«Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні бойынша глоссарий
Өзара байланыс анализі-бақылаудың бір түрі, оның көмегімен адамдық тәрбиенің, коммуникациясының, ақпарат алмасуының сыртқы көрінісін, коллективке және жеке тұлғаға қарым-қатынасын, келісуі мен келіспеуінің көрінісін зерттейді.
Анкеталау-анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі.
Анкета-толтырған адам туралы мәлімет беретін сұрақ қағазы.
Зерттеу нәтижелерін енгізу және апробациялау-кез келген ғылыми зерттеудің соңғы кезеңі; зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі.
Әңгіме-қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеу әдісі.
Таңдамалы орташа арифметикалық-бар таңдаудың жұп мәндері бойынша анықталатын кейбір өлшемдердің орташа мәні.
Психодиагностика процесіндегі әдістерді таңдау
Мақсаттардан, міндеттерден, болжамдардан зерттеу проблеманың жағдайын зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы әдістердің комплексіне келеді.
Жетекші идея-зерттеудің нақты позициясы немесе концептуалды негізі.
Болжам-бірнеше факторлар негізінде объекті, құбылыстың байланысы немесе себептері туралы қорытынды жасалатын ұсыныс, бұл қорытындыны дәлелді деп айтуға болмайды.
Құжаттық сұхбат- фактілер мен құбылыстарды нақтылайтын сұхбат.
Дисперсионды анализ-қарастыратын объекті кездейсоқ шамалардың дисперсиясы болып келетін математикалық-статистиаклық анализ әдістерінің жинағы.
Дискретті бақылау-бақылау объектісі уақыт ішінде ұзақ дамитын кезде қолданылатын бөлінетін бақылау.
Дидактикалық бақылау-бақылау объектісі ретінде оқу процесі толығымен қолданылады.
Дисперсия-осы таңдамалыда жеке мәндердің орташа шамадан қаншалықты бөлінетінін сипаттайтын статистикалық шама.