Тарату электр


 Жұмыс жүргізу әдісін әзірлеу



Pdf көрінісі
бет16/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   331
1.2 Жұмыс жүргізу әдісін әзірлеу  
1.2.2 
Кернеумен жүргізілетін жұмыстардың даму тарихы  
 
1) 
Кернеумен жүргізілетін жұмыстардың Қытайда даму тарихы. 
Кернеумен  жұмыстарды  жүргізу  Қытайда  1950  жылдары  басталды.  Бұл  кезде  оның  ұлттық 
экономикасы қалпына келтіріліп, дами бастаған болатын және осы бағытта көп жұмыс жасау қажет 
болған еді. Бұл уақытта электр энергиясын өндірудің қарқынды өсуіне байланысты электр қуатымен 
қамтамасыз  ету  объектілері  мен  ірі  өнеркәсіптік  тұтынушылардың  үздіксіз  электрмен  қамтамасыз 
етілуге  деген  өсе  түскен  қажеттілігінің  қанағаттандырылмауы  байқалды,  сондай-ақ  электр  қуатын 
ажырату  арқылы  әдеттегі    қызмет  көрсету  мүмкіндігі  шектеулі  болды.  Электрмен  жабдықтау 



 
желілеріне  электрмен  жабдықтауды  токтату  арқылы  техникалық  қызмет  көрсету  және 
тұтынушыларды үздіксіз электрмен қамтамасыз ету қажеттілігі арасындағы сәйкессіздікті жою үшін 
кернеумен  жұмыс  жүрізуге  қажеттілік  пайда  болды.  1953  жылы  Аньшань  электрэнергетикалық 
бюросы  электр  тарату  желілерін  немесе  жабдықтарын  және  электр  сымдарын  тазалау,  ауыстыру, 
орнату  және  бөлшектеу  үшін  қарапайым  құралдарды  сәтті  әзірледі.  1954  жылы  3,3  кВ  кернеумен 
тұрған  электр  желісінде  траверс  тіреулерді,  ағаш  тіреулерді  және  оқшаулағыштарды  ауыстыруда 
жетістіктерге қол жеткізілді. 1956 жылы 44-66 кВ электр тарату желілерінде ағаш тіреулерді, траверс 
тіреулерді  және  оқшаулағыштарды  ауыстыру  жүзеге  асырылды.  1957  жылдың  соңында  кернеумен 
тұрған  154-220  кВ  электр  жеткізу  желілерінде  оқшаулағыштарды  ауыстыруға  арналған  құрал-
жабдықтар  жинағы  әзірленді,  3,6-66  кВ  кернеудегі  желілерде  жұмыстарды  орындау  үшін  арналған 
құралдар  жиынтығы  жетілдірілді.  1958  жылы  Шэньян  орталық  зертханасында  кернеумен  тұрған 
электр  тасымалдау  желілерімен  немесе  электр  жабдықтарымен  адам  денесінің  тікелей  байланысы 
қайтадан  зерттеле  бастады  және  сынақ  алаңында  дененің  кернеумен  тұрған  220  кВ  желіге  тікелей 
жанасуына алғаш рет эквипотенциалдық сынақ жүргізілді. 
Барлық  алынған  тәжірибе    Қытайда  кернеумен  тұрған  желілер  мен  жабдықтарда  жұмыс 
жүргізілуінің дамуына және кеңінен таралуына мазмұнды және техникалық негіз қалады. 
1959–1966  жылдары  кернеумен  жұмыс  жүрізу  түрлі  өңірлердегі  ірі  және  орта  электрмен 
жабдықтау  кәсіпорындарының  кернеумен  тұрған  электр  тасымалдау  желілерінде  жұмыс  жүрізу 
рәсімдерін  әзірлеуіне  байланысты    кеңінен  таралды.  Қашықтықта  жұмыс  жүрізуден  және  
потенциалдарды  теңестіру  арқылы  жұмыс  жүрізуден  бастап    кернеумен  тұрған    оқшаулағыштарды 
жууға дейінгі техникалық қызмет көрсету әдістері әзірленді. Ұстап тұруға, тартуға және іліп қоюға 
арналған қадалар сияқты бірегей берік құралдардан бастап, тростар мен тасымалданатын құралдарға 
дейінгі  жөндеуге  және  техникалық  қызмет  көрсетуге  арналған  құрал-саймандар  әзірленді.  Жұмыс 
операциялары  кернеумен  тұрған  сымдарды  және  найзағай  таратқыштарды  ауыстыру  сияқты 
салаларда болғандықтан, бұл құрал-саймандар кез-келген комбинацияда болуы мүмкін еді.    
1968  жылы  Аньшань  электрэнергетикалық  бюросы  220  кВ  электр  тасымалдау  желісіндегі 
оқшаулағыштардың  екі  керме  тізбегінің  бойындағы  потенциалға  қолжетімділік  бойынша  сынақ 
жүргізді.      
1977  жылы  бұрынғы  Су  ресурстары  және  электр  энергиясы  министрлігі  кернеумен  жұмыс 
жүрізу әдістерінің қауіпсіздігі үшін кернеумен тұрған желілерде жұмыс жүрізуді Электр қауіпсіздігі 
жөніндегі нұсқаулыққа  енгізді.  1980-жылдардың соңында кернеумен  жұмыс  жүргізу  дамудың  жаңа 
кезеңіне өтті.      
Алайда 90-жылдардың басында Қытайдың әлеуметтік экономикасы тез, жылдам және орнықты 
дамуды  бастан  кешті  және  осыған  байланысты  электр  энергиясына  сұраныс  күрт  өсті.  Электр 
қуатының  көздері  және  электр  желілері  саласындағы  құрылымдық  проблемалар  энергиямен 
жабдықтау мен электр энергиясына деген сұраныстың арасындағы сәйкессіздіктің туындауына себеп 
болды  және  көптеген  өңірлер  энергиямен  қамтамасыз  етуді  нормалай  бастады.Сәйкесінше, 
техникалық қызмет көрсету және құрылыс көптеген токсыздандырылған орташа және төмен кернеулі 
тарату  желілерінде  жүргізілді  және  кернеумен  қызмет  көрсету  бойынша  жұмыс  жүргізу  тек  қана 
электр  тасымалдау  желілерінде  және  трансформаторлық    жабдықтарда  жүргізілді.  Орташа  және 
төмен  кернеуі  бар  тарату  желілеріндегі  кернеумен  жұмыс  жүрізу  бірнеше  жыл  бойы  тоқтатылды. 
1990-  жылдардың  соңында  электр  желілері  мен  электр  станцияларының  құрылысы  дамыған  кезде 
электр  желілерінің  және  электр  қуаты  көздерінің  құрылымы  негізінен  оңтайлы  болды,  электрмен 
жабдықтау  және  электр  энергиясына  қажеттілік  арасындағы  айырмашылық  жойылды.    Энергиямен 
жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін орташа және төмен кернеуі бар электр тарату желілерінде 
кернеумен  жүргізілетін  жұмыстар  көлемі  кеңи  бастады,  бұның  дәлелі  кернеумен  жұмыс  жүргізуге 
арналған  жұмыстардың  әдісі  мен  құралдарының  тез  дамуы  және  жыл  сайын  олардың  жұмыс 
операциялары санының және қолданысының ұлғая түсуі болды.    
Қазіргі уақытта барлық электрмен жабдықтаушы кәсіпорындар орташа және төмен кернеуі бар 
кернеулі  тарату  желілерінде  жұмыс  істейді  және  электр  энергиясын  үздіксіз  бере  отырып,  тарату 
желілерге қызмет көрсету жағына қарай жұмыс жүрізуді дамытуға дайын.   
2) 
Кернеумен жұмыс жүрізудің басқа елдерде дамуы  
Кернеумен тұрған электр желілерінде жұмыс жүрізудің басқа елдерде дамуына қатысты айтар 
болсақ,  Ресей  6-дан  1150  кВ-ға  дейінгі  кернеумен  тұрған  электр  тасымалдау  желілері  мен  тарату 
желілерін  қамту  арқылы  жұмыстарды  кернеумен  жүргізу  жүйесін  қалыптастыра  отырып,    көптеген 
жұмыс операцияларының кең ауқымымен  жұмыстар жүргізеді. 
Құрама Штаттар жұмыстарды кермеумен жүргізу бойынша ұзақ уақыттық тәжірибеге ие және 



 
онда  бұл  саладағы  ең  үздік  әдістер  мен  құралдар  бар.  Қазіргі  уақытта  тікұшақтар  мен 
манипуляторлар  АҚШ-та  кернеумен  жұмыс  жүрізудегі  негізгі  құралға  айналды.  Франция, 
Ұлыбритания,  Канада,  Германия,  Италия  және  Дания  сияқты  басқа  елдер  кернеумен  тұрған  электр 
тасымалдау  желілеріне  қызмет  көрсету  бойынша  жұмыс  жүрізуде  мол  тәжірибеге  ие,  бұны  осы 
елдердің  автоматтандыру  мен  механикаландырудың  жоғары  деңгейімен  ерекшеленетін  және  түрлі 
жұмыс  операцияларына  мамандандырылған  жұмыс  жүрізу  құралдары  мен  әдістерінен    көруге 
болады.  
Кернеумен жұмыс жүрізуді кеш бастағанына қарамастан, автоматтандырудың жоғары деңгейі 
және  алдыңғы  қатарлы  жұмыс  құралдары  бар  Жапонияда  бұл  сала,  әсіресе  таратушы  электр 
тасымалдау желілерінде тез қарқынмен дамыды. Қазіргі уақытта Жапонияда жұмысшы оқшауланған 
буыны бар көтеру платформасының оқшауланған кабинасында отырып,  манипуляторды басқаратын 
жұмыстар кеңінен таралған. Манипуляторда механикалық немесе гидравликалық жетек бар және ол 
робот  бағытында  дамытылады.  Алдыңғы  қатарлы  технологияны  пайдаланатын  «Kyushu  Electric 
Power  Co.,  Ltd.»  компаниясы  жерде  тұрып,  икемді  әрі  қауіпсіз  жұмыс  жасай  алатын  екінші  буын 
роботтарын қолдана бастады.    
 
1.2.3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет