Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет109/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Тәрбиелілік – адамзат қоғамында әлеуметтік тұрақты заң болып қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіріп, оны күнделікті өмірде қолдануды дағдыға айналдыру.
Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үрдісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы. Тәрбие жүйесіне тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына құрылған сабақ үстіндегі және сыныптан тыс жұмыс түрлері сабақ, үйірме жұмыстарды, кештер мен жарыстар, байқаулар, т.б. енеді. Бұл жұмыстардың бәрі алдын-ала жоспарланып, ұйымдасқан түрде тәрбиеші-педагогтардың басшылығымен іске асырылады.
Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Тәлімгер – жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты адамдардың ортақ атауы (әке-шеше, мұғалім).
Тәлімгерлік – аға ұрпақтың алдыңғы қатардағы өкілдерінің жас ұрпақ тәрбиесіне, оны өмірге, еңбекке дайындауға қатынасуының бір түрі.
Теория - идеялардың, ойдың, тұжырымның жиынтығы.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.
Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесі
Тәрбие теориясы– ғылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.
Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.
Тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет