Тарату электр



Pdf көрінісі
бет165/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   331
7.1.2 Негізгі жұмыс рәсімдері 
 
Орта  кернеулі  тарату  желілерінде  кернеулі  жердегі  жұмыстар  тиісті  жұмыс  рәсімдеріне 
қатаң сәйкестікте, қауіпсіз және реттелген үлгіде орындалуы қажет. 
1) 
Жұмысқа дайындық 
1) 
Жұмыс  алаңында  тексеру  жүргізу.  Бұл  кернеулі  жердегі  желілерде  жұмыс  жүргізудің 
орындылығын  анықтау  және  учаскеде жұмыс жоспарын  құрастыру  үшін  желілерді  төсеу  мен 


153 
 
діңгектерді  тұрғызу  жеріндегі  жағдайларды,  сондай-ақ  қоршаған  орта  жағдайларын, 
топографиялық әрі географиялық жағдайларды зерттеу үшін қажет. 
2) 
Тиісті желінің техникалық ақпаратын зерттеу. Оған тиісті сызбаларды, желі мен жабдықтың 
қасиеттері  мен  техникалық  сипаттамаларын  және  сол  кезде  күш  жүктемелері  салынатын 
жағдайларды зерттеу, жүйелі өткізу режимін анықтау, жұмыс әдістері мен құралдарын таңдау, 
сондай-ақ  беріліс  жолының  автоматты  ажыратқышын  ажырату  қажеттілігі  туралы  мәселені 
шешу енеді. 
3) 
Жұмыс  жүргізу  үшін  жоспарланған  күнге  метеорологиялық  жағдайларды  зерттеу.  Жұмыс 
жоғарыда көрсетілген метеорологиялық жағдайларды сақтамай жүргізілмейді. 
 
4) 
Қызметкерді рәсімдерді жете зерттеу үшін жұмыс нұсқаулықтарына үйретіңіз. 
2) 
Жұмысты  бастар  алдында  қауіпті  сәттерге  талдау  жасаңыз.  Жұмыстардың  сипатымен,  жұмыс 
әдістерімен,  пайдаланылатын  жұмыс  құралдарын  ережеден  ықтимал  алып  тастаумен  және  ауа 
райының кенет өзгерістерімен туындауы мүмкін, қауіпті жұмыс сәттеріне талдау жүргізу қажет және 
тиісті бақылау шараларын ұсыныңыз [3]. 
3) 
Жұмыстың басталуы 
1) 
Дайындықтың басталуы 
i) 
Құралдар мен материалдарды тексеру және дайындау керек. Жұмысты орындау мазмұнына 
және  әдісіне  сәйкес  қажетті  құралдар  мен  материалдарды  дайындаңыз;  құралдар  мен 
материалдар жарамды екеніне және жеткілікті мөлшерде болғанына көз жеткізу үшін қажетті 
тексерулерді орындаңыз. 
ii) 
Кернеулі жерде жұмыс орындауға наряд-тапсырыс беріңіз. 
iii) 
Жұмысшылардың  қатысуымен  жоспарлама  өткізіңіз.  Осындай  жиналыс  негізінен 
жұмысшылардың 
міндеттерін 
бөлуден, 
команда 
мүшелері 
үшін 
тапсырмаларды 
ұйымдастырудан,  қауіпсіздік  пен  сақтық  шараларын  түсіндіруден,  сондай-ақ  команданың 
барлық  мүшелерімен  келісуден  тұрады.  Барлық  жұмысшылар  жоғарыда  көрсетілген 
талаптарды нақты түсінуі қажет. 
iv) 
Фидерді  қайта  қосу  деактивтендірілмегенше  (қайта  қосуды  деактивтеу  жұмыстары  үшін), 
сондай-ақ тиісті жауапты тұлғаның тапсырыс-нарядтарын бекітпей, жұмыс орындалуы мүмкін 
емес. 
2) 
Алаңдағы жұмыс 
i) 
Құралдар  мен  материалдарды  тексеру.  Жұмысқа  жауапты  тұлға  жұмысшылардың  жеке 
қорғаныс  заттарын  дұрыс  пайдалануын  бақылау  және  тексеріп  отыруы  қажет.  Бригада 
пайдаланар  алдында  қолданылатын  құралдардың  жиынтықтылығын  тексеруі  және  оларды 
зақымдардың, деформациялар немесе сынған жерлерінің болуына мұқият қарап шығуы қажет. 
Оқшауланған  құралдарды  тексеру  кезінде  таза  әрі  құрғақ  мақта-маталы  биялайды  кию  және 
пайдалану  барысында  оларға  ылғал  мен  кірдің  түсуін  болдырмау  қажет.  Тіректерде  жұмыс 
орындаған  кезде  сондай-ақ  тіректің,  іргетастың  және  тартудың  беріктігін  тексеру,  сондай-ақ 
тіректерге көтеруге арналған құралдар мықты бекітілгеніне және жарамды күйде болғанына көз 
жеткізу қажет. 
ii) 
Жердегі  қызметкер  көлік  құралдары  мен  жаяу  жүргіншілердің  кіруін  болдырмау  үшін 
жұмыс  аймағы  шегінде  қорғайтын  қоршаулар  мен  белгілерді  орнатады.  Күрделі  учаскелерді 
күзетуге мамандандырылған қызметкерді тартады. 
iii) 
Оқшаулайтын  бөлімі  бар  көтергіш  құрылғыны  алдын  ала  белгіленген  жерге  тұраққа 
қойыңыз,  оны  инспекциялық  тексеру  үшін  пайдаланыңыз.  Оқшаулайтын  бөлімдері  бар 
көтергіш құрылғыны берік жерге тұйықтаңыз. Оқшауланған себетте жұмыс орындау үшін екі 
электрмонтер  оқшаулағыш  қорғайтын  құрылғыларды  киюі  керек,  оқшауланған  себетке  кіру 
үшін  оқшауланған  арқандар  мен  шағын  құрал-саймандары  болуы  қажет.  Оқшауланған 
бөлімдері  бар  көтергіш  платформаны  қосу  және  оқшауланған  себетті  алдын  ала  белгіленген 
орынға  көтеріңіз.  Гидравликалық  жетекті,  айналатын  және  көтергіш  жүйелердің 
жарамдылығына, сондай-ақ жұмыс және тежегіш құралдардың сенімділігіне көз жеткізу үшін 
сынама іске қосуды орындаңыз. Электрмонтерлар оқшауланған себетте нық орналасуы қажет, 
ал  жұмысқа  жауап  беретін  техник  қоршаған  ортаны  бақылау  мен  қадағалауға  көмектесіп,  кез 
келген дабыл туралы уақытылы жариялап отыруы тиіс. 
iv) 
Оқшаулайтын  экран  құрылғысы.  Техниктер  қауіпсіз  қашықтық  талаптарына  сәйкес 
келмейтін, желілік және жерге тұйықталған бөліктерді оқшаулау үшін және экрандаушы жабын 
құрылғысы  үшін  оқшауланған  құралдарды  (мысалы,  оқшауланған  экрандаушы  қаптамалар) 


154 
 
пайдалану кезінде бір-бірімен үйлестірілген түрде жұмыс жасайды. Оқшаулайтын жабындыны 
«жақыннан алысқа дейін» және «төменнен жоғарыға дейін» қағидасы бойынша салу қажет, ал 
көпқабатты төсемдерді ішкі жағынан сыртына қарай салу қажет; сыртқы қабатына экрандаушы 
жабындыны жабу қажет. Кері тәртіпте шешу қажет. 
v) 
Жоспарлы жұмыстар орындалады. 
4) 
Жұмыстардың аяқталуы 
1) 
Жұмыс алаңын жинастыру және құралдарды тазалау. Тіректерде (діңгектерде), сымдар мен 
жабдықта  бір  нәрсенің  қалып  қоймауын  мұқият  тексеру.  Жұмысқа  жауапты  тұлға 
жұмыстардың  аяқталу  үрдісін  толық  бақылауға  алуы  қажет.  Барлығы  дұрыс  екендігі 
расталмағанша  алаңнан  шығуға  тыйым  салынады.  Жұмысты  аяқтаған  соң  барлық 
материалдарды жинау және алаңды таза күйінде қалдыру қажет. 
2) 
Тиісті  жауапты  тұлғаларға  жұмыс  аяқталғанын  және  наряд-тапсырыс  орындалғанын 
хабарлаңыз. 
3) 
Жұмыс  ауысымы  аяқталған  соң  қорытындыларды  шығару  үшін  және  жұмыс  туралы 
есептерді жасау үшін жоспарлама жүргізу керек.  
 
5) 
Қажетті қауіпсіздік шаралары 
1) 
Электрмонтерлардың қауіпсіз қашықтықты сақтауын қамтамасыз етіңіз. 10кВ желілерде жұмыс 
жүргізген  кезде  электрмонтердан,  құралдан  және  материалдан  бастап  кернеулі  жердегі  жақын 
бөлшекке  дейінгі  қауіпсіз  қашықтық  кемінде  0,6  м  болуы,  ал  электр  монтердан,  құралдан  және 
материалдан  бастап  жерге  тұйықталған  бөлігіне  дейін  қауіпсіз  қашықтығы  кемінде  0,4  м  болуы 
қажет.  Егер  қауіпсіз  қашықтыққа  қойылатын  талаптың  сақталуы  мүмкін  болмаса,  онда  сенімді 
оқшаулау ретінде оқшаулағыш қорғайтын құралдарды пайдалану қажет. Оқшаулағыш қорғайтын 
құралдың өлшемі электр монтерлардың жұмыс саласына қарағанда, 0,4 м артық болуы қажет. 
2) 
Жұмыс кезінде шырмалуына немесе фазалар арасында қысқа тұйықталуына жол бермеу үшін 
сымдар мен кабельдердің ауытқуларын болдырмау қажет. 
3) 
Жұмыс алаңына талаптарға сәйкес келмейтін құралдарды әкелуге тыйым салынады. Жұмысты 
бастар  алдында  құралдарды  зақымдардың,  деформациялардың  немесе  жұмыстағы  ақаулардың 
болуына  тексеру  қажет.  Жұмыс  кезінде  оқшаулағыш  құралдарға  кірдің  және  ылғалдың  түсуіне 
жол бермеу маңызды. Диэлектрлік кілемшелердің төсемі мен жабынды бөлігі 0,15 м артық болуы 
тиіс. 
4) 
Электрмонтерлер біліктіліктен өткен, қорғайтын жарағын тиісті түрде пайдалануы қажет. 
5) 
Тағайындалған  жауапты  тұлғалар  жұмыс  алаңында  бақылау  жүргізу  үшін  ұйымдастырылуы 
тиіс  және  бір  мезгілде  желіде  жұмыс  істемеуі  қажет.  Бақылау  диапазоны  жұмыс  нүктесінің 
шегінен шықпауы тиіс. 
6) 
Жұмыс  жүргізу  ұзақтығын  бақылау.  Электрмонтердің  кернеулі  жердегі  жұмысының  нақты 
ұзақтығы  оның  физиологиялық  мүмкіндіктеріне  (лауазымдық  міндеттеріне)  байланысты 
бақылауға алынуы қажет және электрмонтер қажет кезде ауыстырылуы мүмкін. 
7) 
Қажет болған кезде беріліс жолын қайта қосуды деактивтендіріңіз. Кез келген келесі жағдайда 
қайта қосуды деактивтендіру қажет. Мәжбүрлі қосуға тыйым салынған. 
i) 
Бейтарап  нүктелері  тиісті  түрде  жерге  тұйықталған  тарату  желісінде  бір  фазалы  жерге 
тұйықтауға әкелуі мүмкін жұмыстар. 
ii) 
Бейтарап  нүктелері  тиісті  түрде  жерге  тұйықталмаған  тарату  желісінде  фазалар  арасында 
қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін жұмыстар.  
iii) 
Наряд-тапсырыстарды  беретін  тұлға  немес  жұмысқа  жауапты  тұлға  қайта  қосуды 
деактивтендіру  қажет  деп  есептейді.  Мысалы,  кернеулі  жердегі  тарату  желілерінің  кейбір 
жобалары  үшін    оқшаулайтын  қорғау  ең  үлкен  ішкі  артық  кернеуден  төмен  болғандықтан, 
беріліс жолын қайта қосуды деактивтендіру қажет. Бұл қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету үшін, қайта қосу кезінде артық кернеудің алдын ала түсіруге қажет. 
8) 
Егер  жұмыс  жүргізген  уақытта  жабдық  кенеттен  токсыздандырылса,  жұмысшылар  ол  әлі  де 
кернеулі жерде орналасқан деп есептеу қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет