Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


«Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері



бет65/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

7.1 «Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. «Педагогикалық технология» ұғымы 1960 жылдардан бастап «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды. Педагогикалық технологияның белгілі авторлары Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Бруннер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ресей ғалымдарының арасынан педагогикалық технология теориясы мен тәжірибесін өз еңбектерінде қолданған ғалымдар: В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Ф.А.Мустаева, Л.Е.Никитина, И.П.Подласый, Г.К.Селевко. П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривин, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниев, И.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, т.б.
Энциклопедиялық сөздікте «технология – techne - өнер, шеберлік және loqos – ғылым, заң», яғни, технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым деп берілген. Білім беру саласындағы «технология» ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұғымынан туындағаны анық.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология – білім беру формаларын оңтайландыруға бағытталған техникалық және адам ресурстарын, білімді игеру мен оқыту процесін анықтау, қолдану және жасауға арналған жүйелі тәсіл» деп атап көрсетсе, В.М.Монахов «Педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушыға ыңғайлы жағдай жасай отырып, оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі»,
Педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсатты шешуге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын бірімен-бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады. «Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек.
Тәрбие технологиясы тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға негізделген педагогикалық оқу - тәрбие үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара қарым қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс әрекеттерін қамтиды.
Педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсатты шешуге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын бірімен-бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады.
Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педагогикалық үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Педагогикалық үрдіс белгілі принциптер жүйесіне бағынатындықтан, педагогикалық технология ішкі және сыртқы әрекет бірлігі ретінде қарастырылып, сол принциптерді шынайы өзара байланыста жүзеге асыратын педагог тұлғасынан көрінеді. Педагогикалық технологияның оқыту және тәрбие технологиясынан ерекшелігі осында. «Әдіс» түсінігі кешенді әдістерді, оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін, оны іске асыратын адамнан тыс қарастыратын болса, онда педагогикалық технология - педагог тұлғасының алуан түрлі әрекетіне тәуелді. Осыдан барып, кез келген педагогикалық мақсат тиімді шешілуі үшін білікті педагог технологияға сәйкес, алуан түрлі әрекеттер жүйесін таңдап қолданады.
Педагогикалық технология оқыту және тәрбие технологиясы түрінде қарастырылады. В.В.Пикан педагогикалық технологияның маңызды белгілерін бөліп көрсетеді.
- технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін автордың әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім беру үрдісінің технологиясы немесе жеке тұлғаны дамыту технологиясы екені анықталады;
- педагогикалық әрекеттердің технологиялық тізбегі, операциялары, коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже формасын белгілейді;
- технология мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекетін келісім шарт негізінде саралау және даралау, адамдық және техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, диалогтық қатынастарды оңтайлы шешу принциптеріне негізделеді;
- педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұғалім қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған нәтижеге (мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;
- педагогикалық технология мен диагностикалық процедуралар (өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструментарилер) органикалық байланыста болуы тиіс.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек операциялық компонентті меңгерумен шектелмейді. Педагогтар арасында орын алған пікірдің бірі - педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән, оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен де педагогикалық технология мен шеберліктің ара қатынасын ескерсек, педагогикалық технологияны меңгеру, педагогтың жеке сапалық қасиетіне байланысты. Кез келген технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі мен шеберлігі әр түрлі болады.
Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық технология жалпы және жеке технологиялар болып бөлінеді. Жалпы технологияға оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие ситуациясын талдап, оны шешу жолдарын анықтау.
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жобалап, оны жүзеге асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет, егер оның біреуі өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр болады. Педагогикалық технологияның «әдістенң айырмашылығы тәрбиеленушілер әрекетінің мазмұнын және оны ұйымдастыру тәсілдерін жобалау керек. Педагогикалық технология қойылған мақсаттың диагностикасын және жеке тұлғаны тұтастай дамытатын педагогикалық процесті обьективті бақылауын қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет