Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы



бет49/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

4.3 Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.
Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда және оларды құруда ата - аналармен ынтымақтастықта жұмыс атқару негізгі орын алады. Қоғамның сұранысына сәйкес «оқушы - мұғалім - ата-ана» өзара бірлестікте, сабақтастықта, жүйелі тұрде жұмыс жоспарын құру арқылы іс -әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиенің алдына қойылған мақсат, міндеттері, негізгі қағидалары орындалады. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда мектептік ата - аналар комитеті, сыныптағы ата -аналар комитетінің идеялары басшылыққа алынады. Қазіргі таңда мектептерде тәрбие жұмысын жетілдіруде ата - аналардың ықпалын ерекше атауға болады. Себебі, тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда ата - ана өз балаларының білімді, білікті, шығармашыл, интеллектуалды тұлға болып қалыптасуын бірінші шарттардың қатарына қояды.
Мектеп басшылары, мұғалімдері мен сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, психолог т.б. оқушылармен және оның ата-аналармен педагогикалық дәріс, ғылыми-практикалық конференция, ата-аналар жиналысын, треннинг, диспут т.б. жұмыстардың түрлерін бірлесе жүргізеді.
Педагогикалық дәрістің мақсаты - ата-аналардың назарын бүгінгі отбасы мәселелеріне аудару. Мұндай дәрістер ата-аналарға тәрбие теориясынан жүйелі білім береді.
Балалармен жаппай педагогикалық оқуды 1-2 сыныптардан бастаған жөн, оның себебі мектептегі оқу қызметімен қаруландырудың негіздері осы кезеңде басталады. Оны мектеп директоры, оқу және тәрбие ісін меңгерушілер, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар жүргізеді. Мектептегі параллель сыныптарды біріктіріп өткізуге болады.
Көптеген мектептерде Педагогикалық білім университеттері ата – аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие теориясынан дәрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі. Осы жұмыстың кейде өз деңгейінде жүргізілмейтін кемшілігі болады.
Ата-аналарды мектеп өмірінің түрлі қырын түсіну үшін бала тәрбиесі жөніндегі жылдық қорытынды конференцияларға қатыстыру ұйымдастырылады. Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптың бірі – отбасында баланы еңбекке тәрбиелеу, т.б.
Мектеп есігінің ашық күндері тоқсанның соңына қарай өткізіледі. Оған мектеп арнайы салтанатты түрде дайындалады. Оны өткізу бағдарламасы:
Акты залында ата-аналарға арналған концерт 30 минут шамасында, І-XІ сынып оқушыларының белсенді мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі. Мектептегі ең жақсы сынып және үздік оқитын жеке оқушылардың аттары аталады.
Әр сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі. Оқушылар ата-аналарға қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып, өздері жасаған сувенирлерін тапсырады.
Түрлі тақырыпқа арналған, оқушылар қолымен жасалған көрмені аралап, ондағы оқушылардың қолымен жасалған дүниелерді көреді.
Спорттық жарыс ұйымдастырылып, ата-аналардың марапаттау сыйлықтары тапсырылады.
Ата-аналар оқушылармен көркемсуретті фильмдер көреді.
Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін.
Сынып ата-аналарының жиналыстары – ата-аналармен жүргізілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс нақты мәселені шешуге бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы қиындықтарды жою немесе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме?ң Қаралатын мәселе ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.
Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу: отбасымен танысу, оларға педагогикалық тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық консультация жүргізу. Консультация барысында мынаны ескеру керек: ата-аналардың бала тәрбиесіне ынталы болуын қолдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу, нақты сұрақтарға ұсыныстар беру.
Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалық әдептілікті мектеп оқушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және ғылыми түрде жүйелі ұйымдастырудың маңызы зор. Осымен байланысты жоғары сынып оқушыларына ата-аналық міндет пен құқықты арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін күн ілгері ұялатуға тура келеді.
Сынып жетекшісі отбасымен педагогикалық және психологиялық тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс орнатудағы басты қадамы ата-ананың беделін көтеретін іс-шараларды белгілеу. Ешқашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескертпе жасап, өзін онан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсіністік байланыс қана біріне-бірінің арасындағы сенімін, құрметін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата-ананың түсіністік қарым-қатынасы оқушыны жауапкершілікке, қойылған талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, педагогикалық мәдениетін көтеруге және тәрбие ісіне белсенді араласуына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбиелеу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
Үшінші ереже. Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып жетекшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабардар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі от басында пайда болған мәселені шешуге көмекке келуі тиіс. Оның мейірімділігі мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.
Төртінші ереже. Отбасында баланың жағымды жақтарын бала тәрбиесіне негіз етіп, оны жетістікке қол жеткізуге тәрбиелеу. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу өте күрделі болғанымен де, кездесетін қайшылықтарды шеше білу және педагогикалық ситуациялардың шешімін дұрыс таба білу өте маңызды.
Мұғалімнің отбасымен байланыс орнатуы ең маңызды мәселе. Осыған орай, мұғалім отбасы мүшелерімен танысқаны жөн. Ерекше назар аударатын мәселенің бірі - ата-аналалардың үнемі жұмыста болуы. Сондықтан мұғалімнің кез келген уақытта ескертусіз ата-ананың үйіне келуі, түрлі ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сол себепті мұғалімді ата-ана өз уақытының ыңғайына қарай отбасына шақыруы тиіс. Мұғалім отбасына келетін уақытын алдын ала белгілеп, оқушының жетістігі мен кемшілігін педагогикалық тұрғыдан дұрыс көрсетіп, психологиялық жағынан шебер жеткізе білуі тиіс. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен де ата-ана сынып жетекшісінің айтқан пікірін өз баласының жағымды қырларын және бала тәрбиесінде жіберілген кемшіліктерін мұқият қабылдайды. Пікірлесу барысында кейбір отбасылардың жағымды тәжірибесінен хабардар болады.
Ата-аналармен байланыс орнатудың тағы бір түрі, оларға – педагогикалық тапсырма жүктеу. Мектеп үйірмелерін жүргізу, мекен – жай аумағында клубтар ұйымдастыру, спорттық секция жүргізу, техникалық үйірмеге қатысу, түрлі көмек көрсету, т.б. жұмыстарға да араласа алады.
Мектептің материалдық базасын нығайтуға, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге көмектесу, кабинеттерді жабдықтауға, мектептің айналасын көгалдандыруға, т.б. істерге көмектеседі. Әр ата-ананың мектепке қандай көмек көрсете алатынын сауалнама арқылы анықтауға болады.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-аналармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет