3-сұрақ. Қазақ хандығы дәуіріндегі би-шешендердің дүниетанымында елдік, бірлік, ынтымақ мәселелерінің алатын орны мен маңызы.
Асан қайғы төңірегіндегі аңыздар ішіндегі ең тан-даулысы – Асан қайғының Жерұйықты іздеуі жайлы аңыз. Асан қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттан-байды, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты – «Жерұйық». Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге тиісті баға беріп отырады. Ақыры Жерұйықты таба алмай, өксіп дүние кешеді...
Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Шоқан Уәлихановтың жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көл жағасында дүние салған.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінге «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмая-ның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. «Ел айырылған» күйін оралдық Ғұбайдолла Мұхитовтың тар-туында алғаш рет А.Затаевич нотаға түсірген екен. Сондай ақ толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді.
Қазақтың ақын-жыраулары, шешендері мен күйшілері қалдырған мұраларға көз жүгіртетін болсақ, олардың ең алдымен келер ұрпақ болашағы үшін, тәлім-тәрбие ісіне көбірек көңіл бөлгенін байқалады. Ал тәрбиенің өзегінде қашан да имандылық, адамгершілік құндылықтар жататын болған. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды.
Еліміздің болашағы – жасұрпақты тәрбиелеуде бірінші – отбасы, ата – анатәрбиесі болса, екінші– білім беру мекемесі. Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін келешек жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың ұлттық сезімін ояту, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын келешек буынға мирас етіп қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |