Тарату электр



Pdf көрінісі
бет208/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   331
7.15-сурет. (Жалғасы) Жүктеме астында тіректерге айырғыштарды орнату (II). (c) керме 
тіректен қоспаларды алу; (d) сымдарды оқшаулау; (e) қорғасынды сымдарды қосу; (f) маневрлік 
сымдардың байпастарын және оқшаулайтын жабындарды алу. 
 
Ағытқыштар мен ажыратушы ауыстырып-қосқыштар ашық күйінде екеніне көз жеткізу. 
Ағытқыштар және ажыратушы ауыстырып-қосқыштарды кернеулі жердегі үш фазалы тізбек 
сымдарына кезең-кезеңмен қосу. 
9) 
7.15(f)-суретте көрсетілгендей оқшаулайтын жабындарды және үш фазалы тізбектің маневрлік 
сымдарының байпастарын шешу керек. Ағытқыштар және ажыратушы ауыстырып-қосқыштарды 
оқшаулау  және  ағытқыштарды  ажырату  тетігін  бұғаттау  керек.  Электр  тізбегін  үзбей  өлшеуге 
арналған  амперметрдің  көмегімен  ағытқыштардың  қорғасынды  сымдарында  токты  өлшеу  керек. 
Ток  ағымы  қабылдауға  боларлық  екеніне  көз  жеткізген  соң,  оқшауланған  себеттегі 
электрмонтерлар  үш  фазалы  тізбектің  маневрлік  байпастарын  және  оқшаулайтын  жабындарды 
шешеді. 
10) 
Ағытқыштарды ажырату тетігін бұғаттан шешу. 
4) 
Сақтық шаралары. 
1) 
Кранның  жұмысы  кезінде  кернеулі  жерде  орналасқан  бөлшектерден  жеткілікті  қауіпсіз 
қашықтықты  қамтамасыз  ету  қажет.  Егер  осы  талап  сақталмаса,  кернеулі  жерде  орналасқан 


200 
 
бөлшектерді оқшаулау үшін сенімді шараларды қабылдау қажет. 
2) 
Ағытқыштарды  көтерген  кезде  біркелкі  жылдамдықты  сақтай  отыра,  біркелкі  күш  қолдану 
керек. Көтеру нүктелерінде бекіту берік болуы тиіс. 
3) 
Талаптарға сәйкес келетін көтергіш құралдарды пайдалану және көтеру бойынша нұсқаулықты 
сақтау.  Ағытқыштарды  көтеру  алдында  кранмен  көтеру  нүктесінде  жүктеме  қалай  бөлінетінін 
анықтау үшін бірдей салмағы бар объектілерді көтеру. 
4) 
Көтеру  жұмыстары  үрдіске  қосылған  бүкіл  қызметкерге  нақты,  ұйымдастыру  нұсқауларын 
беруге тиіс, тәжірибелі мамандардың басшылығымен жүргізілуі тиіс. 
5) 
Ағытқыштарды, ажыратылатын сөндіргіштерді және кронштейндерді орнату мен бекіту секілді 
дайындық  жұмыстары  барысында  кернеулі  жерде  орналасқан  бөлшектерден  жеткілікті  қауіпсіз 
қашықтықты  қамтамасыз  ету  қажет.  Егер  осы  талап  орындалмаса,  кернеулі  жерде  орналасқан 
бөлшектерді оқшаулау үшін сенімді шараларды қолдану керек. 
6) 
Оқшауланған маневрлік сымдардың байпастары күшті ауытқуларға жол бермей, оқшауланған 
сымдардың  немесе  оқшауланған  кабельдердің  көмегімен  берік  орнатылуы  қажет.  Маневрлік 
сымдар  байпасының  өткізу  қабілеттігі  ток  бойынша  жүктемеге  төзу  қабілеттігіне  арналған 
талаптарға сәйкес келуі және ток ағымын қабылдай алатындай болуы қажет. 
7) 
Керме тіректерден қоспаларды шешуді кезең-кезеңмен орындау қажет. Яғни алдыңғысындағы 
барлық қоспалар алынбағанша келесі желідегі шешу орындалмайды. 
8) 
Ағытқыштар  мен  ажыратушы  ауыстырып-қосқыштардың  үш  фазалы  тізбегінің  сымдарын 
қосқаннан  кейін  ағытқыштар  мен  ажыратушы  ауыстырып-қосқыштарды  жабу.  Токты  тексеру 
және  ол  нормада  екеніне  көз  жеткізу.  Кейін  ашуды  болдырмау  үшін  ағытқыштарды  ажырату 
тетігін бұғаттау керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет