Тарату электр


  Жұмыс жүргізудің негізгі әдістері



Pdf көрінісі
бет167/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   331
7.1.4 
Жұмыс жүргізудің негізгі әдістері    
 
Орта  кернеулі  ауа  тарату  желілерінде  үш  фазалы  тізбектегі  сымдар  бір-бірінен  шағын 
қашықтықта  төселетіндіктен,  ал  орташа  кернеулі  тарату  құрылғылары  жиынтықпен 
орналасқандықтан, 
электрмонтерлар 
әр 
түрлі 
жайғасымнан 
электрэнергетикалық 
құрылғыларына  дейін  оңай  қол  жеткізе  алады.  Стандартты  әрі  нормативтік  құрылымдарға  ие 
болатын,  жоғары  вольтты  желілер  мен  қосалқы  станцияларға  қарағанда  орташа  кернеулі  ауа 
тарату  желілері  тіректердің,  құрылғылардың,  оқшаулағыштардың  және  сымдар  құрылысының 
әртүрлі  үлгілеріне  ие  болады.  Кейбір  жағдайларда  сымдардың  бірнеше  тізбектері  бір  тіректе, 
бірнеше  қабатпен  төселеді  немесе  бір-бірімен  қиылысады,  бұл  кернеулі  жерде  желілердегі 
жұмысты қиындата түседі. Алайда, орташа кернеулі желілерде кернеудің салыстырмалы төмен 
класына  байланысты  оқшаулағыш  қорғайтын  құрылғылар  қауіпсіз  қашықтығын  ұлғайту  және 
қызметкердің қауіпсіздігін арттыру үшін аралас оқшаулауды қалыптастыру қолданылады. Бұдан 
басқа,  орташа  кернеулі  тарату  желілерінде  тіректер  мен  діңгектер  қысқа  болады,  орташа 
кернеулі  тарату  желілері  тасымалдау  кезінде  қолайлы  болу  үшін  жолдың  екі  жағынан 
төселгендіктен,  жұмыс  кезінде  оқшаулайтын  бөлімі  бар  көтергіш  құрылғылар  қолданылуы 
мүмкін.  Осы  нұсқа  орташа  кернеулі  электр  беру желілерінде  кернеулі жерде жұмыс жүргізуге 
өте қолайлы болып табылады. 
Кернеулі жерде тарату желілерінде жұмыс кезінде экрандаушы оқшаулау және оқшаулау 
шаралары  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  қашықтықтың  жетіспеуін  толтыру  үшін  кернеулі 
жердегі  бөлшектерге  немесе  жерге  тұйықталған  бөлігіне  бөгетті  немесе  оқшаулайтын  қорғау 
жабынын  орнатудан  құралады.  Оқшаулайтын  қорғау  жабыны  немесе  қашықтықпен 
қиыстырылған  бөгет  газды  ортада  разрядтың  өту  ұзақтығын  арттырады  және  разрядтың 
кернеуін  жақсартады,  осылайша  жұмыс  қауіпсіздігін  арттырады.  Алайда  аталған  қорғау 
шараларын қабылдаған кезде келесі үш кезеңді есепке алу қажет: (1) Олар орташа және төмен 


156 
 
кернеулі тарату желілерінде кернеулі жерде жұмыстарды жүргізу үшін ғана қолданыла алады; 
(2)  негізгі  оқшаулауға  әсерін  тигізбейді,  бірақ  қысқа  мерзімді  «әлсіз  байланысқа»  жол  береді 
және  негізінен  электрмонтер  жұмысының  саласын  шектеу  үшін  пайдаланылады;  (3) 
оқшаулайтын қорғау жабындары қорғайтын жабдықтарымен қатар қолданылуы қажет. 
Тарату  желілерінде  кернеулі  жерде  жұмыс  жүргізген  кезде  әдетте  тікелей  жұмыс  әдісі 
қолданылады, сол кезде негізгі оқшаулау ретінде оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғының 
оқшауланған себеті (жебе) немесе оқшаулайтын платформа пайдаланылады.[4][5] Электрмонтер 
кернеу астындағы бөлшектерді тікелей ұстау кезінде  оқшаулайтын қорғаудың қосымша шарасы 
ретінде  диэлектрлік  биялай  киюі  қажет.  Жұмыстың  кейбір  түрлері  тікелей  емес  әдіспен 
жүргізіледі,  онда  негізгі  оқшаулау  ретінде  оқшауланған  құрал-саймандар,  ал  киюге  арналған 
қосымша  оқшаулау  ретінде  оқшаулағыш  қорғайтын  құралдар  пайдаланылады.  Басқа  сөзбен 
айтқанда,қызметкер жұмыс  үшін  оқшауланған  құрал-саймандарды  пайдаланады және  кернеулі 
жердегі бөлшектерден жеткілікті қауіпсіз қашықтықта орналасады.  Электрмонтерлар кернеулі 
жердегі  бөліктерден  және  жерге  тұйықталған  бөліктерден  өз  денесінің  бөліктерін  оқшаулау 
үшін  қорғайтын  құралдарды  киюі  қажет  (диэлектрлік  биялай,  диэлектрлік  киім,  диэлектрлік 
етік,  диэлектрлік  каска  және  т.б.).  Осы  екі  әдіс,  егер  электрмонтер  ағзасының  потенциалына 
қатаң  сәйкестікте  жіктелсе,  орта  потенциалы  бар  жұмыс  әдісіне  жатады  [6]  Оқшаулау  үшін 
пайдаланылатын  құрал-саймандармен  жұмыс  жасау  әдістері  мен  ерекшеліктері  төменде 
көрсетілген. 
 
1) 
Жұмысқа  арналған  диэлектрлік  биялай.  Биялаймен  жұмыс  істеу  –  бұл  кернеулі  жердегі 
желілерде  кең  пайдаланылатын  жұмыс  әдісі,  сол  кезде  электрмонтер  оқшаулайтын  бөлімі  бар 
көтергіш құрылғының немесе басқа оқшаулағыш құралдардың (саты, оқшаулау платформалары және 
т.б.) көмегімен жерден оқшауланады және кернеу астында орналасқан бөлшекпен тікелей байланыс 
жасау  үшін  диэлектрлік  биялайды  киеді.  Жұмысшы  оқшаулағыш  қорғайтын  құралдардың  толық 
жиынтығын  кию  және  айналадағы  заттардан  оқшаулану  қажет.  Жұмысшы  сондай-ақ  резеңке 
диэлектрлік  биялайдың  сыртынан  тозуға  төзімді  және  жарылуға  төзімді  биялайды  киюге  тиіс. 
Диэлектрлік  биялаймен  жұмыс  істеген  кезде  электрмонтер  мен  жерге  тұйықталған  бөлігі  немесе 
кернеулі  жердегі  бөлігі  арасында  қауіпсіз  қашықтық  сақталғанына  қарамастан,  кернеулі  жердегі 
барлық  бөлімдер  және  жұмыс  учаскесіндегі  жерге  тұйықталған  бөлімдер  жұмысты  бастар  алдында 
оқшаулауды тудыру үшін экрандалуы қажет. Тарату құрылғылары жиынтықпен орнатылған, тар әрі 
шағын  жұмыс  аясында  электрмонтерді  кернеулі  жердегі  көршілес  бөлімдерден  және  жерге 
тұйықталған  компоненттерден  тиісті  түрде  оқшаулау  үшін,  электр  монтердің  жұмыс  аясын  шектеу 
үшін  оқшаулайтын  кедергіні  тиісті  қалпында  орнату  қажет.  Қазіргі  сәтте  электрмонтердің  және 
кернеу  астындағы  бөлшектердің  потенциалы  бірдей  емес,  сондықтан  осы  әдісті  тең  потенциалды 
жұмыс әдісі деп қарастыруға болмайды. 
1) 
Оқшаулайтын платформа 
Осы  жұмыс  әдісінде  оқшаулайтын  платформа  негізгі  оқшаулау  ретінде  шығады,  ал  диэлектрлік 
биялай пен диэлектрлік бәтеңкелер қосымша оқшаулау болады. Желілер арасында ауа саңылауы 
негізгі  оқшаулау  ретінде,  ал  диэлектрлік  қорғайтын  төсем  –  қосымша  оқшаулау  ретінде  әрекет 
етеді. Жұмысшының үш фазалы тізбек сымдарымен кездейсоқ байланысына және электр тоғымен 
зақымдануына  жол  бермеуге  орай  қорғаудың  соңғы  сатысын  жасау  үшін  электрмонтер 
оқшаулағыш  қорғаныс  құралдарының  толық  жиынтығын  (диэлектрлік  биялай,  диэлектрлік 
жеңдер, диэлектрлік киім, қорғайтын каска және т.б.) киюі қажет. 
2) 
Оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғы. Осы жұмыс әдісінде көтергіш құрылғының бөлімі 
негізгі  оқшаулау  функциясын  орындайды,  ал  оқшауланған  себет,  диэлектрлік  биялай  және 
диэлектрлік  бәтеңке  қосымша  оқшаулау  функциясын  атқарады.  Желілер  арасында  ауа  саңылауы 
негізгі  оқшаулау  ретінде,  ал  оқшаулағыш  қорғайтын  төсем  –  қосымша  оқшаулау  ретінде  әрекет 
етеді.  Жұмысшы  екі  фазалы  тізбек  сымдарымен  кездейсоқ  байланысты  және  электр  тоғымен 
зақымдануды болдырмау үшін қорғаныс құралдарының толық жиынтығын киюі қажет. 
2) Оқшаулағыш қарнақтың (штанга) көмегімен жұмыс жүргізу  
Оқшаулағыш қарнақтың (штанга) көмегімен жұмыс жүргізу - сол кезде жұмысшы кернеу 
астындағы  бөліктерден  жеткілікті  қауіпсіз  қашықтықта  орналасқан  және  оларға  оқшаулағыш 
құралдардың  көмегімен  жанасатын  қызметі  түсініледі.  Электрмонтер  диэлектрлік  биялай  пен 
диэлектрлік бәтеңкені киюі қажет. Тар және шағын жұмыс аясында немесе сымдардың көбірек 
тізбегі  төселген  желіде  электрмонтер  әртүрлі  жайғасымдағы  электрэнергетикалық 
құрылғылардың  жанында  болуы  ықтимал,  осылайша  жұмысшы  оқшаулағыш  қорғайтын 


157 
 
заттардың толық жиынтығын киюі қажет, ал кернеулі жердегі бөлшек оқшаулауды тудыру үшін 
экрандалуы тиіс. Оқшауланған қарнақтармен (штанга) жұмыс әдісі тіректердегі жұмыс кезінде 
ғана емес, сонымен бірге оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғының оқшауланған себетінде 
немесе  басқа  оқшаулайтын  платформада  пайдаланылады.  Осы  кезде  электрмонтер  мен  жердің 
(діңгектің)  потенциалы  бірдей  емес,  сондықтан  бұл  әдісті  жерге  тұйықталған  жұмыс  әдісі  деп 
қарастыруға болмайды. 
1) 
Тіректердегі жұмыс 
Электрмонтер тіректерде жұмыс істеуге арналған құрал-саймандардың (көтеру плитасы, желі және 
т.б.) көмегімен қажетті жайғасымға дейін көтеріледі және қауіпсіздік белдігін бекітеді. Электр 
монтер тиісті сақтылық шараларын сақтай отыра, кернеулі жердегі бөлшектерден қауіпсіз 
қашықтықта орналасуы қажет. Электрмонтер жұмысқа әртүрлі құрал-саймандармен 
жарақтандырылған оқшаулайтын қарнақты (штанга) пайдалануы керек. 
i) 
Кернеу  астында  және  жерде  орналасқан  бөліктер  арасында  берік  оқшаулайтын  қорғауды 
түзетін  оқшауланған  құрал-саймандар,  диэлектрлік  биялай  мен  диэлектрлік  бәтеңке. 
Оқшауланған  құрал-саймандар  негізгі  оқшаулау,  ал  диэлектрлік  бәтеңке  мен  диэлектрлік 
биялай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша оқшаулау ретінде қызмет атқарады. 
ii) 
Желілер  арасында  ауа  саңылауы  негізгі  оқшаулау,  ал  оқшаулағыш  қорғайтын  жабын  – 
қосымша оқшаулау болады, фазалар арасында үлкен жұмыс аясынан болатын қысқы тұйықталу 
көлденең қорғауды түзеді. Жұмыс жүргізуді қадағалауға уәкілетті тұлға электрмонтердің және 
кернеулі  жердегі  бөлшектердің  арасында  қауіпсіз  қашықтықтың  сақталуына,  сондай-ақ 
оқшауланған  құрал-саймандар  арасында  ең  төменгі  пайдалы  оқшаулау  қашықтығының 
сақталуына  негізгі  жауапкершілікте  болады.  Осы  жұмыс  әдісі  көліктік  және  топографиялық 
жағдайлармен  шектелмейді  және  оқшаулайтын  бөлімі  бар  көтергіш  құрылғының  көмегімен 
соларға жақындау мүмкін болмайтын діңгектердегі жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда 
биіктікте жұмыс жүргізген кезде қызмет аймағы оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғымен 
жұмыс істеген секілді еркін әрі жайлы емес. 
2) 
Оқшаулайтын платформа 
Оқшаулайтын  платформа  әдетте  қарапайым  платформадан,  «жұлдыз»  үлгісіндегі 
оқшаулайтын жима сатыдан және екі жақты баспалдақтан тұрады. Оқшаулайтын платформа мен 
оқшаулайтын қарнақ (штанга) бірге құрамдас оқшаулауды түзеді және негізгі оқшаулау болады, 
сол  уақытта  диэлектрлік биялай  мен  диэлектрлік бәтеңке  қосымша оқшаулау  ретінде  шығады. 
Желілер  арасында  ауа  саңылауы  негізгі  оқшаулау  ретінде,  ал  диэлектрлік  қорғайтын  жабын  – 
фазааралық  резервтік  қорғау  ретінде  әрекет  етеді.  Электрмонтер  кернеу  астында  орналасқан 
бөліктерге қатысты жақын орналасқандықтан, ол жұмысшының екі фазалы тізбек сымдарымен 
кенеттен  түйісуіне  және  электр  тоғымен  зақымдануына  жол  бермеу  үшін  қорғаудың  соңғы 
сатысын  қалыптастыруға  орай  оқшаулайтын  қорғаныс  заттарының  толық  жиынтығын  киюі 
қажет. 
3) 
Оқшаулайтын  бөлімі  бар  көтергіш  құрылғы.  Оқшаулайтын  себет  пен  жебе  құрама  оқшаулауды 
түзеді,  ал  оқшаулайтын  жебе  негізгі  оқшаулау  функциясын  атқарады.  Желілер  арасында  ауа 
саңылауы негізгі оқшаулау ретінде, ал оқшаулағыш қорғайтын жабын – фазааралық резервтік қорғау 
ретінде  әрекет  етеді.  Электрмонтер  кернеу  астындағы  бөліктердің  әрқайсысына  тікелей  жақын 
орналасқандықтан,  ол  екі  фазалы  тізбек  сымдарымен  кенеттен  түйісуіне  және  электр  тоғымен 
зақымдануына жол бермеу үшін қорғаудың соңғы сатысын құруға орай диэлектрлік биялайды және 
басқа оқшаулағыш қорғаныс құрылғыларын киюі қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет