бет 93/116 Дата 14.10.2023 өлшемі 415,77 Kb. #113720
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³ Семинар тақырыбы. Отбасы - оқушылардың тәрбиелік және дамытушы ортасының негізі. Мұғалім пен оқушы ата-аналарының ынтымақтастығы.
Мазмұны. Отбасы тәрбиесінің мақсаты , міндеттері , мазмұны, құралы, формасы. Отбасындағы мәселелерді шешудің практикалық жағы , ата-аналар мен әлеуметтік–педагогикалық ағарту жұмысын жүргізу. Отбасындағы мәселелерді шешудің практикалық жағы, ата-аналармен әлеуметтік – педагогикалық ағарту жұмысын жүргізуге талдау жасау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Қазіргі отбасының ерекшеліктері қандай?
Отбасының жас ұрпақ тәрбиелеудегі мақсаты не?
Отбасы тәрбиесінің формалары мен құралдары қандай?
Отбасындағы тәрбие мәселесін жақсарту үшін ата-аналар және оқушылармен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?
Отбасы тәрбиесін қалай жетілдіруге болады?
Түрлі отбасымен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?
Көп балалы отбасының ата-анасымен қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
Ата-аналармен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықты жеңу жолдарына тоқталыңыз.
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік
жұмысына арналған тапсырмалар
Қазіргі қазақ отбасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Отбасына арналған журналдармен танысып , онда қандай отбасы мәселелері көтерілгенін жинақтап айтыңыз.
Мықты отбасын құру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
Сынып жетекшісінің отбасына педагогикалық көмек көрсету бағдарламасының мазмұнын түсіндіріңіз.
Отбасының саяси және ақпараттық мәдениетін арттырудың мақсаты не?
Отбасын сипаттайтын өлшемдерге тән түрлі отбасыларына жазбаша түсінік жазыңыз.
Ата-аналармен өткізілетін жиналыстың тақырыбын таңдап , оның мазмұнын жобалаңыз.
Ата-аналардың қандай тақырыптарға педагогикалық консультация алғысы келетінін анықтайтын сауалнама жасаңыз.
Белгілі бір сынып жетекшісінің отбасымен жұмыс жүргізу бағдар ламасын құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: