Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері. Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы



бет1/3
Дата28.06.2023
өлшемі33,41 Kb.
#103651
  1   2   3
Байланысты:
Шарипов А.С.


Жоспар

Кіріспе.

Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері.

Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы.


Тарау ІІІ. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы,


салалары.

Қорытынды.


Пайдаланылған әдебиеттер.


Кіріспе.



Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде
өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,
мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби
практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды
практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларында маңызды өзгеріске ұшыратады.Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп)психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.

Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері.


Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым»,


«ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің
субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес,
сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін
ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты
психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының
заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі
жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина,өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді– олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...» Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша,психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп,зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты
сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің
даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның
негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер
айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.
Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда
болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары
мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан
бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі үш бөлімін қарастырамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет