Тапсырмалардвы орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі: Бөлім бойынша модельдеу тапсырмаларын орындауда, есептеулер, мен термин сөздермен жұмыс, оқушылар берілген тапсырманы дұрыс жазбауы
БЖБ нәтижелерін талдау білім алушылардың мынадай білім деңгейін көрсетті: а) жоғары (В) 85-100 Амирбек Інжу орта (С)40/84 Абдиназар Мирас, Базарбаева Жазира,Жалғасбай Аружан , Жандарбек Гүлзат, Қырым Бейбіт, Қалдыбек Нұрай, Қуаныш Бекжан,Осман Бердібай, Қуаныш Нұрислам , Қуанышбек елдияр, Қожамұратов Диас, Мәсіп Әсел төмен в) төмен (Н): 0-39 Утенов Әлихан, Шыңғысханқызы Ұлбазар, Мақсұт Жангүл ,Орынбасар Өмірбек, Сәрсенбайұлы Ғаламат, Қожамұратов Диас.
Тапсырмалардвы орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі: Бөлім бойынша модельдеу тапсырмаларын орындауда, есептеулер, мен термин сөздермен жұмыс, оқушылар берілген тапсырманы дұрыс жазбауы.
Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтардың себептері: Оқулықпен өз бетінше жұмыс жасамауы, өтілген тақырыптарды пысықтап, есте сақтай алмауы, тапсырманың шартына мұқият қарамастан асығу.
БЖБ нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыс қажет болған жағдайда білім алушылардың ТАӘ көрсетумен: Қосымша дәріс сабақтар мен мини тест тапсырмаларын, тірек –сызба мен кестелер қолдана отырып, білім алушының нәтижеге қол жеткізуіне ықпал ету. Алдағы уақытта өтілген жаңа тақырыпты меңгеруге қосымша жұмысқа көңіл бөлу. Қазірге таңда, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында орта мектептерде туындап отырған өзекті мәселелердің бірі- оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың тиімділігін арттыру болып отыр. Критерий сөзінің өзі — қандай да бір нәрсеге қойылған талаптарға сәйкестігін бағалау жөнінде шешім қабылдау белгісін, негіздемелерін, ережелерін білдіреді. Критериалды бағалаудың негізгі принциптерінде оқу тапсырмасын орындау нәтижесі қалай дұрыс көрінуі керек екендігі туралы нақты түсінік беріледі, ал бағалау оқушының осы мақсатқа жақындау дәрежесін анықтау шкаласы болып табылады [1]. Сонымен қатар критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау — сабақта және үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау, оқыту процесінде оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыру. Ол оқушыларға жаңа материалды зерттеу кезінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жететінін түсінуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау— оқу ақпаратының белгілі бір бөлігін оқып, аяқтағанда білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды. Жиынтық бағалауды мұғалімдер немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады. Енді басқа педагогикалық әдістермен салыстырғанда критериалды бағалаудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін түсінуге тырысайық. Критериалды бағалаудың негізгі міндеттерінің ішінде төмендегі міндеттерді бөлуге болады: – оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; – жеке прогресті анықтау, қадағалау, оқушының жеке даму траекториясын түзету; – оқушылардың күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін ауқымды дамытуға ынталандыру; – әр түрлі қызмет түрлерін орындау үшін алынған бағалардың маңыздылығын саралау; – оқу материалын меңгеру сапасын және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету [2, 3]. Оқушыларға баға қою мәселесі- педагогикалық теорияда да, практикада да өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда бағалау жүйесі білімді толық меңгеру нәтижелерін көрсетпейді, бұл оқу бағдарламасының қазіргі заманғы талаптарына толық көлемде сәйкес келмейді [2]. Бағалау процесі білім беру процесінің тұрақты құрамдас бір бөлігі болып табылады әрі сонымен бірге дамуға жатады. Оқушылардың оқу және танымдық мотивациясы мен ынталандыруы, оқу жетістіктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бағалау процесі сияқты проблемалар маңызды болып табылады. Бағалау критерийін қандайда бір стандарт немесе оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға ынталандыру үшін мәні бар оқу материалдарының меңгеру деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылуы қажет. Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілігін қазіргі ғылыми бағыттардың бірі ретінде оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясы тұрғысынан қарастыру қажет. Бағалаудағы негізгі проблема — мектеп бағасының субъективтілігі. Оқушыларға да, ата-аналарға да түсінікті болатын нақты критерийлер болуы керек, бір сөзбен айтқанда «бағалау картасы» толығымен айқын болуы шарт. Сабақтың тақырыбына, оқушылардың жұмыс деңгейіне байланысты, тест немесе жазбаша жұмыс бойынша әр тапсырма үшін сәйкес ұпайлар алдын-ала келісіледі, сонымен қатар баллдарды бағаларға айналдыру шкаласы да қолданылады. Осы орайда, оқушы мен мұғалім арасындағы ашық диалог арқылы ғана білімін бағалауға болады, ата-аналардың да ешқандай қарсылығы болмайды, нәтижелерді осындай объективті бағалау барлығына ұнамды [4]. Мектептердегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оқушылардың білімін жетілдіруге және жеңілдетуге белгілі бір ынталандыруды, алға басуды тудырады.