Таралымы 26000 дана



Pdf көрінісі
Дата05.02.2017
өлшемі302,6 Kb.
#3446

МАЗМҰНЫ

Журнал 2003 жылдан бері айсайын шығарылады



Таралымы 26000 дана

Жеке меншік иесі және баспагер: «Айелет» ЖШС

Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде тіркелген

2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 4587-Г куәлігі

Алғаш тіркеуге алынған нөмері мен күні:

2003 жылғы 12 маусымдағы № 3971-Г нөмiрі

«КазкоммерцNews»

Корпоративтiк журналы

Қазақ тілді басылымның редакторы Меруерт Бердыбаева

Редакцияның мекенжайы: Алматы қ.,

Әл-Фараби даңғылы, 34, 5 қабат



Тел: +7 (727) 2585 465; e-mail: press@kkb.kz

Арт-директоры: Давид Джубаев [www.nebolondona.org]

Беттелуі және дизайн — Иваненко ЖК

Басып шығарған баспахана: «Print House Gerona» ЖШС-гі,

Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30А/3, 124 кеңсесі, тел. 250–47–40

Материалдардан дәйексөздер алынған кезде «КазкоммерцNews» 

корпоративтік журналынан алынды деген сілтеменiң көрсетілуі міндетті

Жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты

Нұр себеле, 

Ұлыстың Ұлы күні!

Кұрметпен,

Меруерт Бердыбаева

Мұқаба: Мәскеуде өткен Сән апталығындағы

Балнұр Асанованың коллекциясынан, 2016 жылғы наурыз

Фотограф: Никита Басов

Модель: Софья Мун



04 

ЖАҢАЛЫҚТАР



06

 

ӨНІМДЕР



«Көрпенің» қамқорлығы!

ЖАҢАРТПАЛАР



08 

Нұрлан Жағыпаров: 

«Желаяқ болып марафонда желіп жүгіруге тура 

келеді»


12

 Жаңа форматтағы ой-талқы

АКЦИЯЛАР

16

 Көктемгі акциялар-сіздерге арналады

КРЕДИТТЕУ

18

 Үй сатып алудың жаңа, тиімді түрі

 

ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ



21

 Қайта оралған сенім 

ҚАРЖЫ САУАТТЫЛЫҒЫ

24 

Не көрсек те халықпен бірге көреміз



БАРША ЖҰРТ 

көптен күткен күннің нұрымен шомылған 

көктемнің алғашқы күндері де келіп жетті. Елдегі 

экономикалық жағдай да, доллар бағамының ауытқып 

тұруы да осы қыстың суық күндерімен кетіп, қалың қармен 

бірге еріп кеткендей сезіледі. Олай деуге негіз бар, өйткені 

еліміздің әр аймағы, әрбір азаматы бұл нұрлы, жылы 

күндерге қуанып, шаттанып әз Наурыз мейрамын тойлауда. 

Әрбір дастарханда наурыз көже, тәтті тағамдар мен шөл 

басар сусын -шай бар. Айтпақшы, қазақстандықтар жыл 

сайын 25 мың тонна шайдан 3 млрд литрдан артық шай 

демдеп, ішеді екен. Осы шайдың көптеген түрлерін өндіруші 

отандық компанияға Казком 10 миллион АҚШ доллардан 

артық қаржы бөлді.

«Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде 

мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз», — деп 

айтылған Конфуцийдің ғұлама сөздерінде үлкен мән-

мағына жатыр. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір 

идеяны, ойды жинақтап, көптеген істерге басқаша, жаңаша 

көзқараспен қарау өте маңызды. Сол себепті, Казком өзінің 

клиенттері үшін банк қызметтерінің барынша оңай әрі 

ыңғайлы ету жолында көптеген істерге жаңаша көзқараспен 

қарап, жұмыстар атқарып, клиенттер тарапынан келетін 

сын-ескертпелерге үлкен мән беруде.

Осы ретте Казком жыл басында банктің технологиялық 

инновацияның «жілігін шағып, майын ішкен» 

бағдарламашылар мен ІТ саласында еңбек етіп жүрген және 

оқып жүрген жүзден аса жас студент арасында финтех-

хакатон сайысын өткізді. Сайыста көптеген озық ойлы 

идеялар мен жүйелі жобалар, сондай-ақ банк қызметінің 

сапасын арттыруға арналған жаңашылдықтар ортаға 

салынды. Сайыстың қорытындысы, жеңіске жеткен 

командалар жайында да толығырақ журналымыздың осы 

нөмірінен оқи отырыңыздар.



Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке 

әкелсін!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет