Тарату электр



Pdf көрінісі
бет86/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   331
 
4.6--суретОқшаулағыш киім а) оқшаулағыш манжета; b) күртке; (с) шалбар. 
 
4.5-кесте Оқшаулағыш манжеталардың номиналды кернеуі 
 
Деңгейі  
AC (тиімді мәні) 
(кВ) 
Деңгейі  
AC  (тиімді 
мәні) (кВ) 

0,38 

10 



20 
 
2) Манжеталардың ішкі және сыртқы беттерінде тегіс беттің пішініне зақым келтіретін ақаулар 
(кішкентай тесіктер, сызаттар, кедір-бұдырлар, қатпарлар немесе қуыстар) болмауы керек.
  
 
2) Оқшаулағыш киім 
Оқшаулағыш  киім  оқшаулаудың  жоғары  электр  беріктігіне  ғана  емес,  сонымен  қатар 
операторлардың  кедергісіз  және  еш  қысылмай  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  беретіндей  ылғалға 
төзімді және жұмсақ болуы керек. Қазіргі уақытта кернеулі таратушы желілерде жұмыс жасау үшін 
оқшаулағыш  киімдердің  екі  түрі  қолданылады.  Олардың  бірі  –  аралас:  қолға  арналған  манжеталар, 
көкірек қуысына және арқаға арналған қаптамалар; екіншісі – оқшаулағыш киімнің толық жиынтығы: 
күртке және шалбар.[7][10], 4.6 (b) және (c)--суретті қарау.  
Оқшаулағыш  киім  –  бұл  оқшаулауға  арналған  материалдардан  жасалған  және  кернеулі 
жұмыстарды жүргізу барысында сымдармен және электр жабдығымен жанасқан кезде операторларды 
электрлік  ток  соғудан  қорғайтын  жеке  қорғаныс  жабдығы.  Дайындау  технологиясы  мен  қалыптау 
стандарттарына қойылатын талаптарға сәйкес, оқшаулағыш киімнің беті тегіс, біркелкі, жатық болуы 
керек және ешқандай кішкентай тесіктер, кедір-бұдырлар, дақтар, қатпарлар немесе қуыстар болмауы 
тиіс. Киім тігіссіз біріктіру әдісімен тігілуі тиіс.
  
Оқшаулағыш  киімнің  толық  жиынтығын  киіп  жүретін  оператор,  әдетте,  оны  таратушы 
желілерде жұмыс жасаудың екі әдісін орындау үшін киеді.  
1)  Оқшаулайтын  киімнің  толық  жиынтығын  пайдаланатын  оператор  диэлектрлік  қолғаптар 
арқылы  кернеулі  құрамдастармен  тікелей  жанасады.
 
Мұндай  кезде  оқшаулағыш  киім  кернеулі 
құрамдастарға  қатысты  оператор  үшін  оқшаулайтын  қорғаныстың  қызметін  атқарады.  Киім  
таратушы  желілерде  азғана  қауіпсіз  арақашықтықта  жұмыс  жасауға  көмектеседі.  Алайда, 
оқшаулағыш  құралдардың  төзу  кернеуіне,  сондай-ақ
 
пайдалану  кезіндегі  тозуға  қатысты 
төзімділігінің  азғана  запасын  ескеретін  болсақ,    мұндай  құрал  жерге  оқшаулағыш  тізбекке  немесе 
көтергіш  құрылғының  оқшаулағыш  тізбектері  бар  оқшаулағыш  платформасына  көшірілген  кезде 
түйіспелі жұмыс барасындағы негізгі құралдың орнына қосалқы оқшаулағыштың қызметін атқаратын 
болады;  оқшаулағыш  экрандаушы  жабындар  фазалар  арасындағы  оқшаулайтын  қорғанысты 
ұйымдастырады.
   
2)  Оператор  бұл  жағдайда  негізгі  оқшаулағыш  болып  табылатын  оқшауланған  құралдармен 
түйіспесіз жұмыстар жасайды   және оқшаулағыш киім мен қолғаптар жеке қорғаныс мақсатындағы 
резервтегі қорғаныстың қызметін атқарады.       
3) Диэлектрлік қолғаптар және диэлектрлік аяқкиім (бәтеңкелер). 
Диэлектрлік  қолғаптар  –  бұл  кернеулі  жұмыстарды  жасап  жатқан  кезде  электр  оқшаулауды 


75 
 
қамтамасыз ететін арнайы қолғаптар және олар синтетикалық немесе табиғи каучуктан дайындалады. 
Қолғаптар бес саусақты. Олар қорғаныс құралдары ретінде пайдаланылатын қорғаныс қолғаптарынан 
ерекшеленеді; диэлектрлік қолғаптар жақсы оқшаулағыш және жоғары механикалық қасиеттерге ие 
болуы, жұмсақ әрі қолайлы болуы тиіс. 
 
Диэлектрлік  қолғаптар  потенциалы  әртүрлі  кернеулі  құрамдастарға  тікелей  жанасудан 
оқшаулай  отырып,  оператордың  қолын  ток  өткізгіш  бөліктерден  және  электр  тоғының  соғуынан 
қорғауға  мүмкіндік  береді.
 
Диэлектрлік  қолғаптар  кернеу  сыныбы  бойынша  1,  2  және  3-түрге 
бөлінеді.  1-түрге  жататын  қолғаптар  қуаты  3  кВ  және  одан  төмен  таратушы  жабдықтармен  жұмыс 
жасауға жарамды; 2-түрге жататын қолғаптар қуаты 6 кВ және одан төмен таратушы жабдықтармен 
жұмыс  жасауға  жарамды;  3-түрге  жататын  қолғаптар  қуаты  10  кВ  және  одан  төмен  таратушы 
жабдықтармен жұмыс жасауға жарамды. 
Диэлектрлік  қолғаптардың  беті  тегіс,  ішінде  де,  сыртында  да    ешқандай  тесіктер,  ақаулар, 
сызаттар,  дақтар,  кесіктер,  қысқыштың  іздері  немесе  басқа  да  көзге  көрініп  тұрған  ақаулықтар, 
қатпарлар және жаншылулар болмауы тиіс. Бояғыш заттарды бүркуге жол берілмейді. 
Диэлектрлік  аяқкиім  (бәтеңкелер)  оқшаулағыш  материалдардан  дайындалады.  Аяқкиім 
өнеркәсіптік жиілігі бойынша классификацияланады: диэлектрлік бәтеңкелер 3-10 кВ-не және 0,4 кВ-
ден  төмен  –  бұл  желі  кернеуі  бойынша,  сондай-ақ  материалы  бойынша  классификацияланатын 
диэлектрлік  аяқкиім:  матадан,  былғарыдан  және  резеңкеден  дайындалған  диэлектрлік  аяқкиім. 
Резеңке бәтеңкелер кернеулі орташа вольтты желілерде жұмыс жасау үшін қолданылады, ал матадан 
және былғарыдан тігілген аяқкиім немесе диэлектрлік аяқкиім кернеуі төмен кернеулі токқа арналған 
желілерде жұмыс жасау үшін пайдаланылады. Диэлектрлік аяқкиім (бәтеңкелер) операторды жерден 
оқшаулауды қамтамасыз етеді. Жоғары вольтты желілерде жұмыс жасаған кезде диэлектрлік аяқкиім 
жерден  оқшаулайтын  қосалқы  қорғау  құралдары  ретінде  қызмет  атқарады.  Төмен  кернеулі  токқа 
арналған  желілерде  жұмыс  жасаған  кезде  диэлектрлік  бәтеңкелер    кернеудің  артуынан  қорғайтын 
негізгі құралдар ретінде қолданылады. Диэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімдерді 4.7--суреттен көріңіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет