Тарату электр



Pdf көрінісі
бет213/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   331
8.1.2 Техникалық тәсілдер  
 
1)  Техниктер  электр  тогымен  зақымдану  немесе  фазааралық  қысқа  тұйықталуды  болдырмас 
үшін оқшауланған құралдарды пайдалануы және құрғақ оқшауланған объектілерде тұруы тиіс. 
2)  Тірекке  шықпас  бұрын  оның  іргетасын  беріктікке  тексеру  қажет.  Техниктер  кернеуде 
болатын  оқшауланбаған  сымдармен  қиылыспауы  тиіс.  Тірекке  шығып,  монтерлар    қорғаныш 
каскалары ӘЖ-да болмауы және жанаспауы үшін жұмыс үшін тиісті позицияны таңдауы тиіс.  
3)  Жұмысты  бастар  алдында  монтерлар  жұмыс  позициясына  тұруы  және  қай  сымның  нөлдік 
болып табылатынын (бейтарап), ал қайсы – фазалық (кернеуде) болып табылатынын анықтауы тиіс. 
Жұмыс фазалық жүзеге асырылуы тиіс. Қосылу тәртібі «нөл-фаза»  қағидасына негізделген, сымдар 
кері  тәртіпте  ағытылады.  Екі фазамен  бір  уақытта  жұмыс  істеуді жүзеге асыруға  немесе  екі сымды 
біруақытта  ұстауға  тыйым  салынады.  Бір  сыммен  түйіскенде  монтерлердің  ешқайсысына  жерге 
тұйықтағыш компоненттерді немесе басқа сымдарды ұстауға рұқсат етілмейді  
4)  Техниктер  қауіпсіз  жұмыс  үшін  тиісті  қашықтықты  қолдау  және  кернеуде  болатын  төмен 
кернеулі  және  жоғары  вольтті  желілерді  ажыратуы  тиіс.  Егер  жоғары  вольтті  және  төмен  кернеулі 
желілер  бір  тіректе  төселсе,  онда  кернеуде  болатын  төмен  кернеулі  желімен  жұмыс  өндірісін 
кернеудегі желімен жұмыс үшін қауіпсіз қашықтықтағы жоғары вольтті желіден қашықтыққа сәйкес 
келуін  алдын  ала  тексеру  маңызды.  Бұдан  басқа,  кернеуде  болатын  жоғары  вольтті  жабдықпен 
кездейсоқ  жанасуды  болдырмау  үшін  тиісті  шараларды  қабылдаған  жөн.  Төмен  кернеулі 
элеткроскопты  және  кернеуде  болатын  жабдық  және  жоғары  вольтті  желілердегі  жұмыс  өндірісі 
немесе электр разрядтарын анықтау үшін төмен кернеулі құралдарды пайдалануға тыйым салынады. 
5) Фазааралық қашықтық аз болатындықтан, жұмыс кезіндегі бір фазалық жерге тұйықтау және 


203 
 
фазааралық  қысқа  тұйықталуды  болдырмау  үшін  оқшаулау  байламы  бойынша  шараларды 
қабылдаған жөн. Тарату қорабындағы (шкафындағы) кернеу астында болатын желілердегі жұмыстар 
өндірісі үшін жерге тұйықтау және фаза арасындағы және фазалар бойынша изоляцияны бөлу үшін 
оқшауланған қысқыштарды және мырышталған болат жабындыны пайдалануға болады. 
6)  Сымның  ағытылған  клеммалары  жерге  қысқа  тұйықтауды  туындататын  тарату  қорабының 
(шкафының)  корпусымен  жанасу  және  фазаралық  қысқа  тұйықталуды  болдырмау  үшін  және 
түпнұсқа фазалар реттілігін сақтауды қамтамасыз ету үшін фазалық түсті таңбалауы бар оқшаулаушы 
төлкемен жабылуы және изолентамен уақытша оралуы тиіс.  
7)  Тарату  қорабының  (шкафының)  ішіндегі  электр  разрядтарды  металл  тарату  қорабымен 
(шкафымен)  жанасқанға  дейін  анықтау  маңызды.  Тарату  қорабы  (шкафы)  және  жер  арасындағы 
потенциалдар  (кернеу)  айырмашылығының жоқтығына  көз  жеткізу  үшін  техниктер  тарату  қорабын 
(шкафын)  ұстай  алады.  Электр  разрядтарды  анықтағанда  немесе  тарату  қорабының  (шкафының) 
есіктерін  ашуда  техник  оны  оң  қолымен  ұстауы,  тарату  қорабының  (шкафының)  есігінің  артқы 
жағына бетімен бұрылуы және оны ашу синхронды жылжуы тиіс, адам тарату қорабына (шкафына) 
тікелей  тұрса  аномалиялы  доғаның  мүмкін  қысқа  тұйықталуынан  техниктің  зардап  шегуіне  жол 
бермейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет