, тиімді жобалық инфрақұрылымды құру; - Үздіксіз білім беру жүйесін және жобалық персоналды оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының жобаларын басқару процестерін стандарттау;
- қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет