Тарау.ӘЛ-фарабидің педагогикалық гумандылық КӨЗҚарастарын зерттеу


Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар



бет9/12
Дата04.06.2023
өлшемі474,5 Kb.
#98586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дип.-ӘЛ-ФАРАБИДІҢ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ЖӘНЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-КӨЗҚАРАСТАРЫ

2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар.
Әбу Насыр Әл – Фараби өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның Оңтүстік өлкесі сол кездері үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX –X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолы – атақты Жібек жолының бойына орналасқан дейді. Ол сондай –ақ өнер – білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп өскен кезінде көптеген ғұлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмәндануға болмайды.
VIII – XII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тілінде сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Осы кездері Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан Индияға, одан сонау Испаниядағы Пиреней түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жәйт Орта және Таяу Шығыс елдерінде физика, математика, медицина, химия, астрономия тағы басқа жаратылыс тану ғылымдарының дами түсуіне, бұлар Шығыс философиясы мен мәдениетінің қалыптасуна зор әсер етті. Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе жүзінде ашуға талаптанды, олар әрмен Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қойып, оны әрмен қарай дамыта түсті. Ортағасырлық Шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріншісі – ортодокстік ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі – неаплатондық ағым (суфизм), үшіншісі - перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотель жолын қуушылар. Соңғысы қоғамның прогрессивтік топтарының көзқарасын бейнелейді. Осы ағымдағы ағылшын өкілдері философиялық мәселелерді зерттеуде алдымен табиғаттану заңдарына жүгінді, прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеді. Осы ағымның көрнекті өкілдерінің бірі Әл – Фараби болды./47/
Ол Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастыры, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жасады.Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пантеистік тұрғыдан түсіндіретін «Алла тағаланың ақыл - парасаты» - дейтін ілімге негізделген. Ұлы ғұлама өзінің нәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенмен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық. Мәселен, ол дүниенің мәңгілігін мойындап, табиғат құбылыстарын детерминистік (себептілік) принципі бойынша түсіндірді, жанның мәңгі-бақи жасамайтындығын, өліп- өшіп отыратындығын мойындайды. Оның ғылыми – материалистік идеялары, әсіресе оның таным мәселесі мен логика ғылым туралы айтқандарында, сондай-ақ адамның жан қуаттарының әрқилы жақтарын түсіндіруге ерекше байқалады. Кезінде ол болжам жасап, пікір айтпаған ғылым – білім саласы кемде – кем. Мәселен, тек психология саласында ғана ол жеті еңсек («Жанның мәні туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы », «Ақыл және ұғым», « Жасөспірімнің ақылы туралы кітап», «Ересектердің ақылы туралы кітап», «Темперамент туралы ») жазған екен. Бірақ бұлары біздің заманымызға жетпеген. Оның жан дүниесі туралы толғаныс – тебіреністері бізге басқа еңбектері («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат», «Азаматтық саясат», «Даналық таңба тастар», « Бақыт жолын сілтеу», «Мәселелердің мәні», т.б.) арқылы біршама мәлім болып отыр.
Психология үшін іргетасы мәселе болып табылатын жан мен тәннің ара қатынасы, бұл екеуінің бір – бірімен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзін сол кездегі ғылыми ой –пікірдің биігінен көрсете білді. Ол жанның мәңгі өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның «Жан тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі - бақи өлмейді деуі қате түсінік» - деп түйді. Оның пікірінше, «жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан тәннің тірлік қасиеті,адамда екі жан болмайды, адамның тәні де, жаны да өткінші, уақытша. Тән жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасып, жетілуіне әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы қажет. Тәннің саулығы жоқ жерде жан саулығы да жоқ. Шыққан жан еш уақытта қайтып келмейді, бір денеден екінші денеге көшіп жүрмейді, бірақ көңілі мен рухы кіршіксіз таза, көзі ашық оқыған адамның жаны мәңгі- бақи өмір сүреді де, надан залым, зымиян адамның жаны өшіп кетіп отырады».
Фараби адам жанының табиғатын қазіргі термин бойынша (психикалық құбылыстары) тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысады. «Тәннің де, жанның да иесі – жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми да жүреккке бағынышты». Жүрек - тіршілік тірегі, ол қан айналысы мен қимыл- қозғалыстың орталығы. Жүрекпен байланысты мүше жоқ, ми да қорек алып, сонан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы ілімде Фараби ұстазы Аристотельдің ықпалында болды. Ұлы грек ойшылы өзінің «Жан туралы» еңбегінде өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда үш түрлі жан болады десе, түрлеріне ғана ерекше мән береді. Мұның бірі - қозғалдыратын қуат бүкіл организмге ортақ. Ал танып – білу қуаты жануарлар мен адамдарға ғана тән, бұлар сыртқы дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілеті жоқ. Сондықтан да олар бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректену қуаты пайда болады. Бұл оның тәні, яғни өсіп - өнуге негіз болатын дене бітімі. Адамның танып – білу қуаты да екіге бөлінеді. Мұның біріншісі – сыртқы жан немесе түйсіктену қуаты деп аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болады. Сыртқы жан қуаты беске бөлінеді. Олар: көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері. Екіншісі - ішкі жан қуаты. Бұларға еске түсіру, талпыну қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат – оның ақыл –парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті. Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» дейтін еңбегінде сипаттама береді. Мәселен, .... «қиял - адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бірі екіншісіне қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден, ол ойлауға материал жинастырады, түйсікпен екеуі адам ойлауының терең, жан жақты, орамды болуына жәрдем береді. Ол түс көру құбылысын қиялмен байланысты түсіндіреді. Түс көру - адамның ояу кезінде шындықта көрген, білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде , мұндай бейнелер адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс көру туралы тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологиялық айтқандарымен үндесіп жатқаны жақсы байқалады.
Ғұлама адамның тану процестері екі басқыштан тұратындығын айтады. Оның біріншісі - сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес проестері жатады. Түйсік - дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елесінің сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғарғы сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ, өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық нәрсені жаттап алуға болмайды. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен қисындар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.
Фараби эмоция , сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұл психиканың қалған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп – сұр болып, түсі қашады.
Жан қуаттары туралы ілімінде Фараби адамның ерік – жігер, қажыр – қайратын да жеке процесс ретінде пікірлерінде жол- жөнекей сөз етеді. Ол ізгі қала, ондағы адамдардың қажыр – қайраты, ерік – жігері - рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі факторлары дейді. Қылық пен іс - әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу т.б. ерік – жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық, дүниеқоңыздық,нәпсіқұмарлық т.б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби танымның бірініші басқышы – түйсіктер табиғатын дұрыс түсіндіргенімен ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерінен туып отырады дейді. Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкедегі) түрлі бейнелер деуі - ғылыми өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғаш саңылау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай- қайсысы да адамды сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап. «Сыртқы нәрселердің,- деп жазады ол әсерімен... заттардың образдары пайда болады» -. Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей – ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та оның бояуы да анық көрінбейді- деп жазды ол, көзге сырттан күшті әсер келіп түскенде ғана адамда түйсік пайда болады. Бұл жерде ғұлама психологияны іргелі теориялық қисыны «бейнелеу теориясының» төңірегінде сөз қозғап отыр.Ол психикалық процестердің (жан қуаттарының) бәрінде (тек түйсіктену ғана емес) дене мүшелерінде болып жататын белгілі бір материалдық, физиологиялық құбылыстармен байланысты қарайды.
Фараби жан қуаттарының басты түрлеріне сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да іргелі проблемалары жөнінде сөз қозғайды. Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілетіндігі жайлы мәселеге де ерекше мән береді. Жан - айрықша сапада тұрған қасиет. Жануар мен адамның тән құрылысының өзгешілігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосындысынан (ыстық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарғы қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам - жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл – парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан, әртүрлі топтардан тыс өмір сүре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің тілек –талпынысы мен мұң- мұқтажын жеке жүріп қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ол басқа адамдармен қарым – қатынасқа түседі. Өйткені, жекелеген адамың тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды./34,8/
Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып жетілетіндігі жөнінде де қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп -өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ана құрсағында- ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм түйсігі, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Фарабидің адамның жан қуаттарының жеке – дара өзгешіліктері туралы айтқан пікірлері де көңіл қоярлықтай. Бұлар адамның жеке өмір сүру тәжірибесінен, оның дене бітімінен , өзіндік белсенділігінен туындап жатады, яғни адам бір – бірінен тән жөнінен қандай өзгеше болса, жан жөнінен де сондай өзгеше болды, яғни жан қуаты біреуде мол, біреуде аз мөлшерде келеді, бұл жағдай оның темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сиқты жанды жаттығулар арқылы жетілдіреді.
Фарабидің психологияның түрлі салалары (әлеумет, музыка, өнер, медицина т.б.) жайлы айтқан салиқалы пікірлері, сондай- ақ психологиялық терминдердің жүйесін жасағандығы жайлы мәселе өз алдына бір төбе.
Әл – Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы» трактатында қала адамдарының әр түрлі топтарына жеке – жеке сипаттама беріп, бұларды қоғамдық (әлеуметтік) психологияның негізгі категориялары ретінде ұсынып талдау жасады./13,4/
Адам - қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір сүру үшін көптеген нәрсеге мұқтаж болады. Мұның бәрі ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан да ол басқалармен қарым – қатынасқа түсуі қажет. Адам өсіп - өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді. Осындай қоғамдардың бірі - толық, екіншісі – толымсыз, яғни толық емес қоғам деп аталатын. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта және кіші қоғам. Үлкен қоғам - жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы. Орта қоғамға- белгілі бір халық, тайпалар кіреді. Ал кіші, шағын қоғамға - жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы, үйелмендер де жатады.
Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарына талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың нендей кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс -салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтар көрсетпекші болады. Сөйтіп, Әл – Фараби әр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап, қоғамдық психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне тұңғыш қоя білген Шығыс ғұламасы. Орта ғасырларда қала тұрғындары өздерінің тікелей айналысқан кәсібіне, әлеуметтік жағдайына қарай бір жерге шоғырланып, бір топтан екіншісіне бөлек орналасса керек. Осынау топтардың өздеріне тән ортақ моральдық – психологиялық қасиет – сипаттары болғанға ұқсайды. Мәселен, олардың (әр түрлі қала тұрғындарының) бақытқа жету жайлы түсініктері де түрліше. Бұған «ізгі қаланың» тұрғындары бір түрлі жолмен, ал надан қаланың тұрғындары басқаша жолмен жетуді көздейді. Егер ізгі қала адамдары тату – тәтті өмір сүрумен, ғылым - білімді дамытып, көркею жолымен бақытқа жеткілері келсе, надан қаланың адамдары бақытқа жұртты алдап, арбап, неше түрлі қулық – сұмдық істер жасап, жетуді аңсайды. « Адамдар,-деп жазды Фараби – бақытты болуы үшін біріне – бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмытылып, біріне – бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді».
Ол ізгі қаланы ауыр – сырқауы жоқ адаммен салыстырады. Тән мүшелерінің бірімен – бірі тығыз байланыста болатындығы және олардың белгілі тәртіппен денеден орын алатындығы сияқты ізгі қаланың тұрғындары да бір- бірмен ынтымақты байланыста болады./51/
Ізгілік, бақыт туралы (надан қала тұрғындарының ) білетіні байлыққа рақаттану, құмарлыққа ери беру, мансап пен сый- құрметке еліру. Бұлардың бәрі надан қаладағылар үшін бақыт болып есептелінеді. Фараби надан қала тұрғындарын дүниетанымы мен әлеуметтік жағдайына, айналысатын кәсібіне, талғам – тілегіне қарай бірнеше топқа бөледі. Олар : қажеттілік, айырбас, опасыздық пен бақытсыздық, атаққұмар, билікқұмар және бетімен кеткендер. Мәселен, ол қажеттілік қаласы тұрғындарын, ондағы кедей шаруалар мен қала кедейлеріне жылы лебіз білдіріп, оларды феодалдар мен қала әкімдерінің қанауына түсіп отыр дейді. Қажеттілік қаласының тұрғындары ауыл шаруашылығы жұмыстарының сан саласымен, сондай- ақ аң аулау, қолөнер сияқты, тағы басқа еңбек түрлерімен шұғылданады. Осындай қаланың тұрғындары аса еңбеккер келеді, олар тек өздеріне керекті, пайдалы нәрсені ғана өндіруге тырысады ( тамақ, киім т.б.) және еңбек үстінде олар бір – біріне көмектесіп, ынтымақтасып отырады. Осы қаланың өкілдері кей кезде ұрлықпен де айналысады. Бұған итермелеуші олардың күнкөріс тауқыметін тартуы. Сондықтан да Фараби бұларды ұрлық жасады деп сөгіп, айыптамайды, өйткені тұрмыс адамның адамгершілік нормаларын, мінез – құлық сапаларын белгілейді.
Қажеттілік қаласының тұрғындары жеке бастарының баюын көздемейді, байлықты бір- бірінен асыруды қажет деп те таппайды. Осыған орай, қажеттілік қаласы адамдарының мнез - құлқы жақсы жағынан көрініп отырады.
Айырбас қаласының тұрғындары байлыққа ерекше құмар келеді. Олар саудамен айналысады, сауда жүрген жерде ұрлық та, зорлық – зомбылық та кездеседі. Осы қаланың тұрғындары, - ауқатты тұрады, олар баю жолында бір – біріне көмектесуге тырысады. Олар ұрлықты күн көру үшін емес, тек жеке басын байыту үшін жасайды. Бұлар өз күшімен еш нәрсеге өндірмейді, адал еңбекті білмейді, тек алыпсатарлықпен айналысып баюды ғана көздейтін өсімқорлар мен саудагер көпестер.
Опасыздық пен бақытсыздық қаласының тұрғындары да белгілі бір әлеуметтік топ болып табылады. «Ождансыздар мен бейбақтар қауымының адамдары , - деп жазады ол ,- жан рақатын ішіп жеуде, азғындық қылықтармен айналысуда деп түсінеді, қысқасы, олар тек көңіл көтеру мен түрлі ермекке бой ұрып, сезімі мен ойын сонымен былғайтындар болып табылады. Бұлар өмірден тек рақат пен ермек іздейді де, пайдалы еңбекпен айналыспайды. Мұндай қалада ірі феодалдар, олардың бала – шағалары, бос белбеу ұлдары мен сылаңдаған бикештері өмір сүреді»/31/
Надан қалалардың әр түрлерін Фараби басқа еңбектерінде де жол – жөнекей айтып отырады. Мәселен, «Азаматтық саясатта» ол коллективтік, қайырымды қалалармен бірге бұзылған сараң қайырымсыз қалалардың да болатынын ескертеді. Бұл қалалардың тұрғындары туралы айтқанда ол әр түрлі әлеуметтік топтардың психологиясын көрсетеді. Мәселен, коллективтік қаладағы адамдар бас бостандығын сүйеді, бір – бірімен тең өмір сүруді, бірі екіншісінен артық тұруды көздемейтінін әңгімелейді. Осы қалада оның басшысы тұрғындарының талап – тілегіне орай сайланып отырады, олар өз еркімен некелеседі. Адамдардың дүниеге келу, өсіп- жетілуі, яғни тәрбиеленуінің бәрі –бәрі де табиғи жағдайда үйлесіммен жүріп жатады, түрлі топтардың өкілдері бір – бірімен ынтымақты өмір сүреді, мұнда ғалымдарға, өнер иелеріне, ақындарға т.б. зиялы қауымның өкілдеріне барлық жағдай жасалған.
Ол қайырымды қала тұрғындары пайдаланатын игіліктерге ғылым негіздерін меңгеру, әділдікке ұмтылу, әр түрлі әлеуметтік топтардың бір – бірімен тату – тәтті өмір сүруі т.б. жатқызады.
Қайырымды қала тұрғындарының басым көпшілігі - әлеуметтік жағдайлары төмен сатыда тұрған адамдар. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның біріншісіне кедей- кепшіктер жатады. Олар ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдар. Олардың мұң – мұқтажын қанағаттандыруды үнемі естен шығармау керек. Егер ол құр босқа мүлейімсімей кедейлігін айтып келсе, оған көмектесіп, ерекше ілтипат жасау қажет.
Қайырымды қала тұрғындарының қатарына медресе шәкірттерін де жатқызады. Кейбір шәкірттер,- деп жазды Фараби,- білім алуды өздерінің қара басының қамы үшін пайдаланғысы келеді. Бұл өте жаман қылық. Мұндай шәкірттердің ісіне сын көзбен қарап, теріс мінездерін алдымен өздеріне түзеттіру қажет. Ал, мінез түзу шәкірттерге білім ешбір қиындықсыз қонады, оларды оқытып, тәрбиелеуге ешқашанда жалықпау керек. Ұстаздың жәрдем беріп, көмектесетіні де осындай шәкірттер.
Қайырымды қала тұрғындарының келесі тобына әлеуметтік жағдайы барша жұрттан жоғары тұратындар (қала бастығы, оның әр түрлі жәрдемшілері мен серіктері,т.б.) жатады. Бұлардың жақсы қылығы болса мадақтап, әділдігін жұртқа айтып отыру керек. Ал қала бастығының кемшілігін тікелей айтпай, жанамалап өсиет, уағыз түрінде, мақал – мәтелдер арқылы салыстыра, яғни астарлы әсем сөздермен – ақ мінез – құлқындағы кемшіліктерін түзетуге болады.
Осылайша әр топтағы адамдардың психологиялық өзгешіліктері туралы айта келіп, Фараби былайша түйіндейді: адам өз өмірінің қожасы; сондықтан да ол өз бақытын өзі жасауы тиіс. Бұл үшін ол нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған –тергенін орынсыз шашпай, кез – келген адамға, кім көрінгенге сыр ашып сене бермей, өзінің мақсат – мүдделері туралы тек ғазиз достарымен ғана сырласып отырулары тиіс. Осылайша өмір сүрген адам ғана өзіне де, өзінің қаласына да қиянат етпей, ар – ожданы таза адам болып табылады./16/
Қазақ перзенттерінің көбі табиғаттан (жаратылысынан) жан тану шеберлері (психологтар). Әл- Фарабиді халқымыз ғалым дейді, Абайды ақын дейді.
Егеменді елдің халқы, оның ұрпақтары - Әл – Фараби мен Абайды ұлы психологтар дейтін болады. Өйткені екі бабамыздың да даналық ой – тұжырымдарын еліміздің психологтары түгіл, Еуропа психологтарымен тең қоюға болады. Онда болжам - гипотеза, концепция, психологияның әдіс –тәсілдері де бар. Олар болғанды ғана емес, болатын, болуы мүмкін жайларды, адам бейнесін, оның көңіл – күйін табиғат құбылыстарымен байланыстыруы, оның нақтылы бір адамды суреттеуі, оған мінездеме беруі немесе жеке адамның сөзін, ойын көрсетуде: жігіт сөзі, қыз сөзі- мен қатар топтың өкілдерін сөйлетуі, олардың әрқилы мінезін көрсетіп, іс - әрекеттердің иесі ретінде олардың мінез – құлық қасиеттерін терең талдап, саралап әртүрлі адамдардың қарым – қатынасын көрсетеді. Ең ғажабы Әл – Фарабидің қырық құбылып жүретін адамдардың мінезін, іс - әрекетін көрсетуі ол асқан шеберлік және ол ешбір психологтардың зерттеулерінде болмаған нәрсе. Бұл өркениетті елдердің психологтарын да таң қалдырады.
Психология адамның жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл, қайрат, көңілдің жайын баяндайды./16/
Ендеше Ұлы психолог қазақ перзенті Әл – Фараби жан қуаттарын алдымен организмді қозғалдыратын және оған бір нәрсені танып, білгізетін қуат деп екіге бөледі. Қозғалдыратын қуат бүкіл тірі организмдерге ортақ. Ал танып – білу қуаты жануарлар мн адамдарға тән, бұлар сыртқы дүниені түйсіне, сезіне алуға қабілетті. Өсімдіктерде мұндай қабілет жоқ. Сондықтан да олар бұл топқа кірмейді.
Адамда ең алдымен коректендіру қуаты пайда болады. Бұл адамдардың тәні, яғни өсіп - өнуге негіз болатын дене бітімі. Адамның танып – білу қуаты да екіге бөлінеді. Оның біріншісі - сыртқы жан қуаты немесе оның түйсіктену қуаты деп аталады. Мұндай қабілет сыртқы дүние заттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен туады. Сыртқы жан қуаттарының бес түрі бар. Олар – көру, есту, дәм, иіс,тері түйсіктері. Екіншісі – ішкі жан қуаты делінеді. Бұларға еске түсіру, талпыну қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат – оның ақыл – парасаты, яғни ойлау, сөйлей алу қабілеті. Фараби «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» дейтін еңбегінде жан құбылыстарының түрлі көріністеріне жекелеп сипаттама береді.
Түс көру - адамның ояу кезіндегі шындықты көрген, білген, естіген нәрселердің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде мұндай бейнелер адам ырқынан тыс жүріп жатады, бұл қиялдың енжар көріністері. Фарабидің түс көру туралы тұжырымдарының қазіргі ғылыми психологияның айтқандарымен тамаша үндесіп жатқанына қайран қалуға болады.
Фараби адамның тану процесі екі кезеңнен тұрады дейді. Оның біріншісі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес жатады. Түйсік – дүниетанудың алғашқы көзі, брінші баспалдағы. Адамның есі мен елесінің сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңінен түсінуге мүмкіндік береді. Ойлау адам танымының екінші басқыша, танымның жоғарғы сатысы. Ойлау адамзатқа тән құбылыс, ал тіл әр ұлттың, әрбір халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен тұжырымдар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.
Жан қуаттары туралы ілімінде Фараби адамның ерік – жігер, қажыр – қайратын да жеке процесс ретінде пікірлерінде жол- жөнекей сөз етеді. Ол ізгі қала, ондағы адамдардың қажыр – қайраты, ерік – жігері - рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі факторлары дейді. Қылық пен іс - әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу т.б. ерік – жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық, дүниеқоңыздық,нәпсіқұмарлық т.б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби таным мәселесінің түп қазығына келгенде дуалистік көзқараста болды. Мәселен, ол танымның бірінші басқышы - түйсіктерді материалистерше түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ой ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерінен туып отырады деп тұжырымдады. Әл - Фарабидің түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (нервтегі), мидағы түрлі бейнелер деуі ғылыми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай- қайсысы да адамды сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап.
Психика айрықша сапада тұрған қасиет. Жануарлар мен адамдардың тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосылысынан жануарлар психикасы көрінген. Осы элементтердің ең жоғары қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл – парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен айналысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылғандарсыз адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.
Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілгендігі жөнінде де қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетімен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп- өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Адам психикасы негізінен өмір барысында, оқу – тәрбие үстінде қалыптасады. Бұл жерде оның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның моральдық, психологилық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды не ақылсыз, зұлым не ақ ниетті болып келмейді. Бала ойлау, сөйлеу қабілетіне туыстан болатын икемділікпен ғана дүниеге келеді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғылыми психология түйіндеген тұжырымдармен ғажап үндеседі./8/
Фарабидің адамның әр түрлі дара өзгешіліктері туралы айтқан пікірлері де көңіл қоярлықтай. Жеке ерекшеліктер адамның дербес өмір сүру тәжірибесінен, оның дене бітімінен,өзіндік белсенділігінен туындайды, яғни адам бір – бірімен тәні жөнінен де сондай өзгеше болады, жан қуаты біреуге мол, біреуде кем болады, тәнді жетілдіре беруге болады.
Қоғамдық (әлеуметтік) психологияның сан қилы мәселелері Әл – Фараби еңбектерінде елеулі орын алған ғылыми проблемалардың бірі деп саналады.
Г. В. Плехановтың айтуынша, қоғамдық психологияның мән – мағынасын түсінбейінше, бізге әдебиеттің, өнердің, философияның және тағы да сондайлардың тарихында бір адым ілгері басуға болмайды. /77/
Әбу Насыр Әл – Фараби ұғымынша әлеуметтк топтардың ең үлкені адамзат қоғамы, халықтар мен тайпалар. Ғұлама ғалым планетамыздағы халықтар бір – бірінен үш ерекшелігімен ажыратылады дейді. Бұл айтқандарға әрбір халықтың табиғи әдет – ғұрпы мен салт – санасы, мінез – бітістері мен тіл ерекшеліктері жатады.
Адам табиғи жемісі екенін мойындай келе, Фараби оны сол кездегі көптеген ойшылдардай биологиялық тұрғыдан тек «сөйлейтін хайуан» ден қана қарастырмайды. Адам – қоғамның бір атрибуты. Ол өзінің табиғатында ынжық, нашар, қаскөй емес, қажыр – қайраты, күш – жігері бар мейірбан тұлға. Ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Әрбір адам белгілі әлеуметтік топтың,яки қоғамның мүшесі ретінде ғана өмір сүрді. Фарабидің айтуынша, «Өзінің табиғаты бойынша әрбір адам өмір сүру жән кемеліне келуі үшін көптеген мәселеге мұқтаж болады. Мұның бәрін ол жалғыз өзі жасап ала алмайды, сондықтан да ол басқалармен қатынасқа түсуі қажет. Бірлесіп бір – бірінің мұқтажын тауып отырған жағдайда адам да, қоғамда да үйлесімді дамып, кемелденіп отырады. Адамзат қоғамының тууына негізгі себепші болған нәрсе - оладың материалдық тұтыну қажеттері, бұлар оның өмір сүруіне мүмкіндік береді, бірлесіп әрекет еткенде ғана адам осындай қажеттерін өтей алады. Адамдар көбейе келе түрлі топтарға, қоғамдарға бірігеді. Осындай қоғамдардың бірін ол толық қоғам, екінші бір түрін толымсыз қоғам деп атайды. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта және кіші қоғам. Үлкен қоғам - жр бетін мекендеуші барлық адамдарға ортақ. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпа. Ал кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді.
Сөйтіп, Фараби әр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап, әлеуметтік психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне бірінші қойған ғалым болып табылады.
Психикалық әрекетті психолог ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Осы қисынның іргетасы Әл – Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған «сыртқы әсерлердің әсерімен.. заттардың образдары пайда болады». Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида түсінік, қабылдау, елестету, ой сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды./54/
Қайырымды қала тұрғындарының әр түрлі әлеуметтік топтарына осылайша баға беру арқылы Әл- Фараби қоғамдық психологияның іргелі проблемалары жайлы өз көзқарасын білдірген еді. Ол адамзат қоғамының алдымен отбасынан, сонан соң әр түрлі топтар мен қауымдастықтан тұратынын айтты. Фараби осы топтардың жақсы – жаман, бақытты – бақытсыз болуы ондағылардың өздеріне байланысты екенін, топтасу адамдардың жәй біріге салуынан емес, сайып келгенде, адамдардың өмір сүру қажеттілігінен туындайтындығын көрсетті. Феодализм заманының ұлы ағартушысы болғандықтан Фараби адамды тек оқу – білім арқылы жақсартуға, жетілдіре түсуге болады. Мұның өзі барша халыққа бірдей, ортақ нәрсе деп түсінеді. Ол өмір сүрген феодалдық қоғамның неше түрлі әділетсіздігіне көне келіп, болашақ ізгі қоғам надандарсыз, маскүнемдерсіз азғындарсыз, зорлықшыларсыз, қанаушыларсыз болатындығын, оны білімді, мәдениетті, әділ билеушілер басқаратынын, мұндай қоғам адамзаттың жарқын, бақытты болашағы болатындығы, сөйтіп, келешекте тең құқылы адамдардың қауымы орнайтындығын тебірене жырлап, армандады. Ол адамдардың бір – бірімен теңсіздігін, олардың білімінің жоқтығынан, осы жолда тіпті білім мен дінді үйлестіріп пайдаланса дұрыс болатынын айтты. Фарабидің әлеуметтік психологияға байланысты айтқан осынау пікірлері қазіргі ғылыми психологияның қағидаларымен үндесіп жатқандығы аталмыш мәселелердің Шығыс әлемінде күн тәртібіне алғаш қойылуы ғылыми жұртшылықты қайран қалдыратыны даусыз.
Фараби шығармашылығының психологилық тұрғыдан маңызды ғылыми проблемалардың бірі – оның музыка жайлы толғаныстары. Ол өз еңбектерінде, әсіресе «Музыканың үлкен кітабында» әуездің адам сезімдеріне қалайша әсер еткендігі, оның жағымды-жағымсыз көңіл – күйлерін қалайша туғызатындығы, адамның сұлулық талғамы, яғни әсемдік пен ұсқынсыздықты, көріксіздікті бағалай алуы, музыканың адам организмін бір қалыпты күйге келтіруі жайлы сөз қозғайды, эстетикалық талғам мен этикалық түсініктің тығыз байланыстылығын айтады. «Бұл ғылым (музыка,ән) ,- деп жазды ол,- өзінің байсалдылығынан айырылыған адамды түзеуге, қызба адамды бірқалыпты ұстауға құдіреті әбден жетеді.»
Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажеттерін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені поэтикалық тіл мен музыка тілі бір – біріне етене қабысқан кезде ғана музыканың әсерлігі арта түседі. Өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, нәзік сезімдерді образдар арқылы паш ету адамға тән қасиет. Тән ауырғанда көңілдің күрт төмен түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездерде сазды әуеннің әсерімен көңіл сергиді де, адам жаны да жай тауып, өзінің ауру халін ұмыта бастайтын болады. Музыка адамды қиындыққа шыдауға, ауыр еңбекке төзуге көмек береді, шаршап – шалдығуды ұмыту үшін, көңілді жұбату үшін ән салу қажет, ал ән және оған қатысты нәрселер сезіммен, қиялмен және санамен бірдей байланысты болады.», - деп түйіндейді ұлы ойшыл. Ән салудың түрлері сан алуан. «Музыка үлкен кітабында» Фараби оның үш түрі бар екенін айтады. Біріншісі адамда жай ғана рақат сезімін тудырады. Екінші түрі - құмарлық пен іңкәрлікті тудырады. үшіншісі – қилды оятып, санада небір ғажайып бейнелердің тоғысуына жағдай жасайды. Осы үш жәйтке ие болған музыка кемеліне келген музыка болады, мұндайда ол бізге әсер етеді. Музыканы қабылдауға қатысатын түйсіктер табиғи және табиғи емес болып екіге бөлінеді. Табиғи жағдайда түйсік жанға рақат таптырады. Табиғи емес (жасанды) жағдайда музыкалық түйсік көңіл құмарлығын онша қандыра алмайды.
Фараби түсінігіде, ғылым, өнер, музыка атаулының бәрі – бәрі зор дарын, арнаулы қабілет, өлшеусіз еңбек етудің жемісі. Дарындылық ақыл – парасат, қиял қиылыса келіп отырса ғана нағыз өнер туындайды, ол адамды ақиқатқа жетелейді. Ән мен музыка үшін туыстан болатын қасиеттермен қатар оқып – үйрену, жаттығудың маңызы зор. Музыка шығарушылық жан – жақты ізденіп жаттығау, оның түрлерін ( жанрларын) бір – бірімен салыстыра, мелодияларды талдап ажыратып, әрбір тонның (саздың, үннің), дыбыстың әсерін мұқият бағалай, зерттей білу қажет. Шәкірт өз бетінше жаңа мелодия шығару дәрежесіне жеткенше мұндай жаттығуды үздіксіз жүргізе беруі тиіс.
Ұлы ғұламаның музыка ғылымы туралы айтқандарының қысқа түрде психологиялық талдай жасай келіп, төмендегіше түйін жасауға болады: 1) музыка – адамның жан дүниесіне көркемдік жағынан әсер етуде таптырмайтын құрал; 2) музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық нормаларын, адамның армандары мен мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады.; 3) ән мен музык адамда көркем, эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы, кісінің өзін- өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді; 4) музыкалық дарын туыстан болатын қасиеттермен қатар, өлшеусіз еңбек пен үздіксіз жаттығу мен дайындықтың жемісі; 5) музыка теориясының негізгі приниптерін танып -білуде адамның есту түйсіктерін дамыту елеулі рөл атқарады./79/
Әл – Фараби медицина саласында да өз мәнін күні бүгінге дейін жоймаған көптеген еңбектер жазды. Оның : «Адамның дене мүшелері хақында», «Аристотель мен Галенге қарсы айтылған дау хақында», «Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер», «Түс көру туралы сөз» т.б. трактаттарында медициналық психологияның біраз мәселелері сөз болады. Фараби түйінділерінің бұл жердегі негізгі арқауы: адам нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүру үшін тән саулығына ерекше назар аудару қажет, яғни тәні саудың – жаны сау дей келіп, «тәнді емдеу, Гиппократтың сөзімен айтқанда өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс», ғұлама адамның психологиялық, әсіресе физиологиялық әрекетіне ерекше мән береді. Ол тән мен жанның әрекеті үшін аяқ пен қолдың бірлескен қызметін атай келе бүкіл организмді басқаруда жүрек негізгі рөл атқарады, тіпті жан қуаттарының жұмысына да жүрек басшылық етеді дейді. Ол аяқ пен қолдың организмдегі орнын дұрыс көрсеткенмен, физиологиялық, психологиялық процестердегі мидың рөлі туралы дәйекті пікір айта алмады. Оның пікірінше, жүрек тіршілік атаулының, денсаулықтың, өмір сүрудің негізгі арқауы.
Ғұламаның науқастың көңіл - күйін арттыру, сөйтіп оның зардаптарын азайту жайлы айтқандарының, яғни қазіргі ғылым тілімен айтқанда, оның психотерапевтік, психопрофилактикалық тұрғыдан жасаған түйіндерінің мәні ерекше. Ол адамды хирургиялық жолмен (сою, күйдіру т.б.) емдеуден гөрі сөзбен сендіру, иландыру әдістерімен емдеуге ерекше мән берді, кейбір дәрігерлердің адамның көңіл – күйін, психологиялық ерекшеліктерін жақсы білмейтіндігін, тіпті мұнымен жөнді санаспайтындығына қынжылады. Ғалымның пікірінше, дәрігердің медицина өнеріне жетілуі, біріншіден, адам ағзаларының ерекшеліктерін білуден, екіншіден, денсаулықтың өлшемін (критерийін) анықтап, оның дұрыс сақтап, егер бұзыла қалса, қалпына келтіруге қолданылатын шараларды білуден,үшіншіден, аурудың түрлерін, оның тудыратын себептерді, кеселді жоятын тәсілдерді дұрыс айырудан, төртіншіден, сау адам мен науқастың психологиясын салыстырып қараудан, бесіншіден, ауруға берілетін дәрі – дәрмектің қолдану жолымен, оның әсерін арттыру (психофармакология) тамақтану режимін белгілі жүйеге түсіруден, алтыншыдан, науқаспен, оның жақындарымен байыппен тілдесе, сөйлесе білу өнеріне машықтана білуден көрінуі тиіс.
Ғұлама – ғалым жаратылыстану ғалымдарының ішіндегі ең сүбелілерінің бірі - медицина адамның өмір сүру, тршілік қасиеттеріне жақындата түсуді ойластырған. Сондықтан да оны Шығыс әлемінде медициналық психологияның іргетасын алғаш қалаған әмбебап ғалым деп айтуымызға әбден болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет