203
фазааралық қысқа тұйықталуды болдырмау үшін оқшаулау байламы бойынша шараларды
қабылдаған жөн. Тарату қорабындағы (шкафындағы) кернеу астында болатын желілердегі жұмыстар
өндірісі үшін жерге тұйықтау және фаза арасындағы және фазалар бойынша изоляцияны бөлу үшін
оқшауланған қысқыштарды және мырышталған болат жабындыны пайдалануға болады.
6) Сымның ағытылған клеммалары жерге қысқа тұйықтауды туындататын тарату қорабының
(шкафының) корпусымен жанасу және фазаралық қысқа тұйықталуды болдырмау үшін және
түпнұсқа фазалар реттілігін сақтауды қамтамасыз ету үшін фазалық түсті таңбалауы
бар оқшаулаушы
төлкемен жабылуы және изолентамен уақытша оралуы тиіс.
7) Тарату қорабының (шкафының) ішіндегі электр разрядтарды металл тарату қорабымен
(шкафымен) жанасқанға дейін анықтау маңызды. Тарату қорабы (шкафы) және жер арасындағы
потенциалдар (кернеу) айырмашылығының жоқтығына көз жеткізу үшін техниктер тарату қорабын
(шкафын) ұстай алады. Электр разрядтарды анықтағанда немесе тарату қорабының (шкафының)
есіктерін ашуда техник оны оң қолымен ұстауы, тарату қорабының (шкафының) есігінің артқы
жағына бетімен бұрылуы және оны ашу синхронды жылжуы тиіс, адам тарату қорабына (шкафына)
тікелей тұрса аномалиялы доғаның мүмкін қысқа тұйықталуынан техниктің зардап шегуіне жол
бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: