Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері. Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы



бет2/3
Дата28.06.2023
өлшемі33,41 Kb.
#103651
1   2   3
Байланысты:
Шарипов А.С.

1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиеттер;
3)психикалық қалып.
1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу,
қиял және елес, ес;
2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,
қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену,
абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.
Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу,
қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің
көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді.

Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы.


Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне


не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,
психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде
психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану,
жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан
басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады. Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Дж.Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы – табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж.Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде – идеялист болып көрінеді.Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.
Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек
қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға
негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге
болады.
Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік
пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата- бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.

Тарау ІІІ. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы,


салалары.

Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы


бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану
ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық
ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер
ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше,
оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем
шығармалар туындату мүмкін емес деген.
Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті.
Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі
психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары
түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.
Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде
орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді.
Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп,
нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіп-
дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу
қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы
мүмкін.
Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б.
ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-
жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз
байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік
принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді.
Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан
ғылыми-техникалық прогрестің әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет