«тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет3/6
Дата25.11.2023
өлшемі43,85 Kb.
#127219
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 syn

Педагогикалық көзқарастар

Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:



  • әрбір білім алушының пікіріне құлақ асу;

  • әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

  • мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;

  • білім алушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;

  • саралап оқыту тәсілдері;

  • білім алушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;

  • зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;

  • білім алушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;

  • мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;

  • білім алушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;

  • білім алушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;

  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • мұғалім-білім алушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;

  • оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;

  • оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;

  • білім алушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

  • жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;

  • білім алушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдау қолдану;

  • сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;

  • оқу үдерісіне білім алушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.


«Робототехника»
гимназия компонентінің тақырыптық жоспары
6 - сынып (аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет