Тарату электр



Pdf көрінісі
бет133/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   331
 6.1-кесте. Жел жылдамдығы және тиісті биіктерді шолу 
Жерден  1  (м)  ұзақтығында  жел  жылдамдығы  / 
(м/с) 
Жер үстіндегі жағдайлар 
5.5–8.0   
Шаң, құм және қағаз жапырақтарымен жел  
8.0–10.8 
Ағаштарда 
жапырақтар 
жайқалады; 
суда 
толқындар көрінеді  
10.8–13.9 
Ағаштің  діңдері  дірілдейді;  сымдар  шуылдайды; 
қолшатырды ұстауға қиын  
13.9–17.2 
Ағаштың  діңдері  қатты  дірілдейді;  желге  қарсы 
жүруге қиын 
 
4) Жұмыс орындау барысында қауіпсіздік шаралары. 
i)  Операция  кезінде  көтергіш  құрылғыны  сенімді  қолдауға  арналған  тіректерді  шығару  керек. 
Жұмысқа кіріспес бұрын, отырғызу индикаторы жанып тұрғанын тексеру. (Отырғызу индикаторы 
болмаған  жағдайда,  әр  тіректі  тұрақтылыққа  тексеру  қажет).  Тіректер  тұрақтылық  үшін 
ұзартылмаған  кезде  айналмалы  қозғалысқа  тыйым  салынады.  Қарсы  жағдайда,  құрылғы 
аударылып  қалуы  мүмкін.  (тіректерді  шығару  ауқымымен  жабдықталған  немесе  компьютерлік 
басқарудың  жұмыс  ауқымында  орналасқан  датчикпен  жабдықталған  құрылғылардан  басқа).  Тік 
тіректерді  орнатқан  кезде,  жолдың  үстіңгі  жыраларына    немесе  жұмсақ  негізге    тік  тіректерді 
орнатуға  тыйым  салынады.  Егер  жыраның  люктері  ақаулы  болса,  бұл  көтергіш  құрылғы  еніп 
кетуіне әкелуі мүмкін. 
ii)  Оқшауланған  себеттің  ішіндегі  электромонтерлар  қауіпсіздік  белдіктерін  киіп,  қауіпсіздік 
белбеу  ілгектерін  қауіпсіздік  сымдарының  ілгектеріне  ілу  керек.  Зиян  келтіретін  құралдарды 
оқшауланған  себетке  салып  қоймаңыз.  Оқшауланған  себетте  сызаттар  немесе  зақымдар  болған 
кезде,  оның  оқшаулағыш  қасиеттері  нашарлайды.  Оқшауланған  себеттен  жоғары  ораналасқан 
металл  заттар,  себеттің  ішіндегі  металл  бөлік  тікелей  кернеуде  болған  сымдармен  байланысқан 
кезде пайда болуы мүмкін электр тоғының соғу қауіпін болдырмау үшін оған жүктелмеуі керек. 
Ешкім жұмыс жебесіне немесе жұмыс жебесімен көтерілген ауыр жүк астындағы аумаққа кіруге 
рұқсат  етілмейді.  Өрт  сөндіргіштері  мен  химиялық  заттарды  оқшауланған  себетке  жақын 
орналастырмаңыз. 
iii) Оқшауланған себет баяу жұмыс істеуі керек. Басқару тұтқасы тым жылдам жұмыс істеп тұрса, 
мұндай жылдам жұмыс оқшауланған себетті көрші заттармен соқтығысып, себетке зақым келтіріп, 
қызметкерлерді жарақаттауы мүмкін. Кері операцияны орындаған кезде басқару тұтқасы алдымен 
орта  қалпына  орнатылуы  керек.  Операция  тоқтаған  кезде,  басқару  тұтқасы  қарсы  қалпына 
ауысады.  Оқшауланған  себетпен  жұмыс  істейтін  кез-келген  техник  себеттен  заттардың  құлап 
кетуіне жол бермеу үшін мұқият болуы керек. 
iv)  Пайдалану  кезінде  келесі  шарттарды  орындау  керек.  Техник  өзінің  денесін  себеттің  сыртына 
бүкпеу  керек  және  жұмыс  үшін  таянышта  немесе  басқышта  тұрмауы  керек.  Техник  себеттің 
еденіне берік тұруы керек. Оқшауланған себет ішінде жұмыс істеу үшін кез-келген баспалдақты 
немесе  сатыны,  себет  пен  басқа  ғимарат  арасында  жылжу  үшін  жұмыс  жебені  және  себетті 
қолданып,  объектілерді  тартуға,  итеруге  немесе  шатыр  тіреушілерді,  кабельдерді  және  басқа 
заттарды , сондай-ақ жұмыс істейтін жебе мен себетке басқа көтергіш жабдықты жүктеуге тыйым 
салынады. Оқшауланған себетке артық жүк тиеуге жол берілмейді. 
5)  Қыста  және  суық  аймақтардағы  жұмыс  кезінде  сақтық  шаралары.  Қыста  немесе  қарда  төмен 
температурада ашық ауада жұмыс жасағанда, дұрыс емес әрекеттер апаттарға әкелуі мүмкін. 
Төмендегі жағдайларға назар аудару қажет. [4] 


122 
 
i) Қардан кейін жұмыс істегенде шекті қосқыштан және басқа  жебенің консольдық тірегін қорғау 
құрылғыларынан, барлық жұмыс құрылғыларынан және олардың перифериялық құрылғыларынан, 
жұмысшы жебеден, себеттің айналасынан, жұмыс камерасының жоғарғы жағынан және себеттің 
айналасында    жинақталған  қарды  алып  тастауы  маңызды.  Барлық  бөліктер  дұрыс  жұмыс 
жасамайынша жұмыс басталмайды. 
ii) Жиналған қарды тазалау үшін ыстық суды тікелей жұмыс істейтін құрылғыға, шекті қосқышқа, 
детекторға  және  басқа  пластикалық  бөлшектерге  тікелей  кіруге  жол  бермеу  үшін  тікелей  суды 
құюға  тыйым  салынады,  себебі  жылдам  температурадағы  өзгерістер  сызаттар  немесе  үзілістерді 
тудыруы және механикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін. 
iii)  Төменгі  температура  немесе  қар  қалыпты  жағдайларға  қарағанда  ажыратқыш  мен  басқару 
тұтқасына  үлкен  әсер  етуі  мүмкін,  себебі  басқару  тетіктерінің  кейбір  әрекеттері  төмен 
температураға байланысты шектеулі болуы мүмкін, бірақ бұл функцияға әсер етпейді. Кез келген 
әрекеттерден бұрын басқару тұтқаларын бірнеше рет басу керек және барлық тетіктердің жұмыс 
орнына  дейінгі  бастапқы  орнына  қайта  оралуына  көз  жеткізу  керек.  Сол  себепті,  жұмыс 
барысында  жебе  «ырсылдау»  немесе  «пысқыру»  сияқты  шу  шығаруы  мүмкін.  Майдың 
температурасы  және  гидравликалық  бөлшектердің  температурасы  өскеннен  кейін  дыбыстар 
жоғалады. 
iv)  Қар  күндерінде  жұмыс  істегенде, жұмыс жебесін  жинамас  бұрын жұмыс  жебесінің  консольді 
тіреуішінің    шекті  қосқышында  жиналған  қарды  тазалаңыз.  Кері  жағдайда,  жинақталған  қар 
қатайып, қорғаныс құрылғыларының сенімсіз жұмыс істеуіне әкеледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет