Тарату электр


  Оқшауланған  буындармен  жабдықталған  көтергіш  құрылғыларына  сервистік  қызмет



Pdf көрінісі
бет134/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   331
6.1.3  Оқшауланған  буындармен  жабдықталған  көтергіш  құрылғыларына  сервистік  қызмет 
көрсету 
 
1) Күнделікті тексеру 
1)  Сыртқы  тексеру.  Оқшауланған  компоненттер  жарылулар,  қабатталулар  немесе  терең 
сызаттар болуына көзбен тексеріледі. 
2)  Функцияларды  тексеру.  Көтергіш  құрылғыны  іске  қосқаннан  кейін  оқшауланған  себетте 
адам  болмаған  кезде  төменгі  басқару  жүйесі  циклде  жұмыс  істеу  үшін  пайдаланылуы  керек. 
Гидравликалық  цилиндрді  тексеру  кезінде  сұйықтық  ағып  кетуіне,  ағып  кету  нәтижесінде 
болған шығындарға,  аномалды шуға, операциялық қателіктерге, майдың ағып кетуіне, нашар 
қозғалысқа немесе  басқа да ақауларға  назар аудару қажет. 
2) Тұрақты тексеру 
Тұрақты  тексеру  жиілігі  өндірушінің  ұсыныстарына  және  пайдалану  жағдайына,  қызмет  көрсету 
деңгейі мен қоршаған орта жағдайына байланысты басқа да факторларға сәйкес анықталуы мүмкін, 
бірақ тұрақты тексерудің максималды жиілігі 12 айдан аспауы керек. Тұрақты тексеруді кәсіпқойлар 
жүргізу керек. 
3) Гидравликалық майды пайдалану және ауыстыру 
Егер көтергіш құрылғының гидравликалық майының   тазалығы азайса немесе май нашарласа, оның 
электрлік қасиеттері төмендейді, бұл  оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғысының 
сипаттамаларына әсер етеді.  Сондықтан, гидравликалық май мынадай талаптарға сай болуы керек: 
1) Гидравликалық майды оқшаулағыш буынмен жабдықталған жаңа көтеру құрылғысын сатып 
алған  кезде  100  сағат  немесе  бір  ай  (есептеуіш  көрсеткіштері  бойынша)  қолданғаннан  кейін 
алғаш рет ауыстырған жөн. Осыдан кейін гидравликалық майды әрбір 1200 сағат немесе 12 ай 
ішінде ауыстыру қажет. 
2) Гидравликалық майды ауыстырған кезде май сыйымдылығын тазалау керек, май фильтрінің 
немесе сору фильтрінің  сүзгі элементтерін тазалау немесе ауыстыру қажет. 
4) Көтергіш құрылғысын майлау 
Көтергіш құрылғысын майлау кестесіне және көрсетілген мерзімге сәйкес майлап, бүкіл құрылғының 
жұмысын жақсартуға және көтергіш құрылғысының қызмет мерзімін ұзартуға болады. 
1)  Әр  30  сағат  сайын  немесе  апта сайын  майлау  керек  бөлшектер:  көтеретін  бөлік, сермейтін 
бөлік, оқшауланған себеттің айналдыру білігі, теңестіргіш цилиндр, көтергіш цилиндр, жұмыс 
жебенің білігі мен бұрмалы жебенің білігі. 
2) Орталық бұрмалы корпусты және бұрмалы білікті әрбір 100 сағатта немесе бір айда, әр 800 
сағатта немесе алты айда майлау керек. 
3) Кішкентай кран редукторының майы мен концентрлі жалғастырыш тетіктің трансмиссиялық 
майын  әрбір 1200 сағатта немесе 12 айда ауыстыру қажет (трансмиссиялық майды 100 сағат 


123 
 
сайын немесе бір айда бірінші рет ауыстыру). 
5) Оқшауланған бөліктерге қызмет көрсету  
1)  Оқшауланған  себет,  оқшаулағыш  буынмен  жабдықталған  көтергіш  құрылғы    жылжып 
жатқанда, жұмыс  орнына  қайта  оралуы  тиіс.    Көтергіш  құрылғысының  көтергіш  жебесі  (егер 
бар  болса)  алынып  тасталады  немесе  тартылады.  Жоғарғы  жебе  бүктеліп,  төменгі  жебе 
төмендетілуі  керек.  Жоғарғы  және  төменгі  жебелердің  екеуі  де  олардың  тірек  рамаларына 
қайта оралуы керек. Жылжымалы жебе толығымен тартылған болу тиіс. Жоғарғы және төменгі 
жебелер тасымалдау кезінде шағылысып, соққыға және зақымдалуға жол бермеу үшін сенімді 
бекітілуі керек. 
2)  Оқшаулағыш  буынмен  жабдықталған  көтергіш  құрылғысы  жұмыс  істеген  кезде,  үстіңгі 
құрылғы  да  қозғалады.  Екі  жебені  гидравликалық  басқару  жүйесі  оқшауланған  себеттің 
гидравликалық теңдейтін құрылғысы алға әрі артқа айналып кетпеуі үшін ажыратылады. 
3) Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғысы тасымалдау және сақтау кезінде 
ластанған  қоршаған  ортаға  ұзақ  уақыт  әсер  етпеу  және  оқшаулауының  төзімділік  деңгейін 
төмендету үшін  ылғал қорғаныш қақпағымен қорғалуы керек. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет