Айша бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген
Құрылысы
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады.
Аңыз
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
Қалпына келтіру
“Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
VII ғ.ғ. Тараз Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығына айналды. 751 ж. оны арабтар жаулап алды, 766 ж. қарлұқтардың қол астына өтті, ал IX ғ. соңынан бастап саманидтерге бағынады. IX-X ғ.ғ. Тараз қайта гүлдейді, бұған оның маңындағы күміс кендері мен сауда-саттық үлкен әсерін тигізгені анық.
Х-ХІ г.ғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қараханидтер жаулап алған тұста Тараз жаңа мемлекеттің бір бөлігінің астанасына айналды. XIII ғ. басынан бастап моңғолдар шапқыншылығына дейін Тараз біресе қарақытайлардың, біресе наймандардың қолына өтіп, ақыры Хорезм шахы Мұхаммед ибн Текештің уысына түседі. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммед Таразды монғолдарға бергісі келмей қаланы қиратуға бұйрық береді, бірақ, қала сол ғасырдың ортасында-ақ қайта қалпына келтірілді. Бұл жайлы Вильгельм Рубруктың жазбасынан толығырақ білуге болады. Шыңғыс ұрпақтарының билік үшін қырқысы Тараз қаласының өмірін XV ғ. басында тоқтатады, алайда оның орнында қалған қоныс XVIII ғасыр аяғына дейін өмір сүрді.
Сайып келгенде ертедегі Тараз құрылыстарының ішінен мұнда Х-ХІ ғ.ғ. салынған Қарахан кесенесі ғана бар және сол кезенде салынған ортағасырлық моншаның қалдығы археологиялық қазба кезінде табылған болса, XIII ғ. ескерткіштері қатарында Шамансұр кесенесі ғана сақталған.
Тараз қаласы жайлы ортағасырлық жазба деректерде жеткілікті айтылған, қаланы ғылыми тұрғыдан зерттеу П.П.Лерхтан бастау алды, оны В.В Бартольд, М.Е.Массон, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова жалғастырады. Онан бергі жылдары Ә.Марғұлан атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының мамандары бірнеше рет ірі-ірі зергтеулер жүргізді.
Қарахан мазары XI ғ. салынған сәулетті күмбез, бірақ ескіріп, тозуына байланысты 1902 жылы жергілікті бұхараның күшімен қайта салынған. Аңыздар мен деректерге сенсек, мазар Қараханидтер династиясының бір өкілінің басына тұрғызылған, халық кейіннен оны «Әулие-Ата» деп кеткен. Жаңадан салынған кезде оның ертедегі архитектуралық декоративтік көркемдігінің қалдықтары жойылған, сондай-ақ оның алғашқы жобасы да бұзылған. Қазір бұл порталды-күмбезді, жобасы төртбұрыш болып келген құрылыс. Қарахан мазарын алғаш рет 1898 ж. В.А.Каллаур зерттейді, 1949 жылы алғаш рет өлшемдері алынды, 1950 жылдары архитекторлар Т.Бәсенов пен М.Меңдіқұлов зерттеуді одан әрі жалғастырады.
Тағы бір көне заманғы ескерткіш Тараз моншасы болып табылады. Оның калдығын 1938 ж. археолог-ғалым А.Бернштам тапқан. Жалпы көлемі 7x4 метр болып келетін бұл құрылыс Отырар, Баласағұн, Түркістан моншаларынан бөлекше жобада салынған.Құрылыс өзара функциялық тұрғыдан жалғасқан бес бөлмеден тұрады. Қабырғаларының қалындығы мен олардың конструкциясына қарап ғалымдар оның төбе жабыны көп күмбезді екендігін анықтады. Қазба кезінде қызыл және сары плиткалармен көмкерілген едені, қабырғаларындағы қуыс—нишалары аршылды. Су арнайы салынған бөлмедегі құдықтан құбырлар арқылы жеткізілген. Кірпіштен аланған ванналар да бұл моншаның ерекшелігі болып табылады. Моншаның едені астымен ыстық ауа мен түтін жүретін жолдар жүргізілген. Қабырғаларында әшекейлі ою-өрнек іздері сақталған. Егер мүмкіндік болса Тараз моншасын толығымен қайта қалнына келтіруге немесе тап өзіндей көшірмесін салуға болар еді. Бұл монша да Тараз қаласының ХІ-ХІІ ғ.к. гүлдену кезеңінде салынған ғажайып ескерткіштердің бірі.
Сол дәуірдегі ескерткіштерден бізге дейін жеткен тағы бір жәдігер - Дәуітбек кесенесі. Оның толық аты-жөні-Ұлық Білге Икбалхан Дәуітбек-Шамансұр.Бұл да порталды-күмбезді құрылыс. Күйген қыштан қаланған, есіктері ою-өрнектермен әшекейленген. Ішкі бөлменің орта шеніне тастан пирамида түрінде жасалған есігі бар. Сондай –ақ тастан пирамида түрінде жасалған сағана қойылған.
Оған жерленген адамның аты-жөні араб тілінде жазылған, жазуды В.В.Бартольд, А.М.Беленицкий танып оқып шықты, қабіртастағы жазуда, онда: 1262 ж. 31 наурызда қайтыс болған түркілік қолбасшы, «қалам мен қылыштың иесі, жаны таза момындардың жанашыр қорғаушысы» жерленген деген жазулар бар. Ал 1949 жылы құрылыстың өлшемдері алынып, жоспары сызылды. Бұл зерттеулер нәтижесінде кесененің XIII ғ. салынғаны анықталды.
Кесене алғашында күмбезі жартылай иілген аркаға бекітілген төрттаған түрінде болған. Аркалар плиталардан қаланған тұғырға орналасты. ХІХ ғ. соңында аркалы кіре берісі мен қабырғалары кірпішпен қайта өрілгендіктен кесене қазіргі қалпына енді. Оңтүстік бұрыштарының жоғарғы жағы минарет тәріздес етіп жасалған.
Айша-бибі кесенесі Б.П.Деникенің бағалауынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы сол замандардағы ескерткіштердін ең үздігі болып табылады. Кесене құрылысын В.А.Каллаур, А.Н.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Кесенені Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 метр биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде деген сөздер жазылған. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстур айқын анғарылады. Сол тұстағы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне қарайтын тарихи, мәдени ескерткіштерді жобалау-қалпына келтіру институтының сәулетшісі А.Итенов басқарған мамандар тобының жасаған жобасының екі нұсқасын 90 жылдардың басында Одақтық дәрежедегі ғылыми кеңес қарап берген болатын, енді сол жобаларды Қазақстанның өз мамандарынан құрылған Мәдениет комитетінің жанындағы ғылыми кеңесте қарап, бір шешімге келіп, сол комиссияның бекітіп берген нұсқасына сүйене отырып, Айша-бибі кесенесін қайта қалпына келтірілді. Қаншама жылдар бойы археологтар, сәулетшілер, жаңғыртушы-реставраторлар кесенені қайта жаңғырту туралы пікірталас жүргізді. ХХІ ғасырдың басында ол уақытта келіп жетті. Бұл жұмысты республикалық «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің Түркістан филиалындағы мамандары үш жыл ішінде, 2002-2005 жылдар аралығында аяқтап шықты. 2005 жылдың көктем айында кесене өзінің алғашқы қайталанбас көз қуантарлық ғажап келбетіне енді.
Кесене жобасы шаршы формалы бұрыштарында коллоналары бар құрылыс. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әр қилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл орталық Азия мен Қазақстандағы өнбойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш.
Сондықтан да Айша бибі кесенесі қазақ халқының ежелгі ою-өрнегін сақтаған мұражай іспетті. Қабырғаларының ортасында жебе бейнелі иіндермен көмкерілген терең қуыстар бар. Колонналардың жоғарғы жағы ваза түрінде жасалған. Бұрыш колонналары, жоғары қарай сүйірлене жасалған белдеушелері өсімдік гүлді оюлармен өрнектелген терракот қыш тақталардың 18-ші қаланымында (3,4м. биікте) арабтың куфа әріптерімен оюланған «Күз...бұлттар...жер ғажайып...» деген тылсым сөздер жазылған. Кесененің ішкі жағында жер бесік тұр.
Кесене құрылысына антисейсмикалық мақсатта арша ағашы пайдаланылған.
Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға іңкәрлік сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған, Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Аңыз бойынша - Қарахан өзінің сүйіктісіне арнап керемет кесене салдырған. Ал, жастар болса Айша бибі кесенесіне мәңгілік махабаттың, таза сезімнің, пәктіктің символына айналған киелі орын ретінде, мінәжат етіп келіп-кетіп жатады.
Аталған тарихи-мұраның қайта жаңғыруы, елімізге үлкен абырой болды, әрі бұл кесене Ұлы Жібек жолы бойында жатқандықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 27 ақпанында бекітіп берген «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламада да жақын уакытта орындалуы кезек күттірмейтін мәселе екені айтылған. 1990 жылдар ортасында сәулетші Ә.Итеновтің жан-жақты зерттеп жасаған, ескерткішті қайта қалпына келтіру жобаларында көрсетілген және кесененің өзінде сақталған қыштарға қарап, оның оюлы терракоталық қаптама қыштарына зерттеу жүргізілді. Және бір айта кететін мәселе, Айша-бибі мен Бабаджа Хатун кесенелері Алматы - Шымкент үлкен көлік жолы бойынан көрінуіне кедергі жасап тұрған бір екі үйді көшіріп айналасын көріктендіру, келіп-кетушілерге қызмет ететін орындар қарастыру қажет. Сондай-ақ кесенелер төбе басында тұрғандықтан оған үлкен жол тұсынан шығатын баспалдақтар жасайтын болсақ, Ұлы Жібек жолы бойының тағы бір әсем де тарихи, мәдени ошағы болып, Жамбыл облысының туристік инфрақұрылымы орталықтарының біріне айналар еді.
Бабаджа Хатун кесенесі текше пішінді, тік бұрышты күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Айша-бибі кесенесінің маңына орналасқан бұл кесене - орта ғасыр сәулет өнерінің кезеңдік дамуын сипаттайтын құрылыс, Күмбез өру ісінде мұндай конструкциялық тәсіл Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездеседі.
Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбан ана сияқты көне ескерткіштерде ғана бар. Бабаджа Хатун ескерткіші сырт пішінінін жинақы әрі қарапайым, оймыш өрнектерінің үйлесімді, кірпіш қалауының сапалы болуымен ерекшеленеді.
Аталған ескерткіштерден басқа Жамбыл облысында тарихи ескерткіштер жетерлік. Солардың бірі, қала ішінде орналасқан XIX ғасырда салынған Нәметбай мешіті, XX ғ. басында салынған Әбдіқадыр мешіті. Төрткөл қаласы және қала маңына орналасқан Бектөбе-Жувихат, Жуантөбе-Атлах, Жалпақтөбе-Жікіл болып табылады. Жазба деректер, сондай-ақ, Таразға жақын орналасқан Тойлыкент—Адахкент, Оққұм-Дех Нуджикес, Шелжі, Сус, Күл, Жаңа Талас, Хутухчин, Берукет, Кенжек, Жаңа Балық т.б. көптеген қалалардың болғаңдығынан хабар береді..
Көне Тараз өңірінің тарихы тым тереңге кетеді, алайда қала тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Әр кезеңдерді қамтыған зерттеу жұмыстары 2011 жылы жалғасын тауып, Ежелгі Тараз қалашығы қайта қазылып-зерттеліп жатыр. Мұндай кәзіргі таңда Хандықтың 550 жылдығына орай, ашық аспан астындағы археологиялық саябақ ашылды. Қазақстан жеріндегі тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін есепке алуды жалғастыру, оларды сақтап қалумен қатар, қайта қалпына келтіру, айналасын көріктендіру жұмыстары тұрақты түрде жалғастырылып келеді. Біздің тарих алдындағы, келер ұрпақ алдындағы борышымыз осылай өтеліп келе жатқандығын уақыт көрсетіп отыр.
Тектұрмас сәулет кешені.
Кешен X-XIV ғасырларда Тараз қаласының оңтүстік-шығысында, Талас өзінің бойында салынған ежелгі қасиетті орындардың бірі. Мазар қасиетті сұлтан Махмұт хан бейітіне арнап салынған және осы жерде хан жерленген деп саналады. Сол кездегі мазардың сыртқы көрінісіне келер болсақ, астынғы бөлігі төртбұрышты, үстіңгі бөлігі күмбезді, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған, есігі батыс Тараз шаһарына қаратылып салынған. Бұл сипаттамалар бізге 19-ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосуреттен белгілі болып отыр. Тектұрмас күмбезін алғаш рет 19 ғасырдың 2-ші жартысында зерттеген, кесененің орнын ашқан шығыстанушы ғалым Василий Каллаур. Кейінде күмбезге зерттеу жұмыстары жүргізілген. Мәселен, 1939-1940 жылдары Г.И. Пацевич, 1949 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы мүшелері (жетекшісі Л.И. Ремпель), 1980 жылы осы экспедициясы (жетекшісі – Қ. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі – К.Байпақов) зерттеген. Зерттеу барысында белгілі болғандай күмбездің тікбұрышты келген ауданы – 300*200 м2. Қалашықтың солтүстік шетінде орналасқан цитадельдің ауданы – 70*70 м2, биіктігі 11 метрді құраған. Айнала қорғаныс дуалмен қоршалып, сыртынан ор қазылған. Қаланың іші мен сыртында құрылыс қалдықтары табылған. Қазба барысында табылған қыш ыдыстардың сынықтары мен қалашықтың жобасының сипаты оның 7-13 ғасырлар аралығында өмір сүргенін білдіреді.
Күмбездің құрылысы VIII-XI ғасырда, Ислам діні енгенге дейін қалана бастаған. 1864 жылы көктемде орыс отрядының зеңбіректері осы кесене маңына қойылып, қоқандықтардың қамалына бағытталған қарсыластарының оқтары осындағы оларға жетіп, кесенеге көп залал келтірілген.
Кесене XX ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезінде, большевиктердің дінге қарсы күрес науқаны кезінде толық қиратылған. Кірпіштері осы маңда 30-шы жылдардың басында салына бастаған қант зауытының құрылыс нысандарына пайдаланылған. Алайда, мәдени мұрамызды қайта жаңғырту аясында, кесене 2002 жылы ортағасырлық стильге тән жаңа үлгіде салынып, қайта қалпына келтірілді.
Жалпы тарих беттеріне көз жүгіртіп «Тектұрмас» деген атаудың қайдан шыққанын бағамдап көрсек. Бұл сұраққа филология ғылымының докторы, профессор Жаңғара Дәдебаев былай деп түсіндірме береді. Тектұрмас атаның әу бастағы қасиет тұтып қойған аты Сұлтан Махмұд екен. Әулие ата оны бек болып қызмет атқаруға сарайына шақырады. Бірақ, ол бек болудан бас тартып, жеке, дара әулиелік жолға түседі. Бектіктен бас тартқандықтан, ел оны Тектұрмас ата деп атап кетеді. Жұрт Тектұрмас атаның мазарын қасиет тұтып, оның басына шырақ жағып, құрбандық берген. Бала көтермеген әйелдер бала сұрап жалбарынатын болған («Егемен Қазақстан», 2002, 27 шілде). Бұл – Тектұрмас жайындағы айтылған аңыздардың бірі.
Тағы бір аңызда Тектұрмас жайлы, ол Қарахан тұсында әскербасы, жасауылбасы болып қызмет атқарған. Ол өз қызметін атқаруға шыққанда, қара жолдың үстіндегі жолаушы, керуен біткен түгел тексеруден өтеді екен. Көңіліне жақпаған жүргіншілерді өз бетінше жазалап, оларға өз бетінше шара қолданыпты. Жолаушы жұртты да, тұрғылықты елді де үнемі тексеріп, халыққа да тыныштық бермей, өзі де тыным алмай жүретіндіктен, көпшілік оны Тектұрмас деп атап кеткен – деп айтылады («Егемен Қазақстан», 2002, 27 шілде).
Бүгінде қайта бой көтерген кесененің биіктігі – 14,54 метр, ал көлемі – 7,5х7,5 метр. Бастапқыда, негізі бұл жерде шырақшылар үйі бой көтерген. Шырақшылар үйі мен әулие кесенің арасы – 300 метр. Осы екі аралыққа плиталар төселіп, арнайы жол салынып, оның жан-жағы таудың қатпарлы тастарымен қоршалған. Бұл қатпарлы тастар табиғи күйінде орналастырған. Тастарды өру кезінде ешқандай нәрселер қолданылмаған. Талас өзінің бойына қолдан ағаштар отырғызып, арнайы мал сойып, құран оқитын жерлерде дайындалған. Мал соятын жердің айналасына киіз үйлердің порымымен Әулиенің басына түнейтіндер үшін түнемеліктерге түсетін жол да жасалынып, баспалдақтардың айналасы тағы да таудың тастарымен өрілген.
Тектұрмас архитектуралық кешені Тектұрмас архитектуралық кешені, 10-14 ғғ. (архит. құжат.) Талас өзенінің оң жағасы, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінің аймағы, Тектұрмас тас бөліктерінің биігіндегі («Тынышсыз орын»), өзенге шұғыл үзіп жіберген. Бұл көне мəдени жерлердің бірі. Кешеннің алғашқы жасалған құрылыстары сақталмаған.1935 жылы олар толық шашылған, содан кейін учаскесі даулмен қоршалып, ескерткіш тасымен белгіленді (1986).
Қали Юнус моншасы
Монша ғимараты Əулие-ата қаласының тұрғыны Қали-Юнуспен ХІХ ғасырдың соныңда тұрғызылды. Қали Юнус моншасы – қаланың орталық бөлігінде орналасқан архитектуралық ескерткіш. Құрылыс кезінде архитектуралық композициясының тəсілдері жəне ортағасырдағы шығыс моншалардың жылу жүйесі қолданды. Сол уақытта жылудың күрделі жүйесінің, жарықтандырудың, ауаны жаңартудың құрылысына таңқалуға мүмкіндік береді. Осы жағдай көптеген туристер мен келушілердің қызығушылығын тұдырады.
Қарахан кесеңесі
Тараз қаласының орталығында орналасқан (Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысы), ортағасырлық рабад аумағындағы діни-мемориалдық кешенге кіреді. Кесене Қараханидтер əулетінің көрнекті тұлғасының бірі - Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Кесененің алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. 1906 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сəндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сəулеттік құндылығын тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы. Бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сəндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. Кіре беріс иіні сүйірлене қаланып колоннаға тірелген. 1836-1936 жылдар аралығында қаламыз Қараханның құрметіне Əулиеата деп аталды.
Шамансұр кесеңесі
Шамансұр (Дəуітбек) кесеңесі —-монғол ізбасарларының бірі Улуг-БильгеИкбалхан-Дəуітбектің мүрдесінің үстінде XIII ғасырда тұрғызылған. 1982 жылы Джамбулреставрация» шеберханасымен қайта құрастырылған. Сол жылы Шамансұр (Дəуітбек) кесеңесі республикалық сипаттағы тарихи жəне мəдени ескерткіштердің тізіміне кіріп, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» нысанның шеңберінде мемлекет күзетінің астына алынды.
Тараз қаласының орталық мешіті
Көне Тараз қаласының көркіне айналғалы тұрған қазіргі жаңа зəулім орталық мешіт Бішкек пен Ташкент қалаларын жалғастырып жатқан облыс астанасын жарып өтетін ежелгі Жібек жолының басына орналасқан. Мешіттің жалпы ауданы 2324,2 шаршы метр, пайдалы көлемі əйелдер намаз оқитын бөлмені қосқанда 947,2 шаршы метр. Мешіт 1024 адамға арналған. Айт жəне жұма намаздарында мешіттің төменгі қабатын пайдалануға болады, онда 2000 адамға дейін намазға жығылуға мүмкіндік туады. Мешіт қабырғасының биіктігі 16,7 метр, төменгі қабатының биіктігі 4,2 метр. Екі бас мұнараның биіктігі 47 метрден. Мешітте жеті күмбез бар. Негізгі үлкен орталық күмбездің биіктігі 32,5 метр. Мешіттің төменгі қабаты екі қалашық десе де болғандай. Онда жылу жүйесі мен арнайы автоматты қондырғы бар. Қысқы киім шешетін орын да орналасқан.
Бабаджа-Хатун кесенесі
Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сəулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген əйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол əйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сəулет ескерткіші ретінде жəне қажылық дəстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
Төрткөл керуен сарайы
Каратау жолындағы Тараз қаласының батыс жағында орналасқан ежелгі Төрткөл керуен сарайын Ұлы Жібек жолының туристтік нысандарының тізіміне қосу жоспарланды. 80 шаршы метр ауданын алып отырған ортағасырлық қалашықтың қалдықтарына қонақ үйлер, моншалар жəне барлық инфрақұрылым кіреді. Ең ерекше олжа ретінде осы жерде табылған монеталар саналады, олар осы құрылыстың біздің дəуіріміздің VI-VII ғасырына жататынын дəлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |